Көмір қышқыл газы зат алмасуына қатысып, организмге фотосинтез процесінен тыс, қараңғылық жолмен де сіңірілуі мүмкін екендігібелгілі. Белгілі бір органикалық радикалға косылакеле, көмір қышқыл газы кейін тотықсызданатынкарбоксил тобының құрамына кіреді. Кетоқышқылдар осы сиякты көмір қышқыл газынқосып алу реакциясына (карбоксилдеуреакциясына) көбірек ұшырайды. Бұл реакция барлық автотрофты және гетеротрофтыорганизмдерге тән.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық тіріорганизмдер қоректену турлеріне қарайавтотрофты және гетеротрофтықоректенетін 2 топқа бөлінеді.
Автотрофты қоректенетін организмдер тобы жайминералдық заттардан күрделі органикалық заттартүзеді және бұл реакцияға күн сәулесініңэнергиясын немесе химиялық тотығуреакцияларының энергиясын пайдаланады.
Қоректенудін, гетеротрофты түрі дайынорганикалық заттар есебінен жүзеге асырылады. Автотрофты қоректенудің үш түрі болады. Олар - жоғары және төменгі сатыдағы жасыл өсімдіктерфотосинтезі, бактериялық фотосинтез немесефоторедукция және хемосинтез. Біздіңпланетамыздағы органикалық заттардың барлыққоры осы үш процестің нәтижесінде түзілген. Жасыл пигменті бар жоғары және төменгі сатыдағыөсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |