Оспанова М. Қ. Аухадиева Қ. С


§ 88.  КӨПАТОМДЫ  СПИРТТЕР



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата09.10.2019
өлшемі15,47 Mb.
#49518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ospanova Himia 10 EM kz II chast

§ 88.  КӨПАТОМДЫ  СПИРТТЕР
Құрылысы. Көпатомды спирттер деп моле-
куласында көмірсутек радикалы бірнеше гид-
роксил  тобымен  байланысқан  қосылыстарды 
айтады.
Көпатомды  спирттердің  формуласын  да 
бір атомды  спирттер  сияқты  сәйкес  көмірсу-
тектердегі  сутек  атомдарын  гидроксил  топ-
тарымен алмастыру арқылы жасауға болады.
Егер көмірсутек молекуласындағы екі сутек 
атомы  гидроксил  топтарымен  алмасса,  онда 
екіатомды  спирт  формуласын  алуға  болады. 
Мұндай  спирттердің  ең  қарапайым  өкілі  — 
этиленгликоль (этандиол-1,2) (139-сурет). 
СН
3
СН
2
—OH
СH
3
СH
2
—OH
Бүгінгі сабақта:

көпатомды спирттерді 
қарастырамыз

Екіатомды спирттер

Үшатомды спирттер

Құрылысы

Алынуы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

Қолданылуы
Тірек ұғымдар

173
Егер көмірсутек молекуласындағы үш сутек атомы гидроксил топ-
тарымен  алмасса,  онда  үшатомды  спирт  түзіледі.  Мысалы,  пропан 
формуласынан қарапайым үшатомды спирт — глицериннің формуласы 
шығады (140-сурет):
СН
3
—СН
2
—СН
3
  
СH
2
—CH—CH
2
OH
OH OH
глицерин
(пропантриол 1,2,3)
Бұл  спирттерден  де  атомдығы  жоғары  спирттер  белгілі.  Барлық 
көпатомды  спирттерде  гидроксил  топтары  әртүрлі  көміртек  атомда-
рымен байланысқан.
Халықаралық  номенклатура  бойынша  көпатомды  спирттердің 
атау лары сәйкес көмірсутек атына 
диолтриол қосымшаларын қосу 
арқылы жасалады. Содан кейін дефис арқылы көмірсутектегі гидрок-
сил топтарының орны көрсетіледі.
Көпатомды  спирттерге  көміртек  қаңқасының  және  гидроксил 
топтарының орнына байланысты изомерлену тән болады.
Алынуы. Этилен калий перманганатымен тотыққанда этиленгликоль 
түзілетінін  біз  білеміз.  Біратомды  спирттер  сияқты,  этиленгликоль 
мен  глицеринді  сәйкес  көмірсутектердің  галоген  туындыларынан  да 
алуға болады:

СН
2
—Cl
СН
2
—OH
СH
2
—Cl
СH
2
—OH
Н
2
O
Н
2
O
+
+ 2HCl
Глицеринді өсімдік және жануар майларынан алады. Соңғы кездері 
ол  мұнай  өнімдерін  крекингілеу  нәтижесінде  түзілетін  пропиленнен 
синтездік тәсілмен алынады.
Физикалық  қасиеттері.  Этиленгликоль  мен  глицерин  —  түссіз, 
шырын тәріздес, тәтті дәмі бар су мен этанолда жақсы еритін заттар. 
Этиленгликоль 197,6°С, ал глицерин 290°С температурада қайнайды. 
Этиленгликоль — өте улы зат!
139-сурет. Этиленгликоль 
молекуласының моделі
140-сурет. Глицерин 
молекуласының моделі

174
Химиялық  қасиеттері.  Құрамында  гидроксил  топтары  бар  заттар 
ретінде көпатомды спирттер химиялық қасиеттері жағынан біратомды 
спирттерге  ұқсас  болады.  Мысалы,  натрий  олардың  құрамындағы 
сутекті ығыстырады: 

СН
2
OH
СН
2
—ONa
СH
2
OH
СH
2
—ONa
+  2Na
+ H
2

Галогенсутек  қышқылдары  спирттермен  әрекеттесіп,  гидроксил 
топтарының орнын басады:
СH
2
OH—CH
2
OH + HCl → CH
2
OH—CH
2
Cl + H
2
O
Сонымен  қатар  көпатомды  спирттер  өздеріне  тән  қасиеттер  де 
көрсетеді. Егер жаңа әзірленген мыс (II) гидроксидіне сілті қатысында 
глицерин қосып, қоспаны шайқаса, тұнба еріп, мыс глицератының көк 
түсті ерітіндісі түзіледі:
2СНОН + Сu(OH)
2
 → CH—O—Cu ← O—CH + 2H
2
O
мыс (ІІ) глицераты
СН
2
ОН

СН
2
ОН

СН
2
ОН

HO—СН
2

H
СН
2
—О—Н

O—СН
2

Бұл  көпатомды  спирттерге  сапалық  реакция  болып  табыла-
ды.  Сондай-ақ  бұл  реакция  спирттердің  әлсіз  қышқылдық  қасиет 
көрсететінін дәлелдейді.
Көпатомды  спирттер  молекуласында  гидроксил  топтарының 
санының  өсуі  олардағы  сутек  атомдарына  біратомды  спирттерге 
қарағанда қозғалғыштық қасиет береді.
Глицерин  органикалық  және  бейорганикалық  қышқылдармен 
әрекеттесіп  күрделі  эфирлер  түзеді.  Глицерин  азот  қышқылымен 
әрекеттесіп азот қышқылы мен глицериннің күрделі эфирі — нитро-
глицерин түзеді:
СН
2
—OH
СH
2
—O—NO
2
СH
2
—O—NO
2
СH—OH + HONO
2
    
H
2
SO
4
    СH—O—NO
2
 + 3H
2
O
СH
2
—OH
HONO
2
HONO
2
Бірақ “нитроглицерин” заттың молекула құрылысына сәйкес емес, 
тарихи қалыптасқан атау.
Қолданылуы. Этиленгликоль талшық (лавсан) өндіруде және авто-
мобиль  радиатор ларына  пайдаланатын  антифриз  (қатпайтын  сұйық) 
алуға қолда нылады. 
Глицерин нитроглицерин және динамит алуға, антифриз жасауда, 
парфюмерия мен тамақ өнеркәсібінде, медицинада теріні жұмсартатын 

175
жақпамай, жеңіл өнеркәсіпте маталарға жұмсақтық пен созылғыштық 
қасиет беретін зат ретінде қолданылады.
Нитроглицериннің 1%-дық ерітіндісі мен таблеткалары медицинада 
қантамырларын кеңейткіш ретінде пайдаланылады.
Этиленгликольдің 66%-дық ерітіндісі тек –60°С температурада қатады. Эти-
ленгликольге глицеринді қосу автомашиналардың су сорғыларының жұмыс істеу 
мерзімін ұлғайтады.
Сен білесің бе?
Спирттер мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс
Біз жоғарыда спирттерді құрамында гидроксил топтары бар көмірсу-
тектердің туындылары ретінде қарастыруға болатынын байқадық. 
Көмірсутек молекуласындағы сутек атомын тікелей гидроксил то-
бына алмастыру немесе көмірсутек құрамына оттекті енгізу өте қиын. 
Сондықтан  мұны  көмірсутектердің  галогентуындыларын  қолдану 
арқылы жүзеге асырады. Мысалы, этаннан этил спиртін алу үшін ал-
дымен бромэтан алу қажет:
С
2
Н
6
 + Br
2
 → C
2
H
5
Br + HBr
Содан кейін су және сілті қатысында бромэтанды қыздырып, спирт 
алуға болады:
C
2
H
5
Br + НОН ↔ C
2
H
5
ОН + НBr
Мұндағы сілті бромсутекті бейтараптау және оның спиртпен әрекет-
тес пеуі, яғни тепе-теңдіктің қажетті өнім түзілу жағына ығысуы үшін 
қажет.
 
Көпатомды спирттер деп, молекуласында көмірсутек 
радикалы  бірнеше  гидроксил  тобымен  байланысқан 
қосылыстарды  айтады.  Халықаралық  номенклатура 
бойынша  көпатомды  спирттердің  атаулары  сәйкес 
көмірсутек атына “диол”, “триол” қосымшаларын қосу 
арқылы жасалады. Содан кейін дефис арқылы көмір-
сутектегі гидроксил топтарының орны көрсетіледі.
Көпатомды спирттерге көміртек қаңқасының және гидроксил топта-
ры ның орнына байланысты изомерлену тән болады. Көпатомды спирт-
тер  молекуласында  гидроксил  топтарының  санының  өсуі  олардағы 
сутек  атомдарына  біратомды  спирттерге  қарағанда  қозғалғыштық 
қасиет береді.
  1.  Қандай  қосылыстар  көпатомды  спирттер  деп  аталады?  Бутантриол-1,2,4-тің 
молекулалық, құрылымдық және электрондық формуласын жазыңдар.
 
2.  Этиленгликоль мен глицериннің химиялық қасиеттерін сипаттаңдар. Біратомды 
және  көпатомды  спирттердің  қасиеттеріндегі  ұқсастық  пен  айырмашылықты 
көрсететін тиісті химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
 
3.  Этиленгликоль  мен  глицерин  қолданылуы  туралы  не  білесіңдер?  Олардың 
қолданылуы қандай қасиеттеріне негізделген?

176
 
4.  Төмендегі спирттерді синтездеудің реакция теңдеулерін жазыңдар:
 
  а) этиленді калий перманганатының KMnO
4
 ерітіндісімен тотықтырып этиленгли-
коль алу реакциясы;
 
  ә) Сілті қатысында 1,2,3-трихлорпропанды гидролиздеп глицерин алу реакциясы;
 
  б) Күкірт қышқылы қатысында этиленді катализдік гидратациялап этанол алу 
реакциясы.
 

1.  Массасы 3,6 г глицеринді натрийдің артық мөлшерімен әрекеттесетіріп неше литр 
(қ.ж.) газ алуға болады?  
Жауабы: 1,3 л.
 

2.  Көлемі 108 м
3
 (қ.ж.) этиленнен қанша этиленгликоль алуға болады? Теориялық 
мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымының массалық үлесі 0,78.
 
 
 
Жауабы: 233 кг.
№8-ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫС
Спирттердің суда ергіштігі, жануы, біратомды және көпатомды 
спирттерге сапалық реакциялар
Реактивтер:
этанол; бутанол-1; су;
натрий гидроксидінің 10%-дық, 
мыс (ІІ) сульфатының 3%-дық ерітінділері;
фуксин ерітіндісі.
Химиялық ыдыстар мен мен құрал-жабдықтар: 

сынауықтар;

сынауыққа арналған тұрғы;

кәрлен табақша, сіріңке;

шыра.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе.  Спирттердің  судағы  ерігіштігі.  Сынауықтарға  5  мл-
ден  этанол  және  бутанол-1  құйыңдар.  Спирттердің  үстіне  фуксин 
тамызылған  20  мл  су  қосыңдар.  Спиттердің  тығыздығы  судың 
тығыздығынан  аз  болғандықтан  олар  жоғары  қабатты  құрайды.
Сынауықтарды шайқаңдар. Этанол жақсы ериді, бутанол-1 аз ериді. 
Тапсырма: Спирттердің судағы ерігіштігіне көңіл аударып, тиісті 
қорытынды жасаңдар.
2-тәжірибе.  Жануы.  Екі  кәрлен  табақшаның  біреуіне  шамамен  
2 мл этанол, екіншісіне 2 мл бутанол-1 құйып, оларға тұтанған шыраны 
жақындатыңдар. Этанол көгілдір, әлсіз жарқырайтын жалынмен, ал 
бутанол-1 жарық жалынмен жанады.
Тапсырма:  Тәжірибеде  байқаған  құбылыстарды  түсіндіріп,  тиісті 
қорытындылар жасаңдар. 
3-тәжірибе. Көпатомды спирттерге сапалық реакция 
Сынауыққа  5  мл  глицерин  ерітіндісін  құйып,  оған  5—6  тамшы 
мыс (II) сульфатын тамызып, үстінен тұнба түзілгенше натрий гидрок-
сидін қосыңдар. 
Тапсырма:  Тәжірибеде  байқаған  құбылыстарды  түсіндіріп,  тиісті 
қорытындылар жасаңдар.

177
§ 89.  ФЕНОЛДАР
Фенолдар — молекуласындағы бензол сақи-
насының  сутек  атомдарының  орнын  гидрок-
со топтардың  тиісті  саны  басқан  ароматты 
көмірсутектердің  туындылары.Фенолдарда  
гидроксотоптар  тікелей  бензол  сақинасымен 
байланысқан.
Молекуласындағы  гидроксотоптардың  са-
нына қарай фенолдар бір, екі және үшатомды 
болады.
Қарапайым  біратомды  қосылыс  —  фенол 
деп аталады. Басқа фенолдардың формулала-
ры, олардың жүйелік және тарихи атаулары 
66-кестеде (жақшада) берілген:
66-
кесте
C
ОH
CH
CH
CH


C
ОH
C–ОH
CH
CH


C
ОH
C–ОH
CH
CH


фенол
1,2-дигидроксибензол 
(пирокатехин)
1,3-дигидроксибензол 
(резорцин)
C
ОH
ОH
CH
CH
C


1,4-дигидроксибензол 
(гидрохинон)
Фенолдарға бензол сақинасымен байланысқан гидроксил топтарының 
және сақинадағы басқа атом топтарының орнына байланысты изомер-
лену тән.

Бүйір тізбегінде гидроксотоптар болатын ароматты көмірсутектердің 
туындысы ароматты спирттер деп аталады. Мысалы: 
Бүгінгі сабақта:

Фенолдармен 
танысамыз

Фенолдар

Құрылысы

Изомерленуі

Алынуы
Тірек ұғымдар

178
CH

— ОH
H
CH
CH
C


бензол спирті С
6
H
5
CH
2
OH
Ароматты спирттер химиялық қасиеттері жағынан қаныққан бір-
атомды спирттерге ұқсас болып келеді.
Құрылысы. Фенол молекуласының құрамына ароматты радикал — 
фенил  С
6
H
5
  кіреді.  Ол  гидроксил  тобына  әсер  етіп,  сутек  атомының 
оттекпен байланысын әлсіретеді. Нәтижесінде O – H байланысындағы 
электрон  тығыздығы  сутектен  оттекке  қарай  ығысып,  байланыс 
полюсті,  ал  сутек  атомы  қозғалғыш  болады  және  реакцияға  түсу 
қабілеті артады (141-сурет).
—H
O
..
..
141-сурет. Фенол молекуласының шарөзекті және масштабты модельдері
Алынуы.  Өнеркәсіпте  қажетті  фенол  таскөмір  шайырларынан 
алынады. Бірақ бұл фенолға деген сұранысты толық қамтамасыз ете 
алмайды. Сондықтан фенолды бензолдан синтездеп алу — мына сызба 
бойынша жүзеге асады: 
С
6
H


 
С
6
H
5
Cl
 
→ С
6
H
5
OH
Галоген  атомы  қаныққан  көміртек  радикалына  қарағанда  бензол 
сақинасымен  берік  байланысады.  Сондықтан  галогентуындылардың 
гидролизі қатаң жағдайларда жүзеге асады (
t° = 300
0
C, 
р
= 200 атм):

179
CH
CH
Сl
+ NaOH
хлорбензол
Фенол
+ NaCl
С
НС



t
0

p
OH
СH
СH

С

Бірақ бұл тәсіл экономикалық жағынан тиімсіз, әрі қазіргі кезде 
өзінің  практикалық  маңызын  жойған.  Қазір  фенолды  алудың  кең 
тараған арзан кумолдық тәсілі қолданылады. Онда фенол бензол мен 
пропиленнен екі сатыда алынады. Процесс нәтижесінде фенолдан басқа 
тағы бір маңызды өнім ацетон алынады:




СH
СH
СH
СH
С
СH
СH
СH
+ СH
2
 = CH —CH
3
H
3
C—CH—CH
3
AlCl
3
бензол
пропилен
изопрпилбензол
(кумол)
CH
CH
H
2
SO
4
OH
CH
CH
+O
2
C
C
CH
CH
O




+ H
3
С—C—CH
3
H
3
С—CH—CH
3
диметилкетон
(ацетон)
Дүние  жүзінде  фенол  мен  ацетонның  барлық  массасы  осы  тәсіл 
бойынша алынады.
 
Фенолдар — молекуладағы бензол сақинасындағы 
сутек атомдарының орнын гидроксотоптардың тиісті 
саны басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. 
Фенолдарда гидроксотоптар тікелей бензол сақинасымен 
байланысқан.
Молекуласындағы  гидроксотоптардың  санына 
қарай фенолдар бір, екі және үшатомды болады. Фе-
нолды  кумолдық тәсілмен бензол мен пропиленнен алады. Процесс 
нәтижесінде фенолдан басқа маңызды өнім ацетон алынады.
1.  Қандай  заттар  фенолдар,  ал  қандай  заттар  ароматты  спирттер  деп  аталады?            
а) фенолдарға; ә) ароматты спирттерге жататын үш заттың құрылымдық форму-
лаларын жазыңдар.
 
2.  Фенолдың электрондық формуласын жазып, гидроксил тобындағы сутек атомы 
біратомды  спирт  молекуласындағы  сутек  атомдарымен  салыстырғанда  неге 
қозғалғыш болатынын түсіндіріңдер.
 
3.  Заттар  айналымын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар:
 
  CH
4
 → C
2
H
2
 → C
6
H


 C
6
H
5
Cl
 

 C
6
H
5
OH

180
§ 90.  ФЕНОЛДЫҢ  ҚАСИЕТТЕРІ  МЕН  ҚОЛДАНЫЛУЫ
Физикалық қасиеттері. Фенол өзіне тән иісі 
бар түссіз кристалды зат (142-сурет).
Ауада тотығуына байланысты көп жағдайда 
оның  түсі  қызғылт  болады.  Фенол  жылдам 
балқиды. Оған ішінде фенол бар сынауықты 
ыстық суға батыру арқылы көз жеткізуге бола-
ды (балқу температурасы 40,9°С). Салқын суда 
фенол ерімейді, ал 70°С температурада шексіз 
мөлшерде өте жақсы ериді. 
Фенол улы, теріге тисе күйдіретінін естен 
шығармаған абзал.
Химиялық  қасиет тері.  Фенолдың  химия-
лық қасиеттері оның молекуласындағы бензол 
сақинасы мен гидроксил тобының өзара әсеріне 
байланысты.
Фенол  молекуласында  гидроксотоптардың 
болуы оның химиялық қасиетінің спирттерге 
ұқсастығын  көрсетеді.  Ал  бензол  ядросының 
гидроксотопқа  әсері  ондағы  сутек  атомына 
қозғалғыштық қасиет береді. Сондықтан фенол 
спирттерден ерекше әлсіз қышқылдық қасиет 
көрсетіп, сілтілермен әрекеттеседі. 
Гидроксотоп  бензол  сақинасындағы  2,4,6 
орында тұрған сутек атомдарының реакциялық 
белсенділігін арттырады.
Фенолдың гидроксотопқа байланысты химия лық қасиеттері:
1. Спирттерге ұқсастығы:
2C
6
H
5
OH + 2Na 
→ 2C
6
H
5
ONa + H
2

натрий феноляты
2. Спирттерден айырмашылығы:
C
6
H
5
OH + NaOH 
→ C
6
H
5
ONa + H
2
O
Фенолдың бензол сақинасына байланысты химиялық қасиеттері:
1. Бромдау реакциясы:
OH
OH
HC
HC
HC
CH
CH
CBr
+ 3HBr
+ 3Br
2
CBr
BrC
CH
CH
C
C
2,4,6-трибромфенол
Бүгінгі сабақта:

Фенолдың 
қасиеттерімен 
танысамыз және оның 
қолданылу аясын білетін 
боламыз

Фенолдар

Қасиеттері

Қолданылуы
Тірек ұғымдар
142-сурет. Фенол

181
2. Нитрлеу реакциясы:
HC
HC
CH
CH
NO
2
NO
2
+ 3H
2
O
H
2
SO
4
+ 3HONO
2
NO
2
C
C
C
C
C
C
OH
OH
H
2,4,6-тринитрофенол немесе 
пикрин қышқылы
 
Қолданылуы. Фенол және оның туындылары дәрі-дәрмектер, пласт-
массалар,  бояулар,  қопарғыш  заттар  алуда  қолданады  (143-сурет). 
Пирокатехин адреналин гормонын алуға пайдаланылады. Фенолдың 
судағы ерітіндісінің залалсыздандырғыш қасиеті бар. Фенолформаль-
дегид шайырларынан алынатын пластмассалардың беріктігі жоғары, 
химиялық тұрақты, электроқшаулағыш қасиеттері бар. Олардан радио-
техника аппараттарының және жоғары температура мен зиянды ортада 
жұмыс жасайтын аппараттардың тетіктері жасалады.
Фенол мен оның туындылары адам және қоршаған орта үшін зиян-
ды. Сондықтан фенол қалдықтары, өндірістің құрамында фенол бола-
тын қосымша өнімдері арнайы қондырғылар арқылы сіңіріліп, оларды 
тотықтыру процестері жүргізіледі, ағын сулар озонмен залалсыздан-
дырылады. Ғалымдар қоршаған ортаны қорғаудың басқа да әдістерін 
қарастыруда.
Фенолды сапалық анықтау үшін темір (III) хлоридін пайдаланады, 
нәтижесінде күлгін түсті қосылыс пайда болады.
 
Фенолдың химиялық қасиеттері оның молеку ласын-
дағы бензол сақинасы мен гидроксил тобының өзара 
әсеріне байланысты. Фенол спирттерден ерекше әлсіз 
қышқылдық қасиет көрсетіп, сілтілермен әрекеттеседі.
Гидроксотоп  бензол  сақинасындағы  2,4,6  орында 
тұрған сутек атомдарының реакциялық белсенділігін 
арттырады.
  1.  Заттар  айналымын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар: CH
4
 → C
2
H


 C
2
H

 → C
2
H
2
 → C
6
H


 C
6
H

OH → 2,4,6 → тринитрофенол 
 
   
 
 
 
 
 
 
          (пикрин қышқылы) 
  
2.  Органикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланысты 
көрсететін сызбанұсқаға реакция теңдеулерін құрастырыңдар: 
 
  алкан  алкен → алкин → ароматты көмірсутектер → ароматты көмірсутектердің 
галогентуындылары → фенолдар.
 

1.  Фенолдың спирттік ерітіндісіне натрийдің артық мөлшерімен әсер еткенде 6,72 л 
(қ.ж.) газ түзілді. Фенол ерітіндісінің осындай мөлшерін бром суымен өңдегенде 

182
массасы 16,55 г тұнба түзіледі? Фенолдың спирттегі ерітіндісінің массалық құрамы 
қандай? 
Жауабы11,5 г этанол, 4,7 г фенол.
 
• 2.  Бром суына фенолдың артық мөлшерімен әсер еткенде массасы 24 г тұнба түзіледі. 
Ерітіндідегі бромның массасын есептеңдер.
Жауабы: 34,4 г.
Пикрин  қышқылы  сары  түсті  кристалды  зат.  Ол  Париждегі  тоқыма  өнер-
кәсібінде қопарылыс болып, оның күлі көкке ұшқанға дейін сары бояу ретінде 
қолданылып келген.
Сен білесің бе?
143-сурет. Фенолдың қолданылуы. 
1 — капролактам; 2 — фенолформальдегидті шайыр; 3 — пестицидтер;  
3 — дәрі-дермек; 5 — антисептиктер; 6 — полимер тұрақтандырғыштары;  
7 — қантты алмастырғыш; 8 — бояулар; 9 — жуғыш заттар

183
ГЛОССАРИЙ
(словарь терминов на казахском, русском и английском языках)
Авогадро  заңы  —  бірдей  жағдайда  (температура  мен  қысымда)  әртүрлі  газдардың 
бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады.
Закон Авогадро — в равных объемах любых газов при одинаковых температуре и 
давлении содержится одинаковое число молекул.
Avogadro’s Law — If you’ve got two gases under the same conditions of temperature, 
pressure, and volume, they’ve got the same number of particles (atoms or molecules). 
This law only works for ideal gases, none of which actually exist.
Акцептор — донордан электрон жұбын қабылдай алатын және онымен коваленттік 
донорлы-акцепторлы байланыс түзетін бөлшек немесе молекула.
Акцептор — частица или молекула, способная принять электронную пару от донора 
и образовать с ним ковалентную донорно-акцепторную связь.
Acceptor — in chemistry an atom or compound to which electrons are donated during 
the formation of a coordinate covalent bond.
Алкандар  —  (қаныққан  көмірсутектер,  парафиндер).  Жалпы  формуласы  С
n
H
2
n+2

құрамында тек дара коваленттік байланыстар болатын көмірсутектер.
Алканы  —  или  предельные  углеводороды,  парафины,  (алкандар;  аlkanes)  с  общей 
формулой С
n
H
2
n+2
, содержащие только одинарные ковалентные связи.
Alkane — An organic molecule which contains only single carbon-carbon
bonds with general formula C
n
H
2
n+2
.
Алкендер (этилен көмірсутектері, олефиндер) — жалпы формуласы С
n
H
2
n
, құрамында 
бір қос байланыс болатын қанықпаған көмірсутектер.  
Алкены  (этиленовые,  олефины)  —  непредельные  углеводороды  с  общей  формулой 
С
n
H
2n
, содержащие одну двойную связь.
Alkene — An organic molecule containing at least one C=C bond with general formula C
n
H
2n
Алкиндер  —  жалпы  формуласы  С
n
H
2
n-2
,  құрамында  бір  үш  байланыс  болатын 
қанықпаған көмірсутектер.
Алкины — непредельные углеводороды, с общей формулой С
n
H
2
n-2
, содержащие одну 
тройную связь.
Alkyne  —  An  organic  molecule  containing  at  least  one  C-C  triple  bond  with  general 
formula C
n
H
2
n–2.
Аллотропия — бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы, мысалы, 
оттек пен озон оттек химиялық элементінің аллотропиялық түрөзгерістері. 
Аллотропия  —  явление  существования  нескольких  простых  веществ  для  данного 
элемента, например кислород и озон.
Allotrope —  Two or more elements with the same physical components, but different 
structural forms. The physical, and chemical properties of allotropic forms of an element 
are totally different from each other.
Альфа-ыдырау  (α-ыдырау,  α-  disintegration)  —  нәтижесінде  гелий  атомдарының 
ядросы бөлінетін радиоактивті ыдырау.
Альфа-распад — радиоактивный распад, при котором выделяются ядра атомов гелия.
Alpha-particle decay — a common mode of decay for radioactive nuclides in which the 
mass number changes
Альфа-бөлшектер (α-сәуле шығару, α-particle) — радиоактивті ыдырау кезінде түзілген 
гелий атомдарының ядросы.
Альфа-частицы — ядра атомов гелия, излучаемые при радиоактивном распаде.

184
Alpha particle — A radioactive particle equivalent to a helium nucleus (2 protons, 2 
neutrons)
Анион — теріс зарядталған ион.
Анион — отрицательно заряженный ион. 
Anion  
 A negatively charged particle or ion.
Анод — тотығу процесі жүзеге асатын электрохимиялық ұяшықтағы электрод.
Анод  —  электрод  в  электрохимической  ячейке,  на  котором  происходит  процесс 
окисления. 
Anode — The electrode where oxidation occurs. In other words, this is where electrons 
are lost by a substance.
Атом — заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кіші бөлшегі.
Атом — химически неделимая, мелчайщая частица вещества. 
Atom —  The smallest structural unit of any chemical element is called an atom.
Атомдық масса — химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы деп берілген 
элементтің  атомдық  массасының  көміртек  атомы 
12
C  массасының  1/12  бөлігіне 
қатынасын айтады.
Атомная  масса  —  относительная  атомная  масса  отношение  массы  атома  данного 
элемента к 1/12 массы атома углерода 
12
C. 
Atomic mass unit (a.m.u.) — This is the smallest unit of mass we use in
chemistry, and is equivalent to 1/12 the mass of carbon-12. To all intents and
purposes, protons and neutrons weigh 1 a.m.u.
Атомдық нөмір (реттік нөмір) — кез келген элемент атомындағы протон, электрон 
сандарын және ядро зарядын көрсетеді.
Атомный  номер  (порядковый  номер)  —  показыевает  число  протонов,  электронов, 
заряд ядра в атоме любого элемента.  
Atomic Number — The number of protons present in the nucleus of an atom.
Бета-бөлшектер — радиоактивті ыдырау нәтижесінде бөлінетін электрондар.
Бета-частицы (β-частица; β-particle) — электроны, испускаемые при радиоактивном 
распаде. 
Beta  Particle    Negatively  charged  particles  emitted  by  the  nucleus  of  radioactive 
elements.
Валенттілік — молекуладағы бір химиялық элемент атомының басқа химиялық эле-
мент атомдарымен түзетін байланыс саны.
Валентность — число химических связей, которыми данный атом соединен с другими 
атомами в молекуле.
Valency 
 Valency is a chemical property of an element, that defines the highest number 
of bonds that its atom can form with other univalent atoms like hydrogen, chlorine etc.
Ішкі  энергия  —  заттың  (жүйенің)  ішкі  энергиясы 
U  осы  затты  құрайтын  барлық 
бөлшектердің энергиясы, ол кинетикалық және потенциалдық энергиялардан тұрады.
Внутренняя энергия — внутренняя энергия 
U вещества (или системы) — это полная 
энергия частиц, составляющих данное вещество. Она слагается из кинетической и 
потенциальной энергий частиц.
Internal Energy  Internal energy can be defined as the sum of kinetic energy, potential 
energy and all other forms of energy that exist inside metals or crystals or molecules.
Тотықсыздану — атомның немесе бөлшектердің электронды қосып алу процесі.
Восстановление — процесс присоединения атомом или частицей электронов.
Reduction  The chemical process that involves gaining of electrons by an atom or an ion.

185
Тотықсыздандырғыштар — электронын беретін атом, молекула немесе иондар.
Восстановители — атомы молекулы или ионы, отдающие электроны.
Reducing Agent  A chemical substance that oxidizes itself for the reduction of another 
reactant, in a chemical reaction is known as reducing agent.
Газ — заттың көлемі мен пішінін сақтамайтын агрегаттық күйі.
Газ — такое состояние, в котором вещество не имеет ни своей формы, ни объема.
Gas — Matter in a form that has low density, is easily compressible and expandable, and 
expands spontaneous.
Гамма бөлшектер — радиоактивті ыдырау нәтижесінде бөлінетін үлкен энергиялы 
электромагниттік сәулелелер.
Гамма-частицы (γ- частицы; γ-particle) — электромагнитное излучение высокой энер-
гии, испускаемое при радиоактивном распаде.
Gamma γ particles  Gamma rays to form are a type of electromagnetic radiation with 
high energy and penetrating power and are released by atoms of radioactive elements.
Гетерогенді жүйелер — агрегаттық күйлері әртүрлі заттардан тұратын жүйе.
Гетерогенные системы — такие системы, которые содержат вещества в различных 
агрегатных состояниях.
Heterogeneous systems  A heterogeneous mixture is made by combining two or more 
substances with different structures or phases.
Гибридтену — пішіні әртүрлі, энергиясы шамалас орбитальдардың араласып, пішіні 
мен энергиясы бірдей гибридтенген жаңа орбитальдардың түзілуі.
Гибридизация  —  смешивание  и  выравнивание  электронных  облаков  по  форме  и 
энергии.
Hybridization — The term hybridization is used to define the merging of one set of atomic 
orbitals, for the formation of new orbitals.
Гидрлену — еселі байланыстары бар органикалық заттардың сутекті қосып алу реак-
ция сы.
Гидрирование — реакция присоединения водорода к органическим веществам, име-
ющим кратные связи.
Hydrogenation  When hydrogen is added to a carbon-carbon multiple bond.
Гидролиз — күрделі заттардың сумен әрекеттесу реакциясы, мысалы тұздар немесе 
күрделі эфирлердің гидролизі.
Гидролиз — реакция взаимодействия сложных веществ с водой. Например, гидролиз 
солей или сложных эфиров.
Hydrolysis.The decomposition of a compound by means of water (or the OH∓ ion), the 
water also being decomposed in the reaction.
Гомогенді  жүйелер —  беттердің  бөліну  шекарасы  жоқ,  агрегаттық  күйлері  бірдей 
заттардан тұратын жүйе.
Гомогенные системы — такие системы, которые содержат вещества в одинаковых 
агрегатных состояниях, системы, где нет границы раздела поверхностей.
Homogeneous systems  A type of mixture made up of substances that have uniformity 
in terms of composition and property.
Топ — периодтық жүйедегі қасиеттері ұқсас элементтер орналасқан тік қатар.
Группа (в периодической системе) — вертикальный столбец элементов в периодиче-
ской таблице, обладающих общими свойствами.
Group (Periodic Table)  In the periodic table, the vertical columns in which elements 
with similar properties are placed are known as groups.
Дегидрлену — органикалық заттардан сутектің бөлінуі реакциясы.
Дегидрирование — реакция отщепления водорода от органических веществ. 

186
Dehydrogenation  is a chemical reaction that involves the removal of hydrogen from 
an organic molecule. It is the reverse of hydrogenation.
Диссоциация (электролиттік) — электролиттің катиондар мен аниондарға ыдырауы.
Диссоциация (электролитическая) — распад электролита на катионы и анионы.
Dissociation — When water dissolves a compound.
Диффузия — екі немесе одан да көп заттар жанасқанда молекулалардың жылулық 
қозғалысынан молекулалар мен басқа бөлшектердің араласуы, мысалы, ауада иістің 
таралуы. 
Диффузия — перемешивание молекул или других частиц при соприкосновении двух 
или более материалов за счет теплового движения молекул, например распростране-
ние запахов в воздухе.
Diffusion  When particles move from areas of high concentration to areas of
low concentration. For example, if you open a bottle of ammonia on one end
of the room, the concentration of ammonia molecules in the air is very high on
that side of the room. As a result, they tend to migrate across the room, which
explains why you can smell it after a little while.
Донор — бос электрон жұбы бар бөлшек, мысалы аммиак NH
3
 молеку ласындағы азот 
атомы.
Донор  —  частица,  имеющая  свободные  пары  электронов,  например,  атом  азота  в 
молекуле аммиака NH
3
.
Donor  A donor atom is the one that shares or donates its electrons to a Lewis acid to 
form a coordination complex.
Кермек су — құрамында кальций мен магний иондары бар су.
Жесткая вода — вода, содержащая ионы кальция и магния.
Hard water.Hard water is water which will not readily form lather with soap due to the 
presence of dissolved calcium or magnesium salts in the water.
Сұйықтық — заттың өзінің көлемін сақтайтын күйі, бірақ пішіні болмайды. 
Жидкость  —  такое  состояние,  при  котором  вещество  сохраняет  свой  объем,  но  не 
имеет собственной формы. 
Liquid — A state of matter that has a high density and is incompressible compared to a gas.
Изотоптар — атом ядросындағы нейтрон сандары әртүрлі бір элементтің атомдары.
Изотопы — атомы одного и того же элемента, различающиеся количеством нейтронов 
в ядре атома.
Isotope — When an element has more than one possibility for the number of
neutrons, these are called isotopes. 
Ингибитор (тежегіштер) — химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын, бірақ 
реакция барысында жұмсалмайтын зат тежегіштер деп аталады. 
Ингибитор — катализатор, замедляющий скорость химической реакции, но сам не 
расходующийся при этом.
Inhibitor  A substance that slows down a chemical reaction.
Ион — электрлік заряды бар атом немесе атомдар тобы. 
Ион — электрически заряженный атом или группа атомов.
Ion  An atom or a molecule carrying an electric charge is called an ion. It is formed 
as a result of losing or gaining of electrons.
Иондық байланыс — қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тар-
тылуы есебінен пайда болған химиялық байланыс.
Ионная связь — химическая связь, образованная за счет электростатического при-
тяжения противоположно заряженных ионов в ионном соединении.

187
Ionic Bond  A kind of chemical bond formed as a result of attraction between oppositely 
charged particles or ions.
Иондық қосылыс — иондардан түзілген қосылыс. 
Ионные соединения — соединения, образованные ионами.
Ionic compound  a compound that results when a metal reacts with a nonmetal to form 
a cation and an anion. 
Изомерлер — құрамы бірдей, бірақ құрылысы мен қасиеттері әртүрлі қосылыстар. 
Изомер — соединения, имеющие одинаковый состав, но разное строение и свойства.
Isomers — Molecules whose molecular formulas are same but the structural formulas are 
different are known as isomers.
Изобаралар  —  атомдық  массалары  бірдей  әртүрлі  химиялық  элемент  атомдары, 
мысалы, 
1
4
8
0
Ar, 
2
4
0
0
Ca.
Изобары  —  разновидности  разных  химических  элементов,  имеющие  одинаковые 
атомные массы, например, 
1
4
8
0
Ar, 
2
4
0
0
Ca.
Isobars  are atoms of different Chemical elements that have the same number of nucleons.
Изотондар — нейтрон сандары бірдей әртүрлі химиялық элемент атомдары, мысалы, 
1
1
2
1
3
Na, 
1
2
2
4
Mg.
Изотоны — разные химические элементы, имеющие равное число нейтронов, напри-
мер, 
1
1
2
1
3
Na, 
1
2
2
4
Mg.
Isotone — any of two or more species of atoms or nuclei that have the same number of 
neutrons. Example — 
1
1
2
1
3
Na, 
1
2
2
4
Mg.
Булану — заттардың сұйық немесе қатты күйден буға айналуы. 
Испарение  —  переход  веществ  из  жидкого  или  твердого  состояния  в  газообразное 
состояние.
Evaporization — the change in state that occurs when a liquid evaporates to form a gas.
Катализатор (өршіткі) — химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын, бірақ 
реакция барысында жұмсалмайтын зат.
Катализатор  —  вещество,  ускоряющее  скорость  реакции,  но  само  при  этом  не 
расходующееся.
Catalyst — A substance that speeds up a chemical reaction without being used
up by the reaction.
Катион — оң зарядталған ион. 
Катион — положительно заряженный ион.
Cation  A positively charged particle.
Катод — электрохимиялық ұяшықтағы тотықсыздану процесі жүретін электрод. 
Катод  —  электрод  в  электрохимической  ячейке,  на  котором  происходит  процесс 
восстановления.
Cathode  —  The  electrode  in  which  reduction  occurs.  Reduction  is  when  a  compound 
gains electrons.
Квант сандары — атомдағы электрон күйін сипаттайтын сандар. 
Квантовые числа — числа, описывающие состояние электрона в атоме.
Quantum numbers — Indices that label quantized energy states. Quantum numbers are 
used to describe the state of a configuration.
Қышқыл — сутек катиондары Н
+
 мен қышқыл қалдығының аниондарына диссоциация-
ланатын электролит.
Кислота — электролит, диссоциирующий на катионы водорода Н
+
 и на анионы кис-
лотного остатка. 

188
Acid — This is anything that gives off H
+
 ions in water. Acids have a pH less than 7 and 
are good at dissolving metals. They turn litmus paper red and phenolphthalein colorless.
Коваленттік  байланыс  —  атомдардың  ортақ  электрон  жұбы  арқылы  түзілетін 
химиялық байланыс. 
Ковалентная связь — химическая связь между атомами, возникающая путем обоб-
ществления электронных пар.
Covalent  Bond    A  type  of  chemical  bond  in  which  sharing  of  electrons  takes  place 
between the reacting atoms.
Концентрация  (ерітінді  концентрациясы)  —  ерітіндінің  немесе  еріткіштің  белгілі 
мөлшерінде еріген заттың мөлшері. 
Концентрация раствора — количество растворенного вещества в определенном коли-
честве раствора или растворителя.
Concentration — A measurement of the amount of stuff (solute) dissolved in a
liquid (solvent).
Коррозия  (жемірілу)  —  қоршаған  ортаның  әсерінен  металдар  мен  олардың 
құймаларының жемірілуі. 
Коррозия — разрушение металлов и сплавов под действием окружающей среды.
Corrosion — Corrosion is a reaction that involves action of an oxidizing agent on a metal. 
Крекинг — мұнай көмірсутектерінің кіші молекулалы қосылыстарға бөлшектенуі. 
Крекинг — разложение углеводородов нефти на более мелкие молекулы углеводородов.
Cracking    is  the  process  breaking  down  of  long-chain  hydrocarbon  molecules  into 
smaller molecules.
Массалық  сан  —  атомның  берілген  изотопы  ядросындағы  протон  мен  нейтрондар 
санының қосындысы. 
Массовое число — сумма чисел протонов и нейтронов в ядре атома данного изотопа.
Молекула — заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
Молекула — наименьшая частица вещества, сохраняющая его состав и химические 
свойства. 
Molecule  A small, neutrally charged particle formed as a result of chemical bonding 
between two or more atoms.
Моль — құрамында 6,02 ⋅10
23
 ( Авогадро саны) құрылымдық бөлшек (атом, ион, мо-
лекула, электрон) болатын заттың бөлігі. 
Моль — количество вещества, содержащее 6,02 ⋅ 10
23
 (число Авогадро) его cтруктурных 
частиц (атомов, ионов, молекул, электронов).
Mole [mol]. That amount of a substance which contains the Avogadro Constant number 
of particles.
Молярлық концентрация (
с— еріген зат мөлшерінің (мольдің) ерітіндінің көлеміне 
(
V) (литр) қатынасымен өрнектелетін ерітіндінің концентрациясы.
Молярная концентрация (
с) — это отношение количества растворенного вещества n 
(в молях) к объему раствора 
V (в литрах). 
Molarity — A unit of concentration equal to moles of solute divided by liters of
solution.
Мольдік масса — бір моль заттың граммен алынған массасы. 
Молярная масса — масса в граммах одного моля вещества.
Molar mass — The mass of one mole of particles.
Мольдік (молярлық) көлем — бір моль газдың қалыпты жағдайдағы алатын көлемі, 
ол 22,4 л.

189
Молярный объем — объем, занимаемый одним молем газа. При нормальных условиях 
этот объем равен 22,4 л. 
Molar volume — The volume of one mole of a substance at STP. If you believe that ev-
erything is an ideal gas, this is always 22.4 liters. Unfortunately, there’s no such thing 
as an ideal gas.
Қаныққан  көмірсутектер  —  молекула  құрамындағы  көміртек  атомдары  өзара  тек 
дара (δ-сигма) байланыстар арқылы байланысқан көмірсутектер.
Насыщенные углеводороды — углеводороды, содержащие только одинарные (сигма) 
связи.
Saturated Hydrocarbons  The simplest forms of hydrocarbon compounds, where all the 
carbon atoms are bonded to each other with the help of single bonds.
Қаныққан  ерітінді  —  берілген  температурада  еріген  зат  тұнбасымен  тепе-теңдікте 
болатын ерітіндінің концентрациясы. 
Насыщенный раствор — раствор, концентрация которого такова, что он мoжет на-
ходиться в равновесии с осадком растворенного вещества при данной температуре.
Saturated solution — When the maximum amount of solute is dissolved in a liquid.
Нейтрон — атом ядросының құрамына кіретін бейтарап бөлшек. 
Нейтрон — нейтральная частица, входящая в состав ядра атома.
Neutron  A sub atomic particle with no electrical charge, present in the nucleus of 
an atom.
Қанықпаған  көмірсутектер  —  құрамында  еселі  (екі  немесе  үш)  байланысы  бар 
көмірсутектер. 
Ненасыщенные  углеводороды  —  углеводороды  содержащие  кратные  (двойные  и 
тройные) связи. 
Unsaturated Hydrocarbons  A type of organic compound that consists of one or more 
number of double or triple bonds between the carbon atoms.
Бейэлектролит — ерітіндісі мен балқымасы электр тогын өткізбейтін заттар.
Неэлектролит — раствор и расплав веществ, не проводящих электрических ток.
Nonelectrolyte    a  substance  that,  when  dissolved  in  water,  gives  a  nonconducting 
solution. 
Бейтараптау — қышқыл мен негіз арасындағы тұз және су түзіле жүретін реакция. 
Нейтрализация — реакция между кислотой и основанием с образованием соли и воды.
Neutralization  The reaction of an acid with a base to form water and a salt.
Нуклеофилдер — теріс зарядты бөлшектер.
Нуклеофилы — частицы, имеющие отрицательный заряд.
Nucleoful  particle with negative charge. 
Нуклондар — кез келген химиялық элемент атомының ядросына кіретін бөлшектер — 
протондар мен нейтрондар.
Нуклоны — частицы атомного ядра любого химического элемента, протоны и нейтроны.
Nucleons  Those particles that constitute the nucleus of an atom. In other words, pro-
tons and neutrons are collectively known as nucleons. 
Нуклидтер — белгілі атомдық нөмірі мен атомдық массасы бар химиялық элементтің  
түрі.
Нуклиды — разновидности химических элементов, имеющие определенный поряд-
ковый номер и атомную массу.
Nuclide   the general term applied to each unique atom, represented by 
Y
X, where X 
is the symbol for a particular element.

190
Тотығу — атом, молекула немесе ионның электронын беру процесі.
Окисление — это процесс отдачи электронов атомам, молекулой или ионом.
Oxidation — When a substance loses electrons.
Тотығу-тотықсыздану  реакциялары  (ТТР)  —  электрондардың  бір  атомнан  екінші 
атомға ауысуы нәтижесінде жүретін реакция.
Окислительно-восстановительные реакции (ОВР) — реакции, при которых происходит 
перенос электронов от одного атома к другому.
Oxidation-reduction (redox) reaction — a reaction in which one or more electrons are 
transferred. 
Тотықтырғыштар — электронды қабылдайтын атом, молекула немесе иондар. 
Окислители — атомы, молекулы или ионы принимающие электроны. 
Oxidizer  A chemical substance that undergoes reduction in order to oxidize another 
reactant, during a chemical reaction is known as oxidizing agent.
Оксид — құрамында оттек бар бинарлы қосылыс.
Оксид — бинарное соединение, содержащее кислород.
Oxide  A binary compound that contains oxygen in the -2 oxidation state. 
Октан саны — сұйық отынның (бензин) детонациялық сипаттамасы. 
Октановое число — детонационная характеристика жидкого топлива (бензина). 
Octane number (of a fuel).The percentage of iso-octane in an iso-octane/heptane mixture 
that gives the same engine performance of the fuel.
Органикалық заттар — көмірсутектер мен олардың туындылары.
Органические соединения — это углеводороды и их производные. 
Organic compound — A compound that contains carbon (except carbon dioxide, carbon 
monoxide, and carbonates).
Негіз — металл катионы мен гидроксид анионға диссоцияциаланатын электролит.  
Основание — электролит, диссоциирующий на катионы металла и на гидроксид-анионы.
Base — A compound that gives off OH- ions in water. They are slippery and
bitter and have a pH greater than 7.
Жылыжайлық эффект — көмірқышқыл газы мен басқа да газдардың жер бетінен 
бөлінген жылулық сәулелерді жартылай бүркемелеуі салдарынан атмосфераның ішкі 
қабаттарының қызуы.
Парниковый эффект — нагрев внутренних слоев атмосферы из-за частичного экрани-
рования теплового излучения земли углекислым газом и другими газами атмосферы. 
Greenhouse effect — a warming effect exerted by the earth’s atmosphere (particularly 
CO
2
 and H
2
O) due to thermal energy retained by absorption of infrared radiation.
Период — периодтық кестедегі химиялық элементтердің атомдық массаларының өсу 
ретімен орналасқан элементтердің көлденең қатары.
Период  —  горизонтальный  ряд  химических  элементов  расположенных  в  порядке 
возрастание атомных масс.
Period — A row (left to right) in the periodic table.
Көмірсутектердің табиғи көздері — мұнай,табиғи газ және таскөмір. 
Природные источники углеводородов — нефть, природный газ и уголь.
Natural resources of hydrocarbons  Natural Gas, naphtha and coal.
Позитрон — массасы электронның массасына тең, бірақ заряды қарама-қарсы бөлшек.
Позитрон — частица, равная по массе электрону, но с противоположным зарядом. 
Positron  A positron is the tiny particle produced and released during radioactive decay. 
It carries a single positive charge and its mass is equal to that of an electron.

191
Протон — атом ядросының құрамына кіретін оң зарядты бөлшек.
Протон — положительно заряженная частица, входящая в состав атомного ядра. 
Photon  A primary particle that forms the basic unit of various forms of electromagnetic 
radiations, including light. It shows dual properties of both a wave as well as a particle.
Полимерлену — кіші молекулалы қосылысының молекулаларынан үлкен молекулалы 
қосылыстың түзілуі. Мысалы, полиэтилен. 
Полимеризация  —  процесс  соединения  множества  молекул  вещества  с  небольшой 
молекулярной массой в макромолекулы полимера, например полиэтилен. 
Polymerization  The process where the smaller units of molecules are combined to form 
a large three-dimensional structure of polymer chains is called polymerization.
Риформинг  —  көмірсутектер  молекуласы  құрылысының  өзгеруі,  көмірсутектердің 
ароматтануы.
Риформинг  —  изменение  структуры  молекул  углеводородов,  ароматизации 
угле во дородов. 
Reforming  processing technique by which the molecular structure of a hydrocarbon 
is rearranged to alter its properties.
Радиоактивті  ыдырау  —  радиоактивті  изотоптардың  альфа-,  бета-  және  гамма-
сәулелерін шығарып ыдырауы.
Радиоактивный распад — излучение альфа-, бета- и гамма-лучей радиоактивными 
изотопами. 
Radioactivity  The phenomenon of the disintegration of the nuclei of unstable atoms, 
that results in loss of energy in the form of different types of radiations like alpha and 
beta particles, gamma rays etc. is known as radioactivity.
Химиялық  тепе-теңдік  —  қайтымды  процестегі  тура  және  кері  реакциялардың 
жылдамдығының өзара теңескен күйі.
Равновесие (химическое) — состояние в обратимом процессе, когда скорость прямой 
и обратной реакций равны.
Equilibrium — When the forward rate of a chemical reaction is the same as the reverse 
rate. This only takes place in reversible reactions because these are the only type of reac-
tion in which the forward and backward reactions can both take place.
Радикал — жұптаспаған электроны бар бөлшек. 
Радикал — частица, имеющая неспаренный электрон.
Radical  a radical is an atom, molecule, or ion that has an unpaired valence electron. 
Белсенділік қатары — металдардың салыстырмалы химиялық белсенділігі бойынша 
орналасқан қатар.
Ряд активностей — последовательность металлов, расположенных в соответствии с 
их относительной химической активностью.
Reactivity Series of Metals — Reactivity Series in chemistry is an experimental, structural 
and logical progression of series of metals in order of reactivity from highest to lowest.
Спирттер — қаныққан біратомды спирттер — молекуласындағы бір сутек атомы ги-
дроксил (ОН) тобына алмасқан алкандардың туындысы, жалпы формуласы С
n
H
2
+ 1
ОН.
Спирты — предельные одноатомные спирты, с общей формулой С
n
H
2
n+1
ОН, содержа-
щие одну гидроксильную группу (ОН).
Alcohol — An organic molecule containing an –OH group.
Құймалар (құймалар; alloys) — екі немесе одан көп металдардан тұратын металдық 
қасиеті бар біртекті жүйе. 
Сплавы — однородные системы, состоящие из двух или более металлов с характер-
ными металлическими свойствами. 

192
Alloy — A mixture of two metals. Usually, you add very small amounts of a different 
element to make the metal stronger and harder.
Құрылымдық  формула  —  зат  молекуласындағы  атомдардың  байланысу  тәртібін 
көрсететін формула.
Структурная (графическая) формула — формула вещества, показывающая последо-
вательность соединения атомов в молекуле.
Structural Formula  When the structure of the molecule of a compound is represented 
in the graphical form, it is called a structural formula.
Тұз — металл катиондары ( аммоний ионы) мен қышқыл қалдығының аниондарынан 
тұратын күрделі зат. 
Соль  —  сложное  вещество,  состоящее  из  катионов  металлов  (и  иона  аммония)  и 
 анионов кислотного остатка.
Salt  Salt is a chemical compound obtained by the neutralization of acidic and basic 
substances. An ionic compound.
Шикі мұнай — тікелей ұңғымадан (скважина) алынған мұнай.
Сырая нефть — нефть, непосредственно добытая из скважины. 
Naphtha   naphtha is a flammable liquid hydrocarbon mixture.
Жылу  эффектісі  —  химиялық  реакция  нәтижесінде  бөлінетін  немесе  сіңірілетін 
жылу мөлшері. 
Тепловой эффект — количество выделяемой или поглощаемой энергии при протека-
нии химической реакции.
Heat of reaction.The heat change which occurs when a reaction takes place according to 
a given chemical equation.
Жану жылуы — заттың бір молі жанғанда бөлінетін жылу.
Теплота сгорания — теплота, выделяемая при сгорании одного моля вещества.
Heat of combustion — The heat of combustion is the energy liberated when a substance 
undergoes complete combustion, at constant pressure usually in an environment with 
excess оxygen.
Түзілу  жылуы  —  жай  заттардан  бір  моль  күрделі  зат  түзілгенде  бөлінетін  немесе 
сіңірілетін жылу мөлшері.
Теплота  образования  —  теплота,  выделяемая  или  поглощаемая  при  образовании 
одного моля сложного вещества из простых веществ.
Химия — заттар мен олардың өзгерісі туралы ғылым.
Химия — наука о веществах и их превращениях.
Chemistry is the scientific discipline involved with compounds composed of atoms, i.e. 
elements, and molecules, i.e. combinations of atoms — their composition, structure, prop-
erties, behavior and the changes they undergo during a reaction with other compounds.
Химиялық  құбылыстар  —  нәтижесінде  бастапқы  заттардан  жаңа  заттар  түзілетін 
құбылыс.
Химические явления — явления, в которых происходит превращение одних веществ 
в другие.
Chemical properties — The process by which atoms of one or more chemical substances in-
teract with each other, to produce new products with different composition and properties.
Химиялық байланыс — екі атомның электрондарын алмастыруы арқылы байланысуы.
Химическая  связь  —  взаимодействие  двух  атомов,  осуществляемое  путем  обмена 
электронами.
Chemical Bond  A force of attraction that binds two or more atoms together, in order 
to form a compound is known as a chemical bond. 

193
Көмірсутектер — көміртек пен сутектен тұратын қосылыстар.
Углеводороды — вещества, состоящие из углерода и водорода.
Hydrocarbon — A molecule containing carbon and hydrogen.
Көміртек тізбегі — молекуладағы көміртек атомдарының бір-бірімен байланысуы.
Углеродная цепь — атомы углерода, связанные друг с другом в молекулах.
Carbon chain — A number of carbon atoms bonded together in a sequence and forming 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет