«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


Жапырақтың негізгі атқаратын қызметіне



бет32/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Жапырақтың негізгі атқаратын қызметіне - фотосинтез, судың булануын (транспирация), газдың алмасуын реттеу жатады.Жапырақ тақтасыүстіңгі және астыңғы бет жағынан жауып тұратынжабындық ұлпа - эпидермадан, ассимиляциялаушықоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі - мезофиллден, мезофилл бөлігінде орналасқанөткізгіш шоқтарынан (жүйкелерден) тұрады.
Биологиядағы барлык органоидтар сияқты, хлоропластың құрамы оның қыэметiне сай күрделiболады. Хлорофилдер көк және қызыл түстісәулелерді жұтып, жасылды шағылыстырады. Олсәуле хлоропласт жасушасын жасыл етіпкөрсетеді. 
Хлоропластарда хлорофилдерден басқа сары, коңыр, кызғылт сары түстi каротиноидтар болады. Ол пигменттер ұзындығы баска толкындағысәулелердi шағылыстырып, өз энергиясынхлорофильдерге берiп, фотосинтездiң жүрiсiнтездетедi. Каротиноидтар жасыл хлорофилдерменбүркенiп, көрiнбейдi, бiрақ күзде, хлорофилдербұзылганнан кейiн, оның жарқыраған түсi көрiнедi. Сондықтан да күзде жапырақтардың түсi сарыжене кызғылт көрiнiс бередi.
Хлоропластағы хлорофилл пигментi граналардаорналасқан. Граналар бiрiнiн үстiне бiрiн жинапқойған күмiс акша сияқты тақташалардан тұрады. Тақташалар өзара шұрықтармен байланысады да, ал фотосинтез әрекетi бүкiл хлоропласт жасушасында емес осы граналарда жүредi. Кейбiрфотосинтезге қатысатын молекулалар мен пигменттер хлоропластағы фотосинтетикалықкабықшаны құрастыруға қатысады. Фотосинтетикалық қабықшалардың строма немесехлоропластың негiзгi заты қоршайды. Строманыңөзi хлоропласт жене жасушаның цитоплазмасынбөлетiн қабықшадан тұрады. Фотосинтез әрекетiкезінде, АДФ-тiң (аденозиндифосфат) ағзалардаатқаратын рөлi зор. АДФ — ағзалар депотырғанымыз АТФ синтезiне Н — қоймасындағыэнергияны пайдаланатын ферменттер.
а хлорофилі фотосинтез процесін жүргізуші барлықөсімдіктерде болады. 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жасылбалдырларда а хлорофилімен қатар в хлорофилі де болады. 
Қоңыр және диатомды балдырларда - с хлорофилі, қызыл балдырларда - d хлорофилі болады. Пурпурлық кукірт бактерияларындабактериохлорофилл кездеседі. 
а хлорофилдің формуласы: C55H72O5N4Mg (көкшіл жасыл түсті), в хлорофилдің (сарғышжасыл) эмпирикалық формуласы - C55H70O6N4Mg. Ал бактериохлорофилдіңформуласы - С55Н74О6N4Мg.
Хлорофилл дегеніміз құрамында фитолС20Н39ОН және метанол СН3ОН спирті бар хлорофиллин қышқылының күрделі эфирі. Спирт тобының қалдықтары хлорофиллин қышқылыныңкарбоксил тобындағы сутегінің орнын басады. 
Эфир ретінде хлорофилл сабындалу реакциясынақабілетті келеді. Қышқылдың әсер етуіменхлорофилл молекуласындағы магний өзінің орнынсутегінің екі атомына беріп, феофитин түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет