§ 76. АЛКИНДЕР
Алкиндер — молекуласындағы көміртек
атомдарының арасында дара байланыстан
басқа бір үш байланыс болатын қанықпаған
көмірсутектер. Алкиндердің жалпы фор-
муласы алкадиендердің жалпы формуласы-
мен бірдей: C
n
H
2
n-2
, бірақ молекуласының
құрылысы өзгеше, мұндағы
n l 2.
Құрылысы. Алкиндердің қарапайым
өкілі — этин (ацетилен) C
2
H
2
. Бірінші мүшесі
ацетилен болғандықтан, алкиндер ацетилен
көмірсутектері деп те аталады. Ацетиленнің
құрылымдық формуласы мен электрондық
формуласы төменде берілген:
Н—С С—Н Н:С С:Н
Үш байланысы бар көміртек атомдары
арасында
sр-гибридтену болады (108-сурет).
Бұл гибридтенуге бір
s- және бір р-орбитальдары қатысатынын, ал екі
р-орбитальдары гибридтенуге ұшырамайтынын көрсетеді. Гибридтенген
орбитальдардың бүркесуі нәтижесінде
σ-байланысы, ал гибридтенбеген
екі
р-орбитальдардың арасында
p-байланыстар түзіледі. Сонымен, үш
байланыс бір
σ- және екі p-байланысынан тұрады. Атомдардың қос
байланыс түзген барлық гибридтенбеген орбитальдары және орынба-
сушылары (этинде – сутек атомдары) бір түзудің бойында жатады,
ал
байланыс жазықтықтары бір-біріне перпендикуляр орналасады
(109-сурет).
108-сурет. Үш байланыстың түзілуі
C—C арасындағы үш байланыстың ұзындығы 0,120 нм, яғни қос
байланыстан қысқа, сондықтан беріктігі жоғары.
Бүгінгі сабақта:
•
алкиндер;
•
Ацетилен және оның
гомологтарымен
танысамыз
•
Алкиндер
•
Ацетилен
•
Құрылысы
•
Изомерленуі
•
Номенклатурасы
•
Алынуы
Тірек ұғымдар
113
а
ә
б
109-сурет.
а — көміртек атомының гибридтенген орбитальдары және сутек
атомдары арасындағы
σ-байланыс; ә — көміртек атомының p-байланыстары; б —
ацетилен молекуласындағы жазықтықтар
Ацетилен молекуласындағы атомдардың кеңістіктік орналасуын
молекулалық модельдер көмегімен көрсетуге болады (110-сурет).
110-сурет. Ацетилен молекуласының модельдері
Номенклатурасы мен изомерленуі. Басқа көмірсутектер сияқты
алкиндердің де гомологтық қатары болады . Алкиндердің гомологтық
қатары 58-кестеде берілген.
Жүйелік номенклатура бойынша ацетилен көмірсутектерін атау
үшін сәйкес алкандардың атауындағы -ан жұрнағы -ин жұрнағымен
алмастырылады, мысалы, эт ан—эт ин, проп ан—проп ин және т.б
(58-кесте). Көміртек тізбегін үш байланыс жақын орналасқан көміртек
атомынан бастап нөмірлейді.
58
-кесте
Алкиндердің гомологтық қатары
Алкиннің молекулалық
формуласы
Алкиннің атауы
Жүйелік номенклатура
Тривиальді (дәстүрлі)
С
2
Н
2
Этин
Ацетилен
С
3
Н
4
Пропин
Метилацетилен
С
4
Н
6
Бутин
С
5
Н
8
Пентин
C
6
H
10
Гексин
114
Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс
орнына сәйкес изомерлер тән.Сонымен қатар алкиндер көмірсутектердің
басқа кластарымен де изомер бола алады. Дәлірек айтсақ, алкиндер —
алкадиендерге класаралық изомер болады. Алкиндердің изомерлерін
пентиннің C
5
H
8
мысалында қарастырайық:
НС
≡ С—СН
2
—СН
2
—СН
3
НС С—СН—СН
3
СН
3
3-метилбутин-1
пентин-1
СН
3
—С С—СН
2
—СН
3
СН
2
=СН—СН=СН—СН
3
пентин-2
пентадиен-1,3
Алынуы. Өнеркәсіпте ацетиленді табиғи газдан алады. Жалпы ме-
танды пиролиздегенде көміртек пен сутек түзіледі. Реакцияны жүргізу
жағдайына байланысты (1500°С) ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі
(123-сурет):
2СН
4
1500°С
СН СН + 3Н
2
↑
Түзілген ацетиленді реакция ортасынан тез алып кетіп салқындатпаса,
ол қайтадан көміртек пен сутекке айырылуы мүмкін
Техникада ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады:
СаС
2
+ 2Н
2
О
→ СН СН + Ca(OH)
2
Ал кальций карбидін электр пештерінде коксты сөндірілмеген әкпен
қосып қыздырып алады (111-сурет):
111-сурет. Ацетиленді өндірісте алу
115
3С + СаО
2500°С
СаC
2
+ СО
Теория жүзінде 1 кг таза кальций карбидінен 348 л ацетилен алуға
болады, ал іс жүзінде 290-300 л (қалыпты қысымда және 15°С-та) шикі
ацетилен алынады.
3. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы,
этанды 1200°C-қа дейін қыздырса, нәтижесінде ацетилен мен сутек
түзіледі:
C
2
H
6
→ C
2
H
2
+ 2H
2
4. Зертханада ацетилен көмірсутектерін алкандардың дигалогентуын-
дыларынан алуға болады:
СНBr
2
—CH
2
—CH
3
+ 2KOH (спирт ер.)
→ СН С—CH
3
+ 2КВr + 2H
2
O
Алкиндер — молекуласындағы көміртек атомда-
рының арасында дара байланыстан басқа бір үш бай-
ланыс болатын қанықпаған көмірсутектер
. Алкиндердің
жалпы формуласы C
n
H
2
n-2
. Алкиндерге көміртек қанқа-
сының, үш байланыстың орнына сәйкес және алкадиен-
дермен класаралық изомерлену тән. Алкиндер табиғат-
та кездеспейді, оларды негізінен алкандардан алады.
1. Қандай көмірсутектер ацетилен (алкин) көмірсутектері деп аталады? Бұл
қосылыстардың гомологтық қатарының жалпы формуласын жазыңдар.
2. Көмірсутектерді үш гомологтық қатарға жіктеңдер:
С
2
Н
6
, С
6
Н
12
, С
3
Н
8
, С
4
Н
6
, С
4
Н
10
, С
4
Н
8
, С
5
Н
10
, С
5
Н
12
, С
5
Н
8
, С
3
Н
6
, С
6
Н
14
, С
3
Н
4
.
3. Құрамы С
5
Н
8
болатын алкиндер класына жататын көмірсутектің барлық изомер-
лерінің формулаларын жазыңдар.
4. Жүйелік номенклатура бойынша келесі алкиндерді атаңдар:
а) НС
С—СН—СН
2
—СН
3
СН
3
ә) СН
3
—СН СН—СН
2
С
2
Н
5
б) СН
3
—С
С—СН—С
2
Н
5
СН
3
в) НС
С—СН—СН
3
СН
3
г) СН
3
—С
С—СН—СН
3
СН
3
д) НС
С—СН
2
—СН—СН
3
СН
3
5. НС
С—СН
2
—СН
2
—СН
2
—СН
3
көмірсутек үшін а) екі гомологтың; ә) екі изомердің
формулаларын құрастырыңдар. Оларды жүйелік номенклатура бойынша атаңдар.
6. Келесі көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жазыңдар:
а) 3-метилпентин-1; ә) 4,4-диметилгексин-2; б) 3,3,4,4-тетраметилгексин-1;
в) 5,5-диметилгептин-3; г) 3-3-диметилбутин-1; д) гептин-1; е) 4-метилпентин-2;
ж) 4-этилгексин-2.
116
§ 77. АЛКИНДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Физикалық қасиеттері. Ацетилен түссіз,
иіссіз, ауадан жеңіл газ. Суда нашар ериді.
Ацетиленнің гомологтарының физикалық
қасиеттерінің өзгеруі алкандар мен алкен-
дер қатарының заңдылықтарына бағынады.
Алкиндердің бастапқы үш мүшесі иіссіз
газдар, C
5
H
8
-ден бастап сұйық заттар, ал
жоғарылары (C
16
H
30
) қатты заттар (59-кесте).
Алкиндер суда нашар ериді, органикалық
еріткіштерде жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері. Ацетилен мен оның
гомологтарының химиялық қасиеттеріне мо-
лекула құрамындағы үш байланыстың болуы
және құрылысы әсер етеді. Алкиндер қосылу, полимерлену,тотығу
және орынбасу реакцияларына қатысады.
59
-кесте
Кейбір алкиндердің физикалық қасиеттері
Атауы
Құрылымдық формуласы
t балқу,°С
t қайнау,°С
Этин
HC
≡ CH
–81,8
–75
Пропин
HC
≡ C–CH
3
–101,5
–23
Бутин -1
HC
≡ C–CH
2
–CH
3
–125,9
8,1
Пентин -1
HC
≡ C–CH
2
–CH
2
–CH
3
–90,0
39,3
Гексин -1
HC
≡ C–CH
2
–CH
2
–CH
2
–CH
3
–132,4
71,4
Қосылу реакциялары Қосылу реакцияларында алкиндер реагент-
тердің (сутек, галоген, галогенсутек) екі молекуласын қосып алады.
Нәтижесінде үш байланыс алдымен қос байланысқа, содан кейін жай
байланысқа (
σ -байланыс) айналады.
1. Гидрленуі.
Ацетиленнің сутекті қосып алу реакциясы өршіткі
(Ni, Pt ,Pd ) қатысында жүреді. Ацетилен гидрленгенде алдымен эти-
лен түзіледі (бірінші
p-байланысы үзіледі), ал содан кейін этан (екінші
p-байланыс үзіледі) түзіледі:
СН СН + Н
2
t
0
, өрш.
СН
2
СН
2
ацетилен
этилен
СН СН + 2Н
2
t
0
, өрш.
СН
3
— СН
3
ацетилен
этан
2. Галогенденуі. Алкиндерге галогендердің қосылуы да сатылап
жүреді. Мысалы, ацетилен броммен әрекеттескенде алдымен дибромэ-
тен, содан кейін тетрабромэтан түзіледі:
Бүгінгі сабақта:
•
алкиндердің
қасиеттерімен
танысамыз
•
Алкиндер
•
Ацетилен
•
Физикалық қасиеттері
•
Химиялық қасиеттері
•
Қолданылуы
Тірек ұғымдар
117
СН СН + Br
2
→ CHBr = CHBr → CHBr
2
—CHBr
2
1,2-дибромэтен
1,1,2,2-тетрабромэтан
Бромның (бромды су) түссізденуі басқа қанықпаған көмірсутектер
сияқты алкиндердің сапалық реакциясы болып табылады.
3. Гидрогалогенденуі. Алкиндер галогенсутектермен әрекеттеседі.
Мысалы, ацетилен:
СН СН + H—Cl
→ CH
2
= CHCl
HCl
CH
3
—CHCl
2
хлорэтен
1,1-дихлорэтан
(винилхлорид)
Бұл реакция да сатылап жүреді. Алдымен хлорэтен (винилхлорид),
әрі қарай дихлорэтан түзіледі. Хлорсутектің екінші молекуласының
қосылуы Марковников ережесіне сәйкес жүреді.
4. Гидратация реакциясы. Өршіткі (сынап сульфаты) қатысында
ацетилен сумен әрекеттеседі. Нәтижесінде сірке альдегиді түзіледі. Бұл
реакцияны 1881 жылы М.Г. Кучеров ашқан. Сондықтан бұл реакция
кейде Кучеров реакциясы деп аталады. Ал ацетиленнің гомологы –
пропин сумен әрекеттессе, ацетон түзіледі (кетон):
СН СН + Н
2
O
H
+
, Hg
2+
СН
3
—С
O
H
СН
3
–C СН + Н
2
O
H
+
, Hg
2+
СН
3
—С
O
—СН
3
Қазақстандық ғалым А. Шәріпқанов улы сынаптың түзілуін бол-
дырмау үшін реакцияны темірдің үш валентті тұздарының қатысында
жүргізуді ұсынды. Реакция нәтижесінде сынаптың екі валентті ка-
тионы түзіледі:
Hg
0
+ Fe
3+
→ Hg
2+
+ Fe
2+
Полимерлену реакциясы. Реакцияның жүру жағдайына байланысты
ацетилен полимерленгенде тізбекті немесе циклді өнімдер түзе алады.
Маңызды реакциясы — ацетиленнің
тримерленуі, реакция нәтижесінде
бензол алынады:
Шәріпқанов Ахметжан Шәріпқанұлы
(1908—2001)
Қазақстандық химик. Химия ғылымдарының докторы,
ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі. Гетероциклді жаңа органикалық
қосылыстарды синтездеп, олардың биологиялық белсенділігі
құрылысына тәуелді екенін ашты. Көптеген химик-органик терді
тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.
118
Тотығу реакциясы. Ацетилен оңай тотығады. Егер ацетиленді калий
перманганатының KMnO
4
ерітіндісі арқылы өткізсе, тотығу реакциясы
оңай жүреді:
СН СН + 4/О/
→ СООН—СООН
қымыздық қышқылы
Бұл реакция да еселі байланыстарға
сапалық реакция екенін алдың-
ғы тақырыптардан білесіңдер.
Ацетилен ауада толық жанғанда көмірқышқыл газы мен су түзіледі.
Нәтижесінде температура 3000°С-қа дейін көтеріледі (112-сурет).
2СН СН + 5О
2
→ 4СО
2
↑ + 2Н
2
О +
Q
Ацетилен жартылай тотыққанда көміртек (күйе) түзіледі:
СН СН + О
2
→ С + СО + Н
2
О +
Q
Бұрындары көшелерге жарық беріп тұру үшін газ шамдары қолданған. Оларға
қарағанда ацетилен жанарғылары жарықты 15 есе көп шығарады. Біртіндеп оларды
электр жарығы ығыстырды, алайда велосипед, мотоцикл және атты экипаждардың
кішігірім шамдарында ацетилен ұзақ уақыт қолданыста болды.
Сен білесің бе?
Кучеров Михаил Григорьевич
(1850–1911)
Орыс химик-органигі. Негізгі еңбектері қанықпаған
көмірсутектерге арналған. 1881 жылы Кучеров сынап
тұздарының қатысында ацетилен көмірсутектерінің гидратация
реакциясын (Кучеров реакциясы) ашты.
119
Әзірбаев Ерден Нығметұлы
(1912—1975)
Қазақстандық химик-органик. Қазақтар арасынан шыққан
тұңғыш химия ғылымдарының докторы, академик. Қазақстандағы
органикалық химияның түрлі салаларының: көмір химиясы, мұнай
химиясы, ацетилен химиясының және органикалық синтездің
қалыптасуы мен дамуына көп үлес қосты. Ацетиленнің жаңа
туындыларын синтездеу мен олардың изомерлерінің айналула-
рына байланысты зерттеулер жүргізді. Маңғыстау мұнайындағы
кейбір көмірсутектердің катализдік тотығуын зерттеді. Оның
көмір химиясы саласындағы жұмыстары негізінде Теміртау мен
еліміздің басқа да аймақтарында кентермиялық кешендер салын-
ды. Сонымен қатар Е.Н.Әзірбаев жоғары сапалы пестицидтерді,
дәрілік препараттарды және басқа да биологиялық белсенді
қосылыстарды ашты.
Су кез келген жалынды сөндіреді. Бірақ ацетиленнің жалыны су астынан
көрінеді. Неге?
Бұл сұраққа жауап беру үшін кішігірім су қоймасында тәжірибе жасалды.
Тәжірибе барысында ацетилен жанғанда температура өте жоғары көтерілетіні
анықталды (3000°C). Сол себепті су өте тез буланып, үлкен көпіршік пайда бола-
ды, міне сондықтан да бұл көпіршіктен ацетиленнің жалыны көрінеді және оны
су сөндіре алмайды.
Сен білесің бе?
Орынбасу реакциясы. Молекуласында үш байланыс тізбектің
соңында орналасқан алкиндер металл қосылыстарымен (қышқылдық
қасиет көрсетеді) орынбасу реакциясына түседі. Нәтижесінде ацети лен-
нің металтуындылары — ацетиленидтер түзіледі. Мысалы, ацети ленге
кү містің аммиактағы ерітіндісімен әсер еткенде күміс ацетилениді
түзі леді (сұр түсті тұнба):
СН СН + Ag
2
O
→ AgС CAg↓ + Н
2
О
112-сурет.
а — Ацетиленнің жануы; ә — ацетилен жанарғысы
а)
ә)
120
Бұл реакция шеткі үш байланысқа сапалық реакция болып табы-
лады.
Алкиндерді зерттеумен белгілі қазақстандық химик Е.Н.Әзірбаев
айналысқан. Ол ацетилен көмірсутектерін зерттеп, ғылымға үлкен
үлес қосты.
Қолданылуы. Ацетилен металдарды дәнекерлеу мен кесуде қол-
данылады.
Сонымен қатар, ацетилен сірке альдегиді, сірке қышқылы, синтездік
көксағыз (изопрен және хлоропрен), поливинилхлорид және басқа да
полимерлерді синтездеуде қолданылады (113-сурет).
113-сурет. Ацетиленнің қолданылуы:
1 — металдарды дәнекерлеу және кесу; 2 — поливинилхлорид; 3 — ПВА желімі, 4,7 —
синтетикалық талшықтар алу; 5,8 — көксағыз; 6 — еріткіштер өндіру үшін
121
Кейбір ғаламшарлардың атмосфераларында ацетилен кездесетіні дәлелденді.
Сатурнның серігі Титанда ацетилен мен сутектің орасан көп қоры бар екені
анықталды. “Кассини” аппаратының көмегімен Титан бетіндегі ацетилен мен сутек
қосылыстарының мөлшеріне есептеулер жүргізілді. Ғаламшар серігінің бетіндегі
төмен температура (–150 — –180°C) әсерінен онда метан өзендері ағады және олар
ацетилен қоймаларына барып жиналады.
Жер бетінде ацетилен іс жүзінде бола алмайды, сондықтан оларды арнайы
баллондарда ацетонмен араластырып сақтайды.
Сен білесің бе?
Ацетилен мен оның гомологтарының химиялық
қасиеттеріне молекула құрамындағы үш байланыстың
болуы және құрылысы әсер етеді Алкиндер қатысатын
қосылу реакциялары сатылай жүреді.Сонымен қатар
алкиндер полимерлену, тотығу және орынбасу реакция-
ларына қатысады. Ацетиленнің жану реакциясы ме-
талдарды дәнекерлеу мен кесуде қолданылады.Соны-
мен қатар ацетилен органикалық синтезде кеңінен
пайдаланылады.
1. Мына көмірсутектердің дегидрлену реацияларын жазыңдар: а) пропилен; ә) бутан;
б) бутен-2.
2. Берілген айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін
жазып, А, Б және В қосылыстарын атаңдар:
а) C
3
H
4
H
2
(1 моль), Pt
A
Br
2
Б
KOH
(спирт)
В
ә) C
3
H
4
H
2
(2 моль), Pt
A
Cl
2
, УК-сәуле
Б
KOH
(спирт)
В
б) CaC
2
H
2
O
A
C
белс.
400°С
CuCl
2
қыздыру
Б
В
•
1. Көлемі 8 л ацетилен мен 14 л хлор (қ.ж.) әрекеттескенде қанша грамм тетрахло-
рэтан алынады?
Жауабы: 105 г.
•
2. Көлемі 3800 м
3
ацетилен алу үшін құрамында 97% метан бар табиғи газдың
қанша көлемі қажет? Метанның ацетиленге айналу дәрежесі 50%-ды құрайды.
Жауабы: 15670 м
3
.
•
3* Пропан, пропен және пропиннің массасы 4,96 г қоспасын жаққанда 8,06 г
көмірқышқыл газы түзілді (қ.ж.). Түзілген судың массасы неге тең?
Жауабы: 5,76 г.
•
4. Құрамында 10 % қоспасы бар 500 г кальций карбидінен алынатын ацетиленнің
көлемін (қ.ж.) есептеңдер. Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы
шығымы 75%.
Жауабы: 118,1 л.
122
§ 78. КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ТАБИҒИ КӨЗДЕРІ
Қазба отын көмірсутектерден (тек көміртек
пен сутектен тұратын қосылыстардан) өн-
діріледі. Олар терең жер қойнауында ерте
замандардағы табиғи жағдайлар мен атмосфера
әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың қал-
дықтарының шіруінен түзілген. Көмір, мұнай
және табиғи газ деп аталатын қазба отын
түрлерін электр қуатын алу үшін қол данады.
Сонымен қатар көліктерді энергиямен, үй-
лерді жылумен қамтамасыз ету үшін және
күнделікті өмірге қажетті басқа заттар өн-
дірісінің шикізаты ретінде де қолданылады
(114-сурет).
Құрамында көміртек бар қосылыстардың
басым көпшілігі шикі мұнайдан алынады.
Шикі мұнай көмірсутектердің қоспасынан тұрады. Мұнай құрамынан
1-ден 70-ке дейін көміртек атомдары бар көмірсутек моле кулалары
табылған.
Көмірсутектерді электрстансыларында жағу арқылы электр
қуатын алады (115-сурет). Көмірсутекті отынның жануы нәтижесінде
химиялық энергия жылу энергиясына айналады. Ол өз кезегінде суды
қыздырып, буға айналдырады. Бу генераторға жалғасқан турбиналарға
келіп түседі де электр энергиясын өндіреді. Ол біз қолданатын электр
энергиясы ретінде таралады.
Электр қуатын өндірумен қатар, көмірсутектерді бірнеше мақ-
сатта қолдануға болады. Бензин және дизель сияқты мұнай өнім-
де рін көліктерді жүргізу үшін, мұнай мен газды үйлерді жылыту
үшін қолданады. Сонымен қатар шикі мұнайды фракциялап әртүр лі
химиялық заттарды өндіреді. Олардың қолданылу аясы кең: көше-
лер ге төселетін асфальттан бастап ауылшаруашылығына қажетті
тыңайт қыштар мен пестицидтер, сондай-ақ ең бірінші қажеттілікті
қана ғат тандыратын заттар — мұнай-химия өндірісінің өнімдері болып
та бы лады (116-сурет).
Бүкіл әлем бойынша күнделікті 13 млрд литр мұнай қолданылады.
Сен білесің бе?
Көмірсутектер салыстырмалы түрде арзан болғандықтан, жеңіл
өндірілетіндіктен және тасымалдануы қолайлы болғандықтан ұзақ
уақыттан бері қолданылып келеді. Дегенмен, көмірсутек қорлары
шектеулі, бұл олардың қалпына келмейтін (жаңартылмайтын) ресурс
екенін білдіреді; себебі олар жер астында миллиондаған жылдар бойы
Бүгінгі сабақта:
•
көмірсутектердің табиғи
көздерін;
•
қазба отынның түзілуін;
•
көмірсутектердің
қолданылуын оқып-
үйренеміз
•
Көмірсутектер
•
Қалпына келмейтін
ресурстар
Тірек ұғымдар
123
Өсімдіктер күн энергиясын фото-
синтез процесі нәтижесінде химия-
лық энергияға айналдырады.
Шөгінді жыныстың астында қалған
қалдықтар қысым мен жылу
әсерінен көмірге, мұнайға және
газға айналады.
Өсімдіктер мен жануар-
лардың қалдықтары шө-
гінді жыныстың астында
қалады.
Жердің терең
қ о й н а у ы н а н
қазба отындар
өндіріледі.
Миллиондаған
жылдар
Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін
жойған соң микроорганизмдер
әсерінен ыдырайды.
114-сурет. Қазба отынның түзілуі
түзіледі, ал біз, адамдар, өте қысқа мерзімде өндіріп, пайдаланамыз.
Мұндай аз уақытта көмірсутектер қайта түзіліп үлгермейді (63-кесте).
Дүниежүзілік мұхиттағы CO
2
мөлшері Жер атмосферасына қарағанда
60 есе көп (140 триллион тонна).
124
6
3-кесте
Шөгінді жыныстардың түзілуі
Мұнайдың түзілуі көмірдің
түзілуіне ұқсас, бірақ
теңіз және көлдердегі
планктон немесе балдыр
тәрізді организмдердің
ыдырауы нәтижесінде
түзіледі. Көмірді түзген
өсімдіктер сияқты, бұл
организмдер ауыр шөгінді
жыныстардың астында
қалған. Олар өзгеріске
ұ ш ы р а ғ а н д ы қ т а н ,
нәтижесінде мұнай және
табиғи газ түзіледі.
Жүздеген миллион жыл
бұрын тіршілігін жойған
“су тұрғындары” шөгіп,
қалдықтарға айналған. Ол
жерде тотығу процесі үшін
қажет ауа және шіруді
туғызатын бактериялар
б о л м а ғ а н д ы қ т а н о л а р
ыдырай алмаған. Жо-
ғары қысым және тем пе-
ратура химиялық реак-
циялардың жүруіне жағ-
дай жасайды, олардың
қатысында органикалық
қалдықтардағы көмір-
тек сутекпен төмен моле-
кулалы көмірсутектер тү-
зіледі. Олар табиғи газ дар
деп аталады.
К ө м і р м и л л и о н д а ғ а н
жыл бұрын батпақтар
мен шұңқырларда жи-
нал ған өсімдіктердің қал-
дықтарынан түзіледі. Өсім-
діктер тіршілігі барысында
ол күн энер гиясын сіңіріп
бойында сақтаған, ал тір-
шілігін жойған соң жер
қой науын да шөгіндіге
айналған. Шөгінді жоғары
темпе ратура мен қысым
әсері нен физикалық және
хи миялық қасиеттерін
өзгертіп, нәтижесінде кө-
мір түзіледі.
Қазан
Бу
Су
Турбина Генератор
Электр
Қазба
отын көзі
115-сурет. Электр қуатының өндірілуі
125
116-сурет. Мұнайды қайта өңдеу өнімдері
Пластмассалар
Алкендер
Арендер
Бояулар
Қопарылғыш
заттар
Спирттер
Формалин
Альдегидтер
Карбон қышқылдары
Маталар
және
жабындар
ББЗ
Мотор
отыны
Медициналық
препараттар
Нитроқосылыстар
Дәрі-дәрмек
Пластмассалар
Пластмассалар
Спирттер
♦
Мұнай кен орындары әр құрлықта және әлемдік мұхиттың түбінде кездеседі, бірақ оның
негізгі қорлары бірнеше аймақта шоғырланған. Мәселен, Таяу Шығыста әлемнің мұнай
қорларының 65% -ы кездеседі, оның ішінде негізгі бөлігі Сауд Арабиясына тиесілі.
Геологиялық барлау қорының зерттеуі бойынша Қазақстан мұнай қорынан әлемде
13-орында, мұнайдың жалпы қоры 2,8 млрд. тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда
126
160-тан астам мұнай кен орындары бар, ал қалған 60-ы даму үстінде. Мұнайдың негізгі
бөлігі Батыс Қазақстанда орналасқан. Ембі өзенінің бассейнінде Мақат, Доссор және басқа
да мұнай кеніштері бар. Маңғыстау қазына түбегі деп аталады, мұнда үлкен мұнай қоры та-
былды. Ең танымал кен орындары — Жетібай, Өзен, Тасболат, Теңге және басқалар. Атырау
облысында — Қаражамбас және Қаламқас, Теңіз мұнай кен орындары бар. Қазақстанның
барлық белгілі мұнай қорларының айтарлықтай бөлігі Ақтөбе облысында. Облыстағы ең ірі
мұнай-газ кен орны Жаңажол елімізде өндірілетін мұнай көлемі бойынша төртінші орында.
Көмірсутектердің жануы қоршаған ортаға зиян келтіреді, атап
айтқанда жаһандық жылынудың негізгі себебі болып табылады.
Жаһандық жылынуда ең басты рөлді су буы мен көмірқышқыл газы
атқарады. Олардың үлесіне жылыжай эффектісінің 95%-ы тиесілі. Осы
екі газ тәрізді заттың әсерінен Жер атмосферасының температурасы
33°С-қа көтеріліп отыр. Атмосферадағы СО
2
газының антропогендік
эмиссиясының шамамен 65%-ы қазба отын — мұнай, газ және көмірді
жағуға байланысты.
Біздің өңірде мұнай барлау жұмыстарын XIX ғасырдың соңында белгілі
швед кәсіпкері Эммануэль Нобельдің ұлдары — Роберт пен Людвиг Нобель
ұйымдастырды. 1914 жылы Ембі ауданында Жуса және Мортық кен орындары
ашылды. Жаңажол және Кеңқияқ сияқты ірі кен орындарының арқасында Батыс
Қазақстан облысы pеспубликамыздың экономикасының жетекші орындарының
бірі болып табылады.
Сен білесің бе?
Қазба отын көмірсутек қосылыстарынан өндіріледі,
ол терең жер қойнауындағы өсімдіктер мен жануар-
лардың қалдық тарының шіруі нәтижесінде түзілген.
Шикі мұнай көмірсутектер қоспасы болып табылады.
Электр қуатын өндірумен қатар, біз көмірсу тектерді
көптеген басқа мақсаттарға қолданамыз.
1. Көмірсутектердің табиғи көздерін атаңдар.
2. Көмір, мұнай және табиғи газ қалай түзілген?
3. Көмірсутектерді қандай мақсатта қолданады?
4. Мұнайды қайта өңдеуде қандай өнімдер алынады?
5. Не себепті көмірсутектер қалпына келмейтін табиғи ресурстарға жатады?
6. Отынның жануы қоршаған ортаға қандай экологиялық әсер етеді?
7. Қазақстандағы табиғи газ бен таскөмірдің кен орындарын атаңдар?
•
1. Поляр ендігіндегі мұхиттың суық сулары сорғы ретінде көмірқышқыл газын сіңіреді,
ал суы жылы болатын экваторлық және тропикалық аймақтарда атмосфераға CO
2
газын бөліп шығарады. Атмосфера мен мұхит арасындағы осы алмасу процесіне
жыл сайын 100 миллиард тонна СО
2
қатысады. Бұл процеске қанша молекула
көмірқышқыл газы қатысатынын есептеңдер?
•
2.
Егер үйде газ есептегіш бар болса, отбасы айына қанша газ тұтынатыны туралы
ата-аналарыңнан сұраңдар. Бұл кезде көмірқышқыл газының қандай көлемі
бөлінеді және қанша литр оттек пен ауа қажет (ауадағы оттектің көлемдік үлесін
20%) екенін есептеңдер. Реакция теңдеуі: CH
4
+ 2O
2
→ CO
2
+ 2H
2
O
127
Достарыңызбен бөлісу: |