8. «in vitro», « in vivo» терминдерін сипаттаңыз Анықтама: In Vivo In vivo термині зертханалық жануар немесе адам сияқты тірі организмде жасалатын (немесе ішіндегі) медициналық сынақ, тәжірибе немесе рәсімге қатысты.
Анықтама: In Vitro In vitro термині in vivo айырмашылығы, зертханада сынақ түтігі немесе зертханалық тағамның шегінде жасалған медициналық зерттеуге немесе тәжірибеге қатысты.
Ұқсастықтар
Клиникалық зерттеулер немесе медициналық зерттеулер in vivo немесе in vitro арқылы орындалуы мүмкін. Бұл тәсілдер біздің білімімізде, ауру мен ауруды емдеуде, сондай-ақ «сау» және қалыпты дене функцияларын түсіну үшін жасалады.
Арасындағы айырмашылықтар
In vivo және in vitro зерттеулер арасында ұқсастықтар болғанымен, адам ағзасын түсіну үшін маңызды екеуі де бар, бұл зерттеулердің қалай жүргізілетіні, қалай түсіндірілуі мүмкін және қандай да бір жаңалықтардың тәжірибелік қолданылуы сияқты маңызды айырмашылықтар бар жасалған.
Өсімдік жасушасын қолдан өсіру» термині ауқымды және ыңғайлы ұғымға айналды, ол бөлініп алынған жасушаны, ұлпаны, мүшелерді, ұрықты және тұтас өсімдік-регенерантты қолдан өсіретін in vitro-ның барлық жұмыстарын қамтиды. In vitro термині (лат.- шыныда, әйнекте) стерильді жасанды қоршаған ортада өтетін процестердің жағдайларын сипаттау үшін қолданылады. In vivo (лат. – тіршілікте) организмнің тіршілік процестерінің табиғи стерильді емес ортада өтуі. Өсімдік-регенерант дегеніміз асептикалық түрде алынған, тамыры мен өркені мәдени ортада қалыптасқан өсімдік, демек in vitro.
9. Каллуc туралы жалпы түсінік, атаңыз Клеткалардың ретсіз бӛлінуі нәтижесінде пайда болған ұлпаны каллус деп атайды.Клеткалардың бӛліну арқылы кӛбейіп ӛсуін пролиферация дейді. Каллус - ұлпаның ерекше түрі, бүтін ӛсімдіктің зақымданған жері біте бастаған кезде түзілетін білеуленген бұлтық. Ол закым болған жерді әр түрлі инфекциядан қорғайды. Каллус ұлласында коректік заттар жиналып, арнаулы корғаныш кабат пайда болады немесе жойылған мүше кайта пайда болады, яғни регенерация процесі ӛтеді. Сондай каллус ұлпасы in vitro жағдайында да пайда болады. Каллустық клеткаларды, құрылуын, бӛлінуін, кӛбейіп ӛсуін фитогормондар (ауксиндер мен цитокининдер) реттейді. Алғашқы каллусты алу үшін және оны ӛсіру үшін залалсыздандырылған қоректік орта кажет екендігі туралы бұрынырақ айтылған болатын. Ӛсімдік материалы алдын ала бірнеше рет жуылып, тазаланады. Одан кейін стерильдейтін заттарды пайдалану арқылы микроорганизмдерден аластанылады. Жиі қолданылатын стерилъдейтін заттар, атап айтқанда мыналар: активті хлоры бар натрий және калий гипохлориттері, хлорамин, хлор әгі; құрамында сынап бар алмас (сулема), диоцид; сутегі диоксиді; этанод. Анда-санда бром, күкірт қышкылы, фенол, антибиотиктер, фунгицидтер қолданылады., Стерильдейтін заттардың түрі, концентрациясы және аластау мерзімі зерттелген ӛсімдікке байланысты. Ол заттар барлық микроорганизмдерді құрту, жою мен қатар ӛсімдік клеткаларына зиян тигізбеу керек, және де ӛсірілетін объектіден суға шайқағанда оңай кетуі керек. Осы шарттарға сай келмесе, стерилъдейтін заттан клеткалар мен ұлпалар уланады, содан кейін ӛсуі тежеледі. Әдетінше, ғалымдар жоғары аталған заттарды қолданады немесе эксперименттік жолмен әрбір нақтылы объектіге колайлы стерилъдеудің тәсілін зерттеп табады. Ӛсімдік мүшесінін кесіндісі, яғни эксплант (эксплантат), лайықты коректік ортаға отырғызылады. Біраз уакыт ӛткен сон оның құрамындағы клеткалар бӛлініп, ӛсе бастайды. Соның нәтижесінде каллус ұлпасы пайда болады. Бұл процесті каллусогенез деп атайды. Соңғы кезде эксплантат деген терминнің орнына эксплант деген ағылшын сӛзі қолданылады. In vitro жағдайында маманданған (дифференцияланған), бӛліну қабілеті тежелген клеткалар қайтадан бӛліне бастайды, яғни меристемалық күйіне оралады. Мамандығы белгіленген дифференцияланған клеткатарда пролиферация (бӛліну аркылы кӛбею) қабілетінің қайта пайда болуы дедифференциялану процесі дей аталады. Ал, дифференциялану деген даму процесінде біртекті меристемалық клеткалардан морфологиялық құрылымы және атқаратын қызметі әр түрлі маманданған клеткалардың түзілуі. Мысалы, дифференциялану нәтижесінде меристемадан пайда болған маманданған клеткалар соя меристемаға да және де ӛзара бірбіріне мүлде ұксамай кетеді. Қайталап айтсақ, дедифференциялану процесі арқылы маманданған клетка бӛліну күйіне қайта оралады да меристема тәрізді каллус клеткаларына айналады. Бұл клеткалар кӛбінесе жұка қабықты болып, паренхималық клеткаларға ұксайды. Бірақ каллус ұлпаларының бәрі бірдей, біркелкі болады деп түсіну қателік. Каллустар морфологиялық белгілеріжәне ӛсу қаркындылығы мен кӛгеру кабілеті жағынан әр алуан болады. Каллустың түсі ақшыл, сарғыш, қоныр, қызыл қоныр болады. Сонымен қатар, оның құрамында хлорофилл немесе антоциан пигменттері болуы мүмкін. Шығу тегіне және ӛсіру жағдайына байланысты каллустар тұтас тығыз немесе сұйықтау және борпылдақ болып келеді. Борпылдақ каллустар бӛлек кесектерге онай ажырайды. «Каллустың тегі» деген онын ӛсімдіктің кай түрінен, қайсы мүшесінен, ұлпасынан алынғаны, пайда болғаны, шыққаны туралы түсінік. Каллустардың бірбірінен айырмашылығы ӛсімдіктің түріне және эксплант алынған кездегі физиологиялық күйіне байланысты. Оның үстіне, экспланттың ӛзі де бірталай ұлпалардан тұрады. Сӛйтіп, экспланттың құрамында барлық клеткалар бірдей бӛліне бастамайды. Кӛбінесе каллус алғашқы немесе қайталама меристемадан пайда болады. Сондай-ақ, меристемаға немесе ӛткізгіш ұлпаларға жанасып жатқан паренхимадан да пайда болады. Каллус түзілуі, сонымен қатар, экспланттың кӛлеміне де байланысты. Себебі, ірі эксплантта клеткалар ӛте кӛп және олар әр түрлі болады. Жас ұлпалардан каллус тезірек түзіледі. Сондықтан каллусты алуға кӛбінесе ӛскіндердің ұлпалары мен мүшелерін пайдаланады. Каллустың түзілуі алынған экспланттың физнологиялық полярлығына да байланысты болады. Мысалы, эксплант ретінде алынған сабақ кесінділерінде каллус тезірек онын тӛмен, тамырға қараған базаль жағында түзіледі. Соны ескере отырып, бұндай эксплантты аударып, бас жағын қоректік ортаға кіргізіп отырғызады. Сонда қоректік ортаның бетінде эксплантты базаль жағы орналасады да каллустың пайда болуына жеңілдік туады. Каллустарды Петри табақшаларында, пробиркаларда, қолбаларла, флакондарда ӛсіреді. Үш-тӛрт апта ӛскен соң каллусты шығарып алып, майда кесектерге бӛліп, жана қоректік ортаға кӛшіреді. Мұны пассаж деп атайды. Ӛйткені, ескі қоректік ортаның нәрі азаяды, каллустың ішкі жағындағы клеткалардың коректенуі және ауамен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Каллус кӛшіріп отырғызатын қоректік ортаның құрамы, жасалатын тәжірибенің мақсатына байланысты болады. Мысалы, каллусты сол қалпында ӛсіріп, кӛпке шейін сақтау керек болса, оның қоректік ортаның құрамы ӛзгертілмейді. Ал, егер де каллуста дифференциялану, морфогенез процестерін жүргізу максаты койылса, онда қоректік ортаның құрамын күрделі ӛзгерту кажет болады.