Курс мақсаты – студенттерге қосымша білім беру мекемелерінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудің, дамытудың ғылыми негіздерін меңгерту.
Курс міндеттері:
Қосымша білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысының негізгі ұғымдарын меңгеру;
Диагностикалық зерттеу әдістерін, коррекциялық, тренингтік жұмыстарды меңгеру;
Тәрбие жұмысының жоспарын құру және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру;
Тәрбиелік шаралардың нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
Курс мазмұны: курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік және оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кәсіби білім, біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.
Пререквизиттері:
- «Әлеуметтік жұмыс негіздері», «Тәрбие теориясы», «Дидактика», «Педагогиканың жалпы негіздері», пәндері.
Постреквизиттер:
Студенттер бұл пәнді оқып бітіргеннен кейін
қосымша білім беру мекемесінің тәрбие жұмысына жетекшілік етуге қажетті білім, біліктіліктерді меңгереді;
қосымша білім беру мекемесінің тәрбие мақсаттарын, міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер, ұйымдастыру формалары және құралдарымен танысады;
кәсіби мәдениет негіздерін игереді;
- курс бойынша меңгерген материалдар кейінгі курстарда өтілетін педагогика ғылымының салаларын меңгеруге жағдай жасайды.
Оқыту әдіснамасы: Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |