«Өсімдіктер физиологиясы»



бет34/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

2) Гиббереллин: Ерте кезде Жапонияның күріш плантациялары Фузар саңырауқұлағының зақымдауынан өте күште зардап шегетін, алайда осындай жағдайдың өзінде күріштің қаулап өсетіні байқалған. Бұл құбылысты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күріш өсімдігіне жаңа өсу затының әсер ететіні анықталды. Саңырауқұлақ өзінен белгілі бір өнім бөліп шығаратындығы белгілі болды. Бұл өнім көп мөлшерде бөлініп шығатын болса, өсімдікті зақымдайды, ал аз мөлшерде бөлінетін болса өсімдіктің өсуіне қолайлы әсер етеді. 1938 жылы Фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі таза күйінде бөлініп алынды да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылып, гиббереллин деп аталды.Қазіргі кезде гибереллиннің 30-ға жуық түрі белгілі. Бұлар – құрамында 19 немесе 20 көміртек атомдары бар екі алты мүшелі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпеноидтар.Гиббереллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гиббереллині, оны гиббереллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гиббереллинге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гиббереллиннің 2·3 түрі кездеседі. Гиббереллин өркендер мен тамырдың ұштарында жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерден флоэманы бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогормон клетканың бөліну және созылу кезендеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағанда ол клетка қабықшасына әсер етпейді. Түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гибберелкин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Гиббереллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өнуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді.3) Цитокинин. Фитогормондардың бұл тобы аденин туындылары болып табылады.Цитокинин тамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжиды. Цитокинин сондай-ақ тұқым мен жемісте түзіледі. Ол негізінен клетканың бөліну процесін тездетіп, ДНК мен РНК-ның түзілуін жақсартады және жалпы зат алмасуы мен ақуыздың синтезделуін арттырады. Цитокинин түзілетін жерлерге амин қышқылы, ферменттер және т.с.с. заттар көп келеді. Заттар алмасуының осындай активтелуі нәтижесінде цитокинин бар жерлердің өсу процестері жылдам өтеді. Цитокинин жаңадан бүршік түзілуі мен жанама бүршіктердің ашылуына жағдай жасайды.Өсу процесіне жағдай жасайтын мұндай арнаулы заттармен қатар өсуге қажетті болып саналатын басқа да бірқатар заттар болады. Томаттың оқшауланған тамырын қоректік ортада өсіре отырып, ағылшын биологы Уайт оның өсуі үшін минералдық тұз бен сахарозадан басқа ашытқы сіріндісі де қажет болатындығын анықтады. Кейінірек бұл сіріндінің құрамында бірқатар биологиялық активті қосылыстар – тиамин (В1 – витамині) анозит, биотин, пантотен қышқылы болатындығы анықталды. Бұл қосылыстардың бәрі де жануарлар ағзасы үшін қорекпен бірге сіңірілетін витаминдер болып табылады. Ал өсімдіктер оларды өздері синтездейді. Заттардың бұл тобы биос – факторлар деп аталды. Кейініректе биос – факторларға пиридоксин (В6 – витамині), никотин қышқылы, рибофлавин (В2 – витамині) және п-аминбензин қышқылы қосылды. Бұл аталған заттардың бәрі де витамин ретінде ферменттердің активті тобы болып табылады.3. Өсімдіктің өсуіне сыртқы орта жағдайларының әсер етуі. Табиғатта өсімдіктердің өсуіне сыртқы орта жағдайлары біріге келе және бір мезгілде әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда белгілі бір фактордың әсерін бөліп көрсету қиын. Жаңа клеткалардың түзілуі мен өсуі меристемаларда ғана өтетін болса да, өсу процесінің өзі тұтас организм ретіндегі өсімдіктердің қызметіне байланысты. Сондықтан өсу процесі сыртқы орта факторларының комплексімен бірлікте өсімдіктің жалпы күйін білдіреді. Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны минимум, оптимум және максимум температура деп ажыратады. Мұның ішіндегі өсімдіктерге барынша қолайлысы – оптимум температура. Минимум және максимум температура жағдайында өсу өте баяу жүреді. Өсімдіктердің көпшілігі үшін оптимум температура 25-350 С шегінде болады. Алайда, өсімдіктердің аса қиын орта жағдайларында өсетін топтары да бар, олар әдеттегі жағдайлардан гөрі басқа температуралық режимге бейімделген. Мысалы: Альпі шалғандығының өсімдігіне қажетті оптимум температура 00С аймағында болады.Тундра аймағындағы балдырлардың өсуіне қажетті минимум температура 00С –ден төмен болады. Ал жылы су көздері бар жерлерде өсетін микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлардың өсуіне қажетті оптимум температура +800С-тең.Өсімдіктердің жер бетіндегі және жер астындағы мүшелерінің өсуіне қажетті оптимум температураның айтарлықтай айырмашылығы болады. Зығыр, қара құмық, бидай, арпа, сұлы шалғам және пияздың жер бетіндегі органдары 20-250С температурада қалыпты өседі, ал осы өсімдіктер тамырының жақсы өсуі үшін бұдан 8-100С төмен температура қажет. Оптималдағы 15-200С шамасындағы құбылмалы температура өсу процесі үшін ерекше қолайлы болады. Түнгі төменгі және күндізгі жоғарғы температуралардың алмасуы термопериодизм деп аталады.Өсімдіктердің өсу процесіне жарық тікелей және жанама әсер етеді. клетканың бөліну және созылу кезеңі жарықты қажет етпейді. Күшті жарық жағдайында клетканың созылу кезеңі олар өздерінің шекті өлшемдеріне жетуден бұрын аяқталады. Басқа жағдайлардың бәрі болғанда өсімдіктер толық қараңғыда да өсе алады. Мұндай жағдайда ұлпа клеткалары созылыңқы, қабықшасы жұқа және клетка аралық кеңістіктері үлкен болады. Жапырақтарда хлорофилл болмайды. Сондықтан қараңғыда өсімдік жақсы бойлап өсіп, ұзын пішінге ие болса да, олардың жалпы күйі қалыптағыдан өзгеше болып келеді. Көк және күлгін сәулелер клеткалардың эмбрионалдық бөліну кезендеріне қолайлы әсер етеді, бірақ созылу кезеңін тежейді. Қызыл сәулемен әсер еткенде өсімдік клеткаларының созылу кезеңі күшейе түседі, ал эмбриональдық бөліну кезеңі біршама тежеледі. Жарықтың оптималды құрамы мен күші әр түрлі өсімдіктердің өсуіне түрліше мөлшерде қажет, ол әр түрлі орта жағдайларында қалыптасқан өсімдіктердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты.Өсімдіктер жасына, даму кезеңдеріне, сондай-ақ сыртқы ортаның басқа да факторларына қарай жарықтың әсерін түрліше қабылдайды. Өсімдіктің өсуіне жарықтың жанама әсері фотосинтез және органикалық заттардың түзілуіне байланысты.
Өсімдіктің оттегімен қамтамасыз етілуі оның өсуіне айтарлықтай әсер етеді. Тамыр оттегінің құрамын өте сезгіш келеді. Томаттың суда өсірілген дақылдарымен жүргізілген тәжірибелер қоректік су ерітіндісінде оттек неғұрлым көп болса, тамырдың соғұрлым жақсы өсетіндігін көрсетті. Қоректік ерітінді арқылы үрленетін газ қоспасындағы оттегінің концентрациясы 20% болғанда томаттың тамыры барынша активті өскен.Оттек концентрациясының аздығына бейімделушілік күріш өсімдігіне тән қасиет. Өсімдіктің өсуіне оттегінің әсері бұл газдың тыныс алу процесі үшін қажеттігіне байланысты. Барлық жасыл өсімдіктерге тыныс алудың аэробтық түрі тән. Энергия алмасуы, метаболизмнің жалпы деңгейі, су мен минералдық тұздардың сіңірілуі тыныс алуға байланысты, ал бұл процестердің бәрі де клетканың өсуіне қажетті заттарды түзеді.
13 ДӘРІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет