Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тәрбиелік жағдайлар қандай фазалардан тұрады?
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарындағы өзара әрекеттесуді реттеу қалай жүзеге асады?
№13 дәріс тақырыбы: Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында жұмыс жасау тәсілдері
«Ми шабуылы»
Өнімді (инновациялық) ойын
Мақсаты: Студенттерді жас туристтер станциясының жұмыс жасау ерешелігімен таныстыру, негізгі мақсатын айқындау.
Жас туристтер станцияларының жұмысы екі кезеңде жүреді: қысқы және жазғы. Қысқы кезеңде дайындық жүзеге асады. Оқушылар іскерлік пен дағдыларды, біріккен іс-әрекетті игереді. Поход кезінде қарым-қатынас, тану, заттық-практикалық әрекет, спорттық шаралар жүзеге асады. Походтың мақсаты:
табиғатта достармен қарым-қатынасқа түсу,
ерекше орындарда болу,
әлемді бағындыру,
өзін-өзі тексеру.
Қолайсыз жағдайлар орын алмас үшін географиялық атаулармен танысып, географиялық объектілерді, атластар мен карталарды тануы қажет. Ол үшін әртүрлі танымдық ойындар жүргізіледі.
Поход кезіндегі ережелерді ұмытпау қажет:
жауапкершілік ережесі
еркіндік ережесі,
салауатты өмір салты ережесі.
Жазғы кезеңге дайындық кезінде жобалық әрекеттер жүзеге асады. Олар: «миға шабуыл», синектика, инновациялық ойындар, жобаларды қорғау, т.б.
Жазғы кезеңде походтар, рейдтер, экспедициялар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |