Өсімдіктегі судың алмасуын төрт категорияғабөледі: 1) өсімдікке судың келуі; 2) өсімдікте судыңқозғалуы; 3) өсімдіктен судың бу және сұйықкүйінде бөлінуі; 4) өсімдіктің суды сіңіруі.
Өсімдіктегі су өте қозғалғыш келеді. Ол тамырдансабаққа көтеріліп, одан буға айналып ұшып кетіпотырады. Өсімдік топырақтан 1000 г су сіңіретінболса, оньң 990 г буға айналады да, тек қана 10 г су өсімдік организміне сіңіріледі. Сіңірілген 10 г судың 1—2 г химиялық жолмен, ал қалған 8—9 г осмостық жолмен өсімдік организміменбайланысады.
Өсімдіктің әртүрлі мүшесіндегі су мөлшері түрлішеболады. Вакуольде су мөлшері — 80—90%. Жасөсімдіктің организмінде, әсіресе цитоплазмада су көп болады.
Транспирация – өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс. Яғни судыңөсімдік бойымен жылжып, жапырақтары, сабағыжәне гүлдері арқылы булануын транспирация депатаймыз. Су өсімдіктің барлық тіршілік әрекетіүшін маңызды, бірақ тамыр арқылы сіңірілгенсудың біраз бөлігі ғана метаболизм және өсіп-даму үшін қолданылады. Қалған 99-99,5%-ы транспирация барысында буланып шығарылады.
Су негізінен жапырақтың бетін қаптап тұратынкутикуладағы лептесіктерінде буланады. Транспирация өсімдіктегі су тасымалыныңжоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақклеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейдесақталады. Транспирация қарқыны сыртқыортаның температурасы мен ауаның қозғалысынажәне оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақжәне желді болса Транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда Транспирация қарқыны азаяды. Бірақ тамыр қысымы мен судыңбөлінуі нәтижесінде жапырақ ұшында тамшыларпайда болады. Оны гуттация деп атайды. Бұлқұбылысты таңертең және кешке ауаныңылғалдылығы жоғары болғанда байқауға болады.
Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылытопырақтан сорып алған су мен онда ерігенминералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойыменжоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесеағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрекжасушалары түтікше тәрізді, оны трахеида деп те атайды. Трахеида деп қабықшасы сүректенген(қатайған), екі ұшы сүйір, өте жіңішке ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жететін өлі жасушалардыайтады.
Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрліжасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашықтұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісітрахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұлжасушалар сабақтың сүрек бөліміндеболатындықтан су мен онда еріген минералдытұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен жоғаықарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.