Основы общей психологии


Әлеуметтік рөлдерді қабылдау мен меңгеру механизмі



бет2/6
Дата21.07.2023
өлшемі252,5 Kb.
#179542
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтік рөлдерді қабылдау мен меңгеру механизмі әртүрлі жолмен іске асуы мүмкін:
  • Біріншіден, әлеуметтік позиция арқылы – адамның басқа адамдарға қатысты алатын функционалдық орны. Нақты әлеуметтік позицияға қол жеткізген соң, адам сәйкес әлеуметтік рөлін атқаруға кіріседі.
  • Екіншіден, әлеуметтік рөлдерді орындау кезінде өзін басқалардың алдында қоршаған адамдар қалаған қалпында ұстауға ұмтылу болады.
    • 13.2. Тұлғаның психологиялық құрылымы
    • А.Г.Ковалев тұлға құрылымында келесі құрылымшаларды бөліп көрсетеді:
    • *темперамент (табиғи қасиеттердің құрылымын);
    • * бағыттылық (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың және идеалдардың жүйесін);
    • * қабілеттер (интеллектуалдық, еріктік және эмоционалдық қасиеттердің жүйесі).
    • В.Н. Мясищев тұлға бірлігін бағыттылықпен, даму деңгейімен, тұлға құрылымымен және нервтік-психикалық реактивтіліктің динамикасымен (темпераментпен) сипаттайды. Тұлға құрылымы – бұл тұлғаның жеке сипаттамасы, оған мотивация, қатынас және тұлға тенденциясы кіреді.
    • К.К. Платонов тұлға құрылымында келесі деңгейлерді бөліп көрсетеді:
    • - әлеуметтік шарттыланған ерекшеліктер (бағыттылық, адамгершілік сапалары);
    • - биологиялық шартталанған ерекшеліктер (темперамент, нышандар, инстинкттер, қарапайым қажеттіліктер);
    • - тәжірибе (бар білімдердің, дағдылардың, іскерліктердің және әдеттердің көлемі мен сапасы);
    • - әртүрлі психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері.
    • Б.Г. Ананьев тұлға құрылымына мынадай қасиеттер кіреді деп санайды, олар:
    • * индивидтің өзара қатынас жасайтын қасиеттерінің нақты кешені (жас ерекшелік-жыныстық, нейродинамикалық, конституциялық- биохимиялық);
    • *индивидтік қасиеттерге жататын психофизиологиялық функциялардың динамикасы мен органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Индивидтік қасиеттердің жоғарғы интеграциясы темперамент пен нышандарда көрсетілген;
    • * статус және әлеуметтік функция-рольдер;
    • * мінез-құлық мотивациясы және құндылық бағдар;
    • * құрылым және қатынастар динамикасы.
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет