«Өсімдіктер физиологиясы»



бет1/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


«Өсімдіктер физиологиясы»
пәнінен дәрістер жинағы


химия-биология мамандығы
студенттеріне арналған
Атаева Г.М.


Актобе

1 ДӘРІС


Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдік клеткасының физиологиясының мазмұны.

  1. Өсімдіктер физиологиясының мақсаты мен маңызы.

  2. Өсімдіктер физиологиясының тарихи дамуы.

  3. Өсімдіктер клеткасының құрамына кіретін химиялық заттар.

  4. Зат алмасуы. Ферменттер.

1. Өсімдіктер физиологиясының мақсаты мен маңызы. Өсімдіктер физиологиясы өсімдіктердің тіршілік әрекетінің қоректену, тыныс алу, өсіп жетілу, фотосинтез сияқты ішкі процестерін зерттейді. Өсімдіктер физиологиясының негізгі мақсаты осы процестерді зерттеп, түсініп, сол процестерді қажетті жағында қолдана білу. Өсімдіктер физиологиясы Тимирязев айтқандай бір жағынан ол теориялық ғылым, өз бағытында физикалық, химиялық, молекулярлық, биологиялық жетістіктерін пайдаланады. Екінші жағынан ол практикалық ғылым, егін шаруашылығында өте үлкен маңызы бар. Жалпы теориялық физиология барлық өсімдіктерге қатысты ортақ мәселерді, ал практикалық қолданбалы физиология өсімдіктердің жекеленген түрлерін, мәдени сорттарының ерекшеліктерін зерттейді. Жеке қолданбалы физиология тікелей көптеген агрономиялық ғылымдармен байланысты. Ол егіншілік пен агрохимиялық, өсімдіктер шаруашылығының, өсімдік селекциясы мен генетикасының ғылыми негізі болып табылады. Өсімдік, агрономиялық ғылымының зерттейтін объектасы болғандықтан, бұл ғылыми саласының міндетін шешу, өсімдіктер физиологиясын білу негізінде жүргізілу керек. Өсімдіктер физиологиясы ағзада жүретін процестерді әр түрлі организмдік, мүшелік, клеткалық, субклеткалық, молекулярлық және субмолекулярлық әр түрлі жағдайларында зерттейді. Зерттеген уақытта қай жағдай да болмасын клеткалық па, ағзалық па осы процестердің барлығы бір- бірімен тығыз байланысты екенін ескеру керек. Мысалы, бір процестің өзгеруі барлық ағзаға әсер етеді. Өсімдіктер ағзалары ортамен да ондағы жағдайлармен де тығыз байланысты, өсімдік ағзасы өмір бойы үзілместен өсіп дамиды. Өсіп даму процесі өзінің белгілі кезеңдеріне бөлінеді, әрбір кезеңінің дамуының ерекшеліктері болады. Сондықтан өсімдіктер ағзасын әр қашанда өсіп дами беретін жүйесі деп білу керек. Өсімдіктер ағзасын зерттеудің екі әдісі бар. Біріншіден өте жоғары дәрежеден кіші дәрежеге қарай, биологиялық қиын мағлұматтарынан жеңілдеу кейбір физикалық және химиялық мағлұматтарына қарай ауысып отырып зерттеу болып табылады.Осындай зерттеу жолдары, соңғы уақыттары биологтарды молекулярлық биология деген ғылыми саласының дамуына әкелді. Бұл ғылыми саласының негізгі міндеті ақуыздың синтезделуі, фотосинтез процесінде жарықтың пайдалануы және т.б. мәселелерін зерттейді. Барлық ағзада жүретін физиологиялық процестерді толық түсіну үшін әр түрлі әдістерді пайдаланады. Сондай әдістерінің біреуі соңғы уақытта көп таралған зерттеу жолы, ол бірыңғай рет-ретімен күрделену жолымен зерттеу. Осы екінші әдіс академик Энгельманмен «интегралдық» әдіс теп аталды, жалпы схема түрінде былай деп көрсетуге болады:ДНК-РНК- ақуыз- фермент- биохимиялық реакция- физиологиялық процесс-клетканың қасиеті-мүшенің қасиеті- ағзаның қасиеті. Осы кестеде көрсеткен процестердің бәріде рет-реті бойынша жүреді.Ағзада өтетін физиологиялық процестердің бағыты мен активтілігі қоршаған орта әсеріне ғана емес, сондай-ақ өсімдіктің жасына, оның өсіп жетілуіне тұқым қуалаушылық қасиеттеріне де байланысты. Ағзаның генетикалық ерекшеліктерінің өте зор маңызы бар. Ағзаның жас кезінде ұлпалардың суды сақтау қабілеті айтарлықтай жоғары болады, өсімдіктің жасы артқан сайын бұл қабілет кеми береді. Мысалы, қант қызылшасы өзінің тамырында никотин синтезделеді және т.с.сБасқаша айтқанда, физиологиялық және биохимиялық процестер онтогенез бен филогенезге де байланысты деп айта аламыз. Физиологиялық процестерді зерттеуге кірісе отырып, олардың барысы тұқым қуалаушылық негізімен, ағзаның жасымен өсіп жетілуіне байланысты екендігін ескеру қажет. Өсімдіктер тіршілігін осы тұрғыдан зерттеп білу ғана диалектикалық материализм принциптеріне сай келеді.Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, оларды суару, тыңайтқыш енгізу, топырақты өңдеу жұмыстары өсімдіктердің физиологиялық талаптарын ескере отырып жүргізілуі тиіс. Қолданбалы физиология айтарлықтай табыстарға жетіп отыр. Қазіргі кезде аса маңызды ауыл шаруашылық дақылдары: бидайдың, қант қызылшасының, картоп мен мақтаның және т.б. физиологиясы жақсы зерттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет