Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет42/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында жұмыс жасау тәсілдері қандай?

  2. «Ми шабуылы» әдісінің мақсаты қандай?

  3. Өнімді (инновациялық) ойын дегеніміз не?

  4. Синектика ұғымына түсінік бер.

14 дәріс тақырыбы: Музыкалық, театральды, хореографиялық студияларда оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

  1. Музыкалық, театральды, хореографиялық студиялар

  2. Шығармашылық семинар

  3. Репетиция, спектакль, концерт

Мақсаты: Музыкалық, театральды, хореографиялық студияларда оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Студиядағы әлеуметтік тәжірибену ұйымдастыруды сипаттағанда үлгі ретінде театрлық, хореографиялық, хорлық, музыкалық, эстрадалық, цирктік студиялар алынады. Әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың дизайн және изостудия ол «станция» моделіне жақынырақ.

Студияның өмірлік қызметі белгілі біріккен шығармашылық жобалармен жұмыс жасау: спектаклдер, концерттік бағдарлама т.б. Осы тұрғыда студиядағы біріккен іс-әрекеттің белсенділігі былай соғады: «кульминация – көтеріліс (бірінші қойылым) – күнделікті көрсетілім – төмен түсу». Осы жағдайда балалардың бірлесіп ұзақ қызмет етуіне себеп студиялық ерекше атмосфера. Соның арқасында жаңа бағыттар, жаңа стильдер қалыптасады, шығармашылық міндеттерді шешу әдістері, өнер туралы жаңа көркемдік түсініктер пайда болады. Студия әрқашан жаңарып, өзінен-өзі қайта тұру керек.

Біріншіден, студияның күнделікті өмірі натуралық, хореграфиялық немесе музыкалық шығармаларды тууға бағытталған, былай айтқанда «бөлек әлемді» жасауға. Мысалы, А. Гриннің «Алые паруса» спектаклінің қойылымында көрермен сахнада көрсетілген ертегі әлеміне сенетіндей қылып, кейіпкерлердің өмірінің романтикалық атмосферасын көрсету керек.

Екіншіден, студияның күнделікті өмірі – ол студиялықтардың көркемдік жетекшісінің басшылығымен құрған өздерінің өмір салты, онда рухани-тәжірибелік іс-әрекет кеңістігі күнделікті шынайы өмірді жұтып, уақыттың күнделікті ағымына өзінің қатал шарттарын қояды.

Үшіншіден, студияның күнделікті өмірі – ол мазмұнды, ұзақ ойлардан алынған қиын күнделікті дайындық жұмыстардан, түрлі шешімдерді іздеуден, бірлескен көркемдік іс-әрекеттегі ойлағаның ерекше эмоциялық әсерден өткізден туған жанның жағдайы, күйі. Студия тек қана түпкі ойларды туып, оларды кейіптейтін жер емес, ол шығармашылық энергияы жиналатын жер, автордың және орындаушының шабыты пайда болатын және жиналатын жер. Дайындық үрдісі жүріп жатқанда әрекеттестікті ұйымдастыру тұтастыққа тартады: дәстүрлі элемент сахнаның болмауы, оны бүкіл залға созады, әр қатысушыны автордың түпкі ойының ішіне кіруге, орындаушының күйзелісін түсінуге, олардың энергетикасын сезінуге.

Студиялық атмосфера қоғамдастыққа қатысушылардың жоғары деңгейлі жеке ішке еркіндігімен сипатталады, қарым-қатынастың ресми жағының мағынасының төмендеуімен. Тәжірибені талдау бойынша шығармашылық өнімділік студиялықтардың қарым-қатынастарымен тікелей байланысты емес. Студияда тұлғалық қарым-қатынастар өзара үйлесімде болуы мүмкін, ал шығармашылық жұмыста – қызықсыз болуы мүмкін. Және керсінше, бір-бірімен келіспеушіліктен, таластардан, қарсыластықтан қызық нәтижелер шығуы мүмкін.

Студияда көбінесе эксперименттік әдістер пайдаланады, шығармашылық міндетті түрлі дәстүрден тыс әдістермен шешу қолданылады. Студиялық атмосфераны құрудың бір ережесі байланыстық ойлауды стимулдандыру болады. Студияның табысты қызмет істеуінің жағдайларының ішінде «шиеленіс зоналарын» құру, қатысушылардың жасының және тәжірибесінің айырмашылықтарымен байланысты бәсекелестік маңызды орын алады.

Студиялық үрдістің нәтижелігімен қамтамасыз етудің элементтерінің бірі шығармашылық семинар. Шығармашылық семинар топтық сабақ ретінде жеке зияттылық ізденудің қорытындыларын талдауға арналған. Ол бір драматургтық немесе дәуірдің шығармашылығын зерттеу болуы мүмкін. Шығармашылық семинардың материалы студия қатысушылары этюд ретінде көрсететін бақылаулар болуы мүмкін. Студиядағы шығармашылық үрдісті ұйымдастыруда қиялшылдыққа көндіру, армандарға, жеке ойларға бару кеңінен пайдаланады. Студиялық атмосфера тәрбиеленушілердің көркем шығармаға авторлық қатынасын өзектілендіруге мүмкіншілігі бар. Педагог пен тәрбиеленушінің студияның шығармашылық үрдісінде шынайы авторлық деңгейі түрлі болуы мүмкін.

Шығармашылық үрдісті жақсы көңіл-күйден бастау қажет. Жақсы студияда серіктестікпен бәріне міндетті қатаң тәртіп бірге жүреді. (барлығы көңілді және тез жасалады).

Дайындық үрдісін ұйымдастырғанда орындаушыларды көп есе қайталанулармен жалықтырмау қажет, себебі онда ізденуге бағыт пен шығармашылық бұзылады. Егер үшінші немесе төртінші реттеде орындаудың қажетті деңгейіне жете алмаса басқасына ауысу қажет (немесе басқа шығармаға т.б.).

Тыныш уақыттарда студиялықтар макеттерді, эскиздерді, өткен бағдарламалардың суреттерін үлкен қызығушылықпен қарайды.

Студиялық үрдістің кульминациялық кезеңдердің бірі ақтық дайындық болады.

Ақтық дайындықтың негізгі міндеттері:

-қойлымның және әр элементтің ұзақтығын (уақытын) белгілеу;

-бағдарлама эпизодтарының бірізділігін ақырғы құру;

-залдың акустикалық мүмкіншіліктерін өлшеу, аспаптардың акустикасын салыстырып, аккустикалық аппаратура арқылы дыбыстық режисураны реттеу (пульт және дыбыстық колонкалар) және оркестрдің дыбыс теңгерімін реттеу (оркестрлік дыбыс бояуын, жеке орындау және топтық орындау дыбысталуын);

-сахнада қатысушылардың орындарын (қондырғылар, пульттар, микрофондар орнын)

-концерттік сахнада әртістердің жүріс-тұрыстарын режиссерлық өңдеу (орындаушылардың шығуын, кетуін, т.б.)

-концерттің және әр эпизодтың жарықтық безендіруін (жарық бойынша режиссерлармен жұмыс).

Балалар театр студияларының, балалар театрының өмірінде спектаклдер үлкен рөл ойнайды. Ол оқушылардың актерлік шеберлікті игеруін, сахналық сөзді, билерді, сахналық қозғалысты т.б. көрсетуге мүмкіншілік береді. Балалар театр ұжымдарының спектаклдері балалар мен үлкендердің өмірінде тәрбиелік оқиға болып, қосымша білім мекемесінің мерекесі болады. Балалар бірлестігінде дәстүрлі жылдық қойылымдар циклі пайда болады.

Спектакль – орындаушылардың көрсетілімін айқындайтын ойын-сауық, көрермендер үшін толық театр әрекетін көру. Спектакль қатысушылардың келесі қызметтерді орындауын: актерлық орындау (орындаушылар), техникалық қызмет көрсету (студиялықтар), және көрермен зейіні (көрермендер) талап етеді. Егер актерлар жұршылықтың алдында жақын орындаса, онда дыбыс операторларының, сахна безендірушілерінің, сахна жұмысшыларының, жарық берушілердің жұмысы бәріне бірдей көрінбейді ( әсіресе спектакль жақсы өтсе). Сондықтан қойылым аяқталған кезде және жалпы ақтық иілу кезінде ойын-сауық жұмысын қамтамасыз еткен барлық қатысушыларды шығарып алғыс айту қажет. Театрлық сценарийда (пьесада) сюжеттің дамуы салынған: басталу, өрлеу, шарықтау шегі, шешілу.Режиссер ( көбінесе қосымша білім педагогы болады) осы пьесамен салынған эмоциялық-мазмұнды алгоритмді ескеру керек.

Концерт – көрермендерге орындаушылардың көркемдік нөмірлерін: би, ән айту, декламация, тетр миниатюрасы және т.б. көрсететін қойылым. «Концерт» (итал. concerto және лат. concerto – жарысамын) ұғымының екі мағынасы бар.

Біреуі – бір аспапқа немесе екі-үш аспапқа және оркестрдің хас шеберлікпен орындалатын музыкалық шығарма, ол көбінесе соннатты циклдік түрде жазылады.

Екіншісі – алдын-ала құрылған бағдарлама бойынша жұршылық алдында музыкалық шығармаларды орындау. Мұндай концерттер орындау түрлері бойынша : симфониялық, жеке , хормен айту, камералы, эстрадалық және т.б.

Үйірмелік шығармашылықтағы концерттік орындаулардың кең таралған түрі – есептік концерт. Оқушылардың үйірмелік шығармашылығында есептік концерттер бірнеше шығармашылық ұжымдардың орындауында болуы мүмкін. Әрбір ұжымдар шақырлуы мүмкін, түрлі би ансамблдері, хорлар, цирк әртістері, вокалистер ансамблдері, мәнерлеп оқушылар, сиқыршылар, актерлар, классикалық музыка ансамблдері, симфониялық оркестр және т.б. Мұнда көбі дайындықтың деңгейінен және концерттік бағдарламаның құрылуына байланысты. «Есептік концерт» бір ұжымның концерті болуы мүмкін. Бұл жағдайда шығармашылық ұжым өз күшімен әзірлеген бір немесе екі бөлімді кең бағдарламасын көрсетеді.

Қандай да бір тақырыпқа, мерекеге, бір адамның өміріне немесе шығармашылығына арналған концертті «тақырыптық концерт» дейді. Мысалы, соғыс пен бейбітшілік тақырыбы бағдарламада соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өлеңдер мен музыкалық шығармалармен кеңінен көрсетіледі.Тақырыптық концерттер күнтізбелік күндерге, дәстүрлі мерекелерге ( Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні және т.б.)арналуы мүмкін.

Қосымша білім беруде көбінесе «байқау-жарыс» концерттік түрі жиі кездеседі.Ол балалар ұжымына көрермен алдында тек қана өз шығармашылығын көрсету емес, әрі өздерінің жетістіктерін басқа ұжымдарымен салыстыруға мүмкіншілік алады. Фестивальға қатысу байқау-жарысқа қатысқанға ұқсас. Ол нөмірлердің санының және уақыттың шектелуімен ерекшеленеді.

Концерт әрекеттестікті ұйымдастырудың формасы болғанымен, онда біріккен әрекет ырғағына көңіл бөлу қажет. Егер спектаклде ол автормен қойылған алгоритм бойынша жүргізілсе, концерттің қиындығы әр түрлі нөмірлерді бірізділік бөлімдерге құру. Соңғы уақытта шоу-бағдарламаларды құрушылар финал ретінде «сейшенді» пайдаланады. Сейшен – ақтық өлең, оны барлық қатысушыларбірігіп айтады, бір жолдан немесе бір куплеттен.

Жас модельерлер студиясының формаларының бірі – сән көрсету. Онда подиум құрылу керек, онымен жас топ-модельдер жүреді, жас модельерлердің дайындаған коллекцияларын көрсеті мақсатында. Подиуммен жүруді «дефиле» дейді. Сән көрсету жыл мерзіміне немесе бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін, мысалы: «Авангард», «Көше киімі», «Іскери киім», және т.б..





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет