«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»



бет30/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Фоторедукция.
Бактериялық фотосинтез эволюция тұрғысынаналып қарағанда өте ертеде пайда болған. Бактериялық фотосинтез немесе фоторедукциядеп аталатын бұл процесс бактериялар тобындажүзеге асырылады. 
Бұл топқа пурпурлық (қанқызыл) және қызылкүкірт бактериялары, пурпурлық күкірт емесбактериялар, жасыл күкірт бактериялары жатады. Олардың құрамында бактериохлорофилл пигментіжәне каротиноидтар бар. Пигменттері болуыныңарқасында олар күн сәулесінің энергиясын сіңіреді. Бактериялық фотосинтез бен өсімдіктерфотосинтезінің ұқсастығы, міне, осында. Мұндасутек көзі ретінде су емес, көмірсутектер, күкіртсутектер мен май қышқылдарыпайдаланылады. Фотосинтезден ерекше, мұндаоттек бөлініп шықпайды. Сутек көздері аз таралғандықтан, сондай-ақ олардың қоры өтешектеулі болғандықтан фоторедукция процесі кеңдамып, таралмаған.
Хемосинтез
Атмосферада бос оттегінің жиналуы салдарынанавтотрофтық қоректенудің үшінші түрі - хемосинтез жүзеге асады. 
Хемосинтезді орыс микробиологы С.Н. Виноградский ашты. Хемосинтез жарық жоқжердегі аэробты жағдайларда тіршілік ететін, пигментсіз бактериялар тобына тән. 
Көмір қышқыл газын тотықсыздандыру үшін бұлбактериялар күн энергиясын емес, химиялықтотығу реакцияларының энергиясын пайдаланады. Күкірттің алуан түрлі қосылыстарынтотықтыратын күкірт бактерияларының үлкен тобыхемосинтез бактерияларына жатады. Күкірттіңтотығуы нәтижесінде энергия бөлініп шығады, оны бактериялар органикалық қосылыстар түзе отырып, көмір қышқыл газын тотықсыздандыру үшінпайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет