«Өсімдіктер физиологиясы»



бет16/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

Транспирацияның реттелуі.Транспирация қарқындылығының тәулік ішінде күшті ауытқып отыруы өсімдіктің реттеушілік қабілеті жөнінде ой туғызады. Қуаңшылық жағдайда устьицилерді жабу арқылы транспирацияның реттелуі ерекше зор роль атқарады. Транспирацияны устьице арқылы реттей отырып, өсімдіктер солып қалу қаупін жояды. Ылғал жетіспеушілігі кезінде устьице күні бойы жабық күйде болады. Мұндай жағдайда топырақтан су сіңіру мен транспирация баяу өтеді. Өсімдікке су толық жеткілікті кезде де устьице өзінің реттеушілік қызметін байқатады. Устьиценің тал түсте жабылып қалуы дала жағдайында жиі байқалады. Бұл жағдай топырақтағы су мөлшерінің шектеулі болуына байланысты. Устиьцелердің жабылуы нәтижесінде транспирация кемиді, сондықтан жапырақтағы тургор қалпына келеді.

  1. Су тапшылығы. Өсімдік пен топырақ, өсімдік пен атмосфера арасында үздіксіз су байланысы болып отыратындықтан, мұның бірінде байқалатын кез келген ауытқушылық жүйедегі барлық ылғалдық қайтадан бөлініп таралуын қажет етеді. Ылғалдылықтың ең жиі өзгерісі атмосферада ең аз өзгерісі топырақта болады.Әдетте, атмосфералық қуаншылық топырақ қуаншылығын туғызады. Ылғал жетіспеушілігі жағдайында атмосфералық қуаңшылық біртіндеп топырақ қуаңшылығына айналады. Қуаңшылықтың соңы көп жағдайда аптап жел-аңызаққа ұштасады. Әдеттегі жағдайдың өзінде өсімдіктердің суды сіңіруі мен буландыруы арасында алшақтық туады. Күн радиясы мен ауа температурасы барынша жоғары болатын тал түсте өсімдіктер трансприациясы күшейеді. Осының нәижесінде жапырақтар ылғал қорының едәуір бөлігін жұмсайды да тургорынан айырылып, сола бастайды. Топырақтан сіңіретін су өсімдіктің жер бетіндегі бөліктерінің жұмсайтын су шағынының орнын толтыра алмайды. Сөйтіп су тапшылығы пайда болады. Өсімдіктің толық қанығуына жетпей тұрған су мөлшері су тапшылығы деп аталады. Су тапшылығы бірдей болады. Ең жоғары су тапшылығы транспирация қарқынды жүріп жатқан жапырақтарға тән. Күн сәулесі тікелей түспейтін жапырақтарда, сондай-ақ әдетте транспирациясы аз жемістерде су тапшылығы шамалы болады. Мәселен, жаздық әдеттегі күнінде темекінің де су тапшылығы шамасының айырмашылығы 8-22 % болатыны анықталған.Су мүшелер мен ұлпалар арасында бөлініп таралады. Суды аз буландыратын жемістер белгілі дәрежелі ылғал резервтері болып табылады. Жас жапырақтар суды кәрі жапырақтардан, одан соң сабақтардың өсіп келе жатқан ұштары мен тамырлардан сорып алады. Судың жекеленген өркендер арасында да бөлініп таралатындығы анықталған. Қатарласа өскен өсімдіктердің тамырлары бір-біріне шырмалып өсіп, олардың арасында да ылғал бөлінісі болады. Осындай әдіспен өсімдіктердің тұтас бір тобы өзара байланыса алады. Су тапшылығы тіпті бір жапырақтың көлемінде де байқалуы мүмкін, бұл оның пішіне, жартылай көлеңкеленуіне байланысты. Түнге қарай транспирацияның кемиді немесе толықтырылады, сөйтіп су тапшылығы жойылады. Күндіз пайда болып, кешке қарай немесе түнде толықтыралатын су тапшылығы күндізгі су тапшылығы деп аталады. Ол қатып метеорологиялық жағдайларда күндізгі транспирацияның күшейе түсуінің нәтижесі болып табылады. Атмосфералық қуаңшылық күннен-күнге арта отырып, өсімдіктер мен топырақтың бойындағы ылғалдың едәуір қорын әкетеді, сөйтіп топырақ қуаңшылығы басталады. Мұндай жағдайдағы су тапшылығының орны түнгі мезгілде толықтырыла алмайды. Таңертең өсімдіктің бойында біраз қалдық су тапшылығы болады, ол күндіз одан әрі арта түседі. Бұл кезде ұзақ мерзімдік су тапшылығы пайда болады. Күн сайын қайталанып, күші арта түсетін ұзақ мерзімдік су тапшылығы тургордың толық жойылуына, өсімдіктің солып қалуына әкеп соғады. Күндізгі су тапшылығы кезінде де өсімдік солып қалуы мүмкін, сондықтан да солудың екі түрін ажыратады. Су тапшылығының уақытша түрі де, ұзақ мерзімдік түрі де физиологиялық және биохимиялық процестердің барысына әсер етеді.Су тапшылығы кезінде протоплазма өзгерісінің екі кезеңі байқалады деп есептейді. Оның бірінші кезеңінде протоплазма құрылымы өзгереді, бұл өзгеріс протоплазма тұтқырлығының кемуімен ұштасады. Екінші кезеңде протоплазмада жаңа құрылым пайда блады. Егер су тапшылығы біртіндеп басталып жедел өтетін болса, онда бұл өзгерістердің бәрі де қайтымды болады. Протоплазма құрылымының екінші кезеңіндегі өзгерісі ақуыздың алмасуымен байланысты. Су тапшылығы ұзақ мерзім сақталатын болса көптеген ферменттер активтілігінен айрылады. Су жетіспеушілігі жағдайында тыныс алу қарқындылығы алғаш рет түседі де одаң соң біртіндеп кемиді.Әдеттегі жағдайда судың әзер байқалатын күндізгі тапшылығы физиологиялық процестерге болар – болмас әсер етеді, ал топырақ қуаңшылығы басталған кезде негізгі процестер біртіндеп тежеле бастайды.Егер су тапшылығы кезінде устьице жабылатын болса, онда бұл жағдай транспирацияға да фотосинтезге де әсер етеді. Устьиценің толық жабылуы екі процесті де тоқтатуы мүмкін. Өйткені устьице жабық тұрған кезде устьицелік транспирация ғана тоқталмастан, сол сияқты жапыраққа фотосинтез үшін қажетті СО2 де өтпейді. Фотосинтездің тежелуі клеткалардың өсуіне пайдаланатын органикалық заттардың синтезделуін баяулатады. Ең ақырында, клеткалардың бөліну процесінің де өсуін тежейді. Біртіндеп өсімдік салмағы кемиді, кейбір клеткалар мен ұлпалар тіршілігін тоқтата бастайды. Егер қуаңшылық баяу басталатын болса, онда алдымен неғұрлым кәрі жапырақтар қурайды. Кенеттен болатын қуаңшылық кезінде алдымен ең жас жапырақтар қурайды, тамыр түкшелері тіршілігін тоқтатып, тамырдың бір бөлігі тозбен көмкеріледі. Егер солу аз уақытқа ғана созылатын болса, одаң соң сумен қамтамасыз ету зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Мұның өзінде де көбінесе өсімдіктердің атқаратын қызметі толығымен қалпына келмейді. Мысалы, томат өсімдігі солған соң, тургордың орнына келуіне қарамастан, фотосинтез толығымен қалпына келе алмайды. Өсімдік қалыпты күйіне келуі үшін ұзақ мерзім қажет.Ылғал тапшылығы кезінде РНК-ның синтезделуі тежеледі, ал қалыптасқан РНК жедел ыдырай бастайды. Басқа да қосылыстардың гидролизі басталады. Солу кезінде ақуыздар ыдырауының ерекше зор маңызы бар. Егер су тапшылығы мен өсімдіктің солуы қауіпті болмаса, онда солу процесі тоқтаған соң ақуыздың ыдырауы тоқталады және ол бұрыңғы қалпына келеді. Өсімдік солғанда өсу процесінің тежелуі өсімдіктер өнімі азаюының себебі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет