Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет10/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76

1-дән; 2-алғашқы (түп) тамырлар; 3-колеоптиль; 4-бірінші жапырақ.








Түптену. 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін жер асты бұтақтануы жүреді, түктену түйінінде екінші (түйін) тамырлары түзіледі және топырақ бетівде қосымша өркеңдер (сабақтар) пайда болады (9-сурет). Тәжірибеде мүны түптену кезеңі деп атайды. Астық дақыдцарыңца мүндай сапа өзгерісі органогенездің екінші-үшінші кезеңдеріне сәйкес келеді де өсу конусының түйіңдерге, түйінаралықтарына, сабақтық жапырақтарға, сонымен бірге гүл шоғырының білігіне дифференциацияланады, масақшалардьщ негізі қаланады.

38-кесте Астық дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері

Дақыл

Жапырақ белгілері



түсі

ені

түктілігі

орналасуы

Бидай

Жасыл

Жіңішке,

кейде нді



Жалаңаш немесе

жиі түкті

Тік

орналасқан



Қара бидай

Күлгін-қоңыр

Жіңішке

Жалаңаш немесе

өлсіз түкті



Сондай

Арпа

Көкшіл сүр жасылдау

Орташа енді

Сондай

Сондай

Сұлы

Ақшыл-жасыл

Жіңішке

Сондай

Сондай

Жүгері

жасыл

Енді,май құйғыш тәрізді

Сондай

Сәл

Төменқарылған

Тары

Жасыл

Сондай

Жиі түктелген, түктері ұзын

Сондай

Шәй жүгері

Жасыл

Орташа енді

Жалаңаш немесе өлсіз түкті

Сондай

Күріш

Жасыл

Жіңішке

Жалаңаш, түкті

Кейде тік орналасқан






9-сурет. Бидайдың түптенуі:







1 дән; 2-алғашқы (түп) тамырлар; 3-сабақ өркені; 4-ұрық буынынан шыққан бүйір өркендері; 5-түптену буыны (түйіні); 6-түптену тамырлары; 7-негізгі сабақ; 8-бүйір өркендері (сабақтары); 9-топырақ беті.



Топырақ бетіне бірінші бүйір өркеннің (сабақтың) шығуын түптену кезеңінің басталуы деп есептейді. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады немесе бұта қалыптастырады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ санын атайды, ал өнімді түптену-егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл шоғыры бар, бірақ дөн пісіп үлгермеген сабақтарды сабан өркен, ал гүл шоғыры жоқ сабақтарды мамық шөп деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайывда дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жүмсақ бидайда 1,2-1,3, қатты бидайда 0,9-1,1, арпада 1,3-1,5, сүлыда 1,2-1,3, тарыда 1,3-1,6. Жалпы түптену өнімді түптенуге қарағанда 0,2-0,3 жоғары болады.



Түтікке шығу. Бүл кезеңнің басында ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ үзара түседі де жапырақ қынабының ішімен жоғары қарай көтерілген сабақ түйіндері қолмен жеңіл сезіледі. Әуелі төменгі түйін аралығы өсіп ұзара бастайды. Мүның қарқынды өсуі 5-7 теулікке созылады, соңынан өсуі саябырлайды да 10-15 тәулікте аяқталады, оның соңынан төменнен екінші, үшінші жөне одан кейінгілер өсіп-дами бастайды.

Дәнді дақылдардың түтікке шығу кезеңінде түйіндерді, түйінаралықтарын, тілшелер мен қүлақшаларды жеңіл ажыратуға болады. Тілшелер мен құлақшалар морфологиялық белгілер болып табылады, олар бойынша бірінші топтың дақылдарын гүл шоғыры пайда болғанға дейін ажыратуға болады (39-кесте, 10-сурет). Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғары жапырақ қынабынан шығуымен сипатталады. Түтікке шығудан масақтануға дейінгі кезең дәнді дақыддардың дамуындағы өте маңызды шақ. Бүл уақытта жапырақтар мен сабақ пөрменді өседі, масақ қалыптасады, өсімдіктің қоректік заттар мен ылғалға қажетсінуі өте жоғары.

39-кесте Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша туыстық айырмашылықтары

Айырмашылық

белгілері



Бидай

Қара бидай

Арпа

Сұлы

Тілше

Қысқа

Қысқа

Қысқа

Күштірек да-мыған, шеттері ара тісті

Құлақша

Кішірек, жиі түрде кірпікті

Қысқа, кірпіксіз, ерте кеуіп қалады

Өте ірі, кірпіксіз, бір-біріне кіріге орналасқан

Жоқ







10-с у р е т. Астық дақылы жапырағының

бөлігі: 1 -жапырақ қынабы; 2-құлақшалар; 3-тілше; 4-жапырақ тақтасы.Астық дақыддары гүл шоғыры бойынша жеңіл ажыратылады және негізгі белгілері 40-кестеде келтірілген.



Гүлдену кезеңі көптеген дәні дақылдарда масақтанудан (шашақтанудан) кейін басталады. Арпада гүлдену кезеңі толық масақтануға дейін жүзеге асады, ал қара бидай одан 10-12 төуліктен соң гүлдейді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақыддар өздігінен тозанданатын (бидай, арпа, сүлы, тары, күріш) немесе өздігінен жөне айқас тозанданатын (қара бвдай, жүгері, шай жүгері) өсімдіктерге бөлінеді.

Масақты дақылдарда (бқдай, қара бидай, арпа) гүлдену масақтың орта бөлігіңде орналасқан масақшалардан басталады, ал бірінші пайда болған дөндер ірі келеді және олардың тұқымдық сапасы жоғары болады. Шашақты астықтарда (тары, күріш, сүлы) гүлдену шашақтың (сіпсебастың) ұшар басынан басталады, сондықтан сапалы астық гүл шоғырының жоғарғы бөлігінде қалыптасады (11-12-суреттер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет