Танымдық – саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;
2) Бағдарлық – қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
3) Жұмылдыру – қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
4) Амортизациялық – идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді;
5) Бағалау – идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.