«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Ядро мен цитоплазма арасындағы байланыс



бет3/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт

3.Ядро мен цитоплазма арасындағы байланыс
Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алады. Ол тұқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Ядро осы клетканың және осы организмнің белгілерін бүтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу процесін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін бақылайтын орталық. Егер клеткадан ядроны алып тастар болсақ, онда ол клетка көп кешікпей өледі. Әдетте клеткада бір ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда кәп ядролы клеткалар болады. Бактерия мен көк-жасыл балдырлардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бірақ оның құрамына кіретін заттар олардың цитоплазмасыңда болады. Яғни ядро шашыраңқы жағдайда (диффузном) болады. Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі клеткаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар. Цитоплазма өсімдік клеткасының барлық тірі компаненттерінің қажетті тіршілік орны субстраты. Цитоплазмада ірі түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасқан. Мысалы рибосомалар- белокты синтездейді; хлоропластарда - фотосинтез процесі жүреді; митохондрияларда – диссимиляция, Гольджи аппаратында – полисахариттерді синтездеу және бөліп шығару т.б. процестері жүреді.
4.Жасушалардың жіктелу (дифференциалдану) кезеңі
Түрдің дифференциация популяцияда табиғи ресурстарды түрдің толығымен тиімді қолдануына әкеледі. Морфофизиологиялық дифференциация эволюция үрдісі кезінде ағзада түрлі қызмет атқаратын түрлі сапалы мүшелердің пайда болуы; Жасушалық дифференциция тоқтаусыз организмнің бүкіл өмір бойында жүреді. Бірақ ең биік интенсивтілікке бұл процесс эмбрионалбдық кезеңде жетеді. Дифференциация нәтежесінде жасуша белгілі бір функциаларды орындауға бейімделеді.Дифференциация процестеріне күрделену және жоғарыланған дәрежесіне тән. Бұған гистогенез бен органагинез жатады. Гистогенез (histogenesis, грек, histos — ұлпа, genesis — даму, түзілу) — ұрық жапырақшаларынан адам мен жануарлар организмдері ұлпаларының эмбриогенездегі қалыптасу және даму кезеңі. Органогенез (гр. organon – орган, мүше және …генез) – эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі. Жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің пайда болу және даму сатысы. Органогенез гаструла сатысынан кейін басталады. Эмбриогенез барысында ұрық жапырақшаларының дамуы (дифференцировка) олардан әртүрлі ұлпалар мен мүшелердің қалыптасуымен жүреді. Оның ішінде, эктодермадан тері эпидермисі, тырнақ пен шаш, май мен тері бездері, жүйке жүйесі (ми, жұлын), сезім мүшелерінің рецепторлы клеткалары, көз жанары, ауыз, мұрын қуысының, тіс эмалі т.б.дамиды. Ол қазіргі уақытта тірі жасушалардың белгілі байланыспен белсенді және белсенді емес геномының облыстары мен бір комбинациясы, түрлі белоктар синтезі арнайы бір қатынасы сипатталады. Сонымен қатар сол немесе басқа дифференциалдық жағдайы өз еркімен емес,заңды түрде әртүрлі жағдайдың ауысуымен жетіледі. Кейбір жағдайларда авторлар дифференциацияның сол немесе басқа типтері үшін қажетті арнайы заттарды ұсынады:антезиндер,флориген – түс қалыптастыру факторы,клетканың даму факторы,іске қосу ризогенезі. Қорытындылап келетін болсақ жасушалық дифференциация,яғни айырмашылықтар немесе өзгерістер тоқтаусыз организмнің бүкіл өмір бойында жүріп отырады. Алайда бұл процесс эмбрионалбдық кезеңінде ең белсенді әрекет етеді. Дифференциация нәтежесінде жасуша белгілі бір функциаларды орындауға бейімделіп,ары қарай дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет