Оспанова М. Қ. Аухадиева Қ. С


§ 67.  АЛКАНДАРДЫҢ  ХИМИЯЛЫҚ  ҚАСИЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата09.10.2019
өлшемі15,47 Mb.
#49518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ospanova Himia 10 EM kz II chast

§ 67.  АЛКАНДАРДЫҢ  ХИМИЯЛЫҚ  ҚАСИЕТТЕРІ
Химиялық  қасиеттері.  Алкандардың 
реак цияға  түсу  белсенділіктері  төмен.  Бұл 
молекуладағы  С—С  және  С—Н  байла ныс-
тарының беріктігімен және өте төмен полюс-
тенуімен түсіндіріледі. Дегенмен кейбір жағ-
дайларда  алкандар  орынбасу,  ыдырау  және 
тотығу реакцияларына түседі.
Орынбасу  реакциясы.  Алкандарға  орын-
басу  реакция лары  тән.  Егер  жабық  шыны 
цилиндрдегі  метан  мен  хлордың  қоспасын 
шашыраңқы  күн  сәулесіне  қойса,  олардың 
әрекеттесуі нәтижесінде хлордың сары түсінің 
біртіндеп жойылып бара жатқанын байқауға 
болады (тікелей күн сәулесінің әсерінен қопа-
рылыс болуы мүм кін).
Метанды  хлорлау  өндірісте  жиі  қолда-
нылады.  Реакция  жарық  қатысында  (УК-
сәулелену әсерінен; 
hv) жүреді. Бұл кезде хлор 
метан  молекуласындағы  барлық  төрт  сутек 
атомының орнын басады, нәтижесінде сәйкес 
галогентуындылар түзіледі:
CH
4
 + Cl
2
 → CH
3
Cl + HCl
 
метан 
хлорметан
 
 
(хлорлы метил)
CH
3
Cl + Cl
2
 → CH
2
Cl
2
 + HCl
 
дихлорметан
 
(хлорлы метилен)
CH
2
Cl

+ Cl

→ CHCl
3
 + HCl
 
трихлорметан
 
(үшхлорлы көміртек, хлороформ)
CHCl
3
 + Cl
2
 → CCl
4
 + HCl
 
тетрахлорметан
 
(төрт хлорлы көміртек)
Реакцияның механизмі
Реакция үш сатыда жүреді:
а) белсендіру (тізбектің пайда болуы) — хлор Сl

молекуласындағы 
байланыстың  гомолиттік  үзіліп,  нәтижесінде  хлордың  бос  радикал-
дарының түзілуі:
Сl
 
·
 
|
 
·
 
Сl 
hν
 Сl
 
·
 
+
 
·
 
Сl
 
бос радикалдар
Бос  радикалдар  дегеніміз  —  дара  электрондары  бар  атом  немесе 
атомдар тобы (•Сl, •Н, •СН
3
…).
Бүгінгі сабақта:

алкандардың химиялық 
қасиеттерімен 
танысамыз;

галогеналкандардың 
қоршаған ортаға 
экологиялық әсері 
жайлы білетін боламыз

Изомерлену

Галогендер

Радикалдар

Инициирлену

Тізбектің өсуі

Тізбектің үзілуі

Фреон
Тірек ұғымдар

75
ә)  Тізбектің  өсуі  —  хлор  радикалының  алкан  молекуласымен 
әрекеттесуі (1) немесе метил радикалының хлордың жаңа молекуласымен 
әрекеттесуі (2) т.б. 
 
Сl · + H* | · С · *H → H* : Cl + · CH
3
H
H
 
(1)
 
СН
3
 · + Сl · | · Сl → СН
3
Сl + ·
 
Сl  және т.б. 
(2)
б)  Тізбектің  үзілуі  екі  радикалдың  өзара  қосылуы  нәтижесінде 
жүреді:
Сl
 
· + ·
 
Сl → Сl
2
СН

· + ·
 
СН
3
 → СН
3
—СН
3
СН

· + ·
 
Сl → СН
3
Сl
Изомерлену реакциясы. Қалыпты құрылысты алкандар белгілі бір 
жағдайларға тармақталған тізбекті изомерлерге айнала алады:
СH
3
—СH
2
—CH
2
—СH
2
—СH
3
 
100°C, AlCl
3
 СH
3
—СH—CH
2
—СH
3
СH
3
н-пентан
2-метилбутан
Жану реакциясы. Қалыпты температурада алкандар күшті тотық-
тырғыштармен  реакцияға  түспейді.  Ашық  жалынға  енгізген  кезде 
алкандар жанады. Оттектің артық мөлшерімен әсер еткенде алкандар 
СО
2
  және  су  түзіп  толық  тотығады.  СО
2
-де  көміртек  жоғары  тотығу 
дәрежесін +4 көрсетеді. Көмірсутектердің жануы нәтижесінде жылу 
көп бөлінеді (экзотермиялық реакция). Метан — табиғи газдың негізгі 
құрам бөлігі болғандықтан отын ретінде қолданылады. Метан жылудың 
көп мөлшерін бөле отырып, көгілдір немесе түссіз жалынмен жанады:
СН
4
 + 2О
2
 → СО
2
↑ + 2Н
2
О + 
Q
Ал этан ашық жалынмен жанады:

2
Н
6
 + 7О
2
 → 4СО
2
↑ + 6Н
2
О + 
Q
Газ тәрізді алкандардың оттекпен немесе ауамен қоспасының қопа-
ры лыс беру қаупі бар, сондықтан газдың бөлінуі және шахталар мен 
қазандықтардың метанға толуы өте қауіпті. Мысалы, метан мен от-
тектің  көлемдік  қатынасы  1:2  болса,  өте  күшті  қопарылыс  болады. 
Шахта лардағы көптеген апатты жағдайлардың себебі де осыған бай-
ланысты.
Ойлан
Табиғи немесе тұрмыстық газдың иісі болмайды. Оларға өте аз мөлшерде 
нашар иісті (шіріген орамжапырақ) қосылыс — меркаптан қосылады. Бұл 
не үшін қажет?

76
Отынды жағу кезінде атмосфераны ластайтын шала жану өнімдері 
(көміртек (ІІ) оксиді, күйе) түзіледі. 
Үлкен қалаларда ауа ластануының негізгі көзінің бірі — көліктердің 
іштен жану қозғалтқыштары болып табылады. Ауа ластануының басқа 
көздеріне,  таскөмір  және  мазутты  тұтынатын  жылу-  және  электр-
стансылар жатады.
Бензин және басқа да отын түрлерінің жануы кезінде азоттың улы 
оксидтері түзіледі. Себебі іштен жану қозғалтқышында пайда болатын 
жоғары  температура  әсерінен  ауадағы  азот  оттекпен  реакцияласуы 
мүмкін: 
N
2
 + O
2
 → 2NO
Азот (II) оксиді газдармен араласып, атмосфераға таралады, ауадағы 
оттекпен тотығып азот (IV) оксидіне айналады. Бөлінген газ құрамында 
түзілген NO мөлшері аз болғанымен, азот оксидтері үлкен қалаларда ең 
негізгі ауа ластаушыларының бірі болып отыр және күкірт оксидтері- 
мен бірге адамдарға зиянды әсер етеді. Сумен әрекеттесіп, олар қышқыл 
жаңбыр түзеді.
 
Алкандардың  реакцияға  түсу  қабілеттері  төмен. 
Бұл С—С және С—Н байланыстарының өте аз полюс-
тенуімен  және  беріктігімен  түсіндіріледі.  Алайда 
алкан дар орынбасу, айырылу және тотығу реак ция ла-
рына  түседі.  Алкандардың  жарық  әсерінен  гало ген-
денуі 
радикалды-тізбекті механизм бойынша жүзеге 
асады және радикалды орынбасу реакциясы болып табылады.  Көмір-
сутектердің жану реак циясы нәтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді.
  1.  Қаныққан көмірсутектер қандай жалпы қасиеттерге ие?
 
2.  Этан хлордың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін барлық өнімдерді 
жазыңдар.
 
3.  а) Пропан, ә) бутан, б) 2-метилпропан, в) метилпентанды хлорлау кезінде қандай 
монохлоралкандар (хлор тек бір сутек атомының орнын басқан) түзілуі мүмкін? 
 
4.  С
5
H
12
  затын  хлорлау  кезінде  С
5
H
11
Сl  құрамды  бір  монохлортуынды  түзіледі. 
Бастапқы заттың құрылымдық формуласын жазыңдар және оны атаңдар. 
 
5.  Алты көміртек атомынан тұратын алканның хлормен әрекеттесуі нәтижесінде, 
құрамы  С
6
H
13
Сl  болатын  бес  түрлі  хлоралкандар  түзіледі.  Бастапқы  заттың 
құрылысын анықтаңдар, құрылымдық формуласын жазыңдар және атаңдар.
 
6.  Ара балауызынан гептакозан С
27
H
56
 табылған. Оның құрамында тек біріншілік және 
екіншілік көміртек атомдары бар. Гептакозан тармақталған немесе тармақталмаған 
алкандардың  қайсысына  жатады?  Олардан  қанша  монохлорлау  өнімін  алуға 
болады? 
 
7.  Галогеналкандардың қоршаған ортаға әсерін әңгімелеп беріңдер.
 
8.  Сендер дәрілік, косметикалық және тұрмыстық аэрозолдарды пайдаланасыңдар 
ма? Баллон сыртындағы фреондардың жоқ екенін білдіретін белгіні білесіңдер 
ме? Ол белгілерге көңіл бөліңдер.
 
9.  Ғаламшардағы озонның рөлі туралы хабарлама дайындаңдар. Озон ойығының 
пайда болуына қандай процестер әсер етеді? Оны қалпына келтіруге бола ма?

1.  Белгісіз алкан 1,44 г броммен әрекеттескенде 4,64 г бромалкан түзілді. Бастапқы 
алканның құрамын анықтаңдар.

77
 

2
*
.  Көлемі 6,72 л (қ.ж.) этан мен пропанның қоспасын әкті сумен өңдегенде 80 г тұнба 
түзілді. Бастапқы қоспаның құрамын анықтаңдар.
 
 
 
Жауабы: 2,24 л этан; 4,48 л пропан.

3.  Массасы 6 г белгісіз алканның броммен әрекеттесуі нәтижесінде молекуласында 
бір бром атомы бар 21,8 г зат түзілді. Бастапқы алканның құрамын анықтаңдар.
 
 Органикалық заттар туралы кең тараған мәліметтер
1. Метан — уытты емес
2. Бутилмеркаптан — сасық иісті
3. Ванилин — хош иісті
4. Нитрогеназа — баяу фермент
5. Карбоангидраза — жылдам фермент 
6. Адам ДНҚ-сы — үлкен молекула
7. Дийодметан — тығыз
8. Тетрабензгептацен — қиын балқитын
9. Нонаконтатриктан С
390
Н
782
 — ұзын алкан
10. Циклооктаоктаконтадиктан С
288
Н
576
 — ұзын циклоалкан
§ 68.  ЦИКЛОАЛКАНДАР
Циклоалкандар  (циклопарафиндер)  құра-
мына үш немесе одан да көп көміртек атом-
дары кіретін циклді қаныққан көмірсутектер. 
Циклоалкандардың  жалпы  формуласы:   
C
n
H
2
n
, мұндағы 
l 3.
Циклоалкандардың  қарапайым  өкілдері: 
циклопропан  С
3
Н
6
       
CH
2
CH
2
H
2
C
  және 
циклобутан  C
4
H

              
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
Басқа гомологтары бес және алты көміртек 
атомдарынан тұрады: 
CH
2
CH
2
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
Циклогексан
CH
2
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
Циклопентан
92-суретте  циклоалкандардың  моле ку ла ларының  модельдері 
берілген.

Циклоалкандар

Құрылысы

Атауы 

Изомерленуі

Алынуы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

Қолданылуы
Тірек ұғымдар
Бүгінгі сабақта:

циклоалкандармен 
танысамыз

78
Номенклатурасы  және  изомерленуі.  Циклоалкандардың  атауы 
сәйкес алканның атауына -
цикло жұрнағын жалғау арқылы жасала-
тынын байқаған боларсыңдар.
Бес- және алтымүшелі циклоалкандар мұнайдың құрамына кіреді, 
сондықтан кейде оларды нафтендер те атайды.
Бүйір тізбегінде  орынбасушылары бар циклоалкандар әдеттегідей 
әдіспен аталады: циклдегі қарапайым радикалмен байланысқан көмір-
тек  атомынан  бастап  нөмірлейді.  Ең  негізгі  талап  циклоалканды 
ата ғанда цифрлардың қосындысы минималды мәнге тең болуы тиіс. 
Мыса лы, мына циклопарафиннің атауы 1,5 диметил-5-этилгексан емес 
1,3-диметил-2-этилциклогексан: 
CH
CH
3
CH
2
CH
2
CH
2
H
3
C–HC
H
5
C
2
–HC
1
2
3
4
5
6
1. Циклоалкандарға көміртек тізбегінің және класаралық изомер-
лену  тән.  Циклоалкандардың  изомерлері  циклдегі  көміртек  атом да-
рының  санымен,  құрылысымен  және  циклдегі  орынбасушылармен 
анық талады. Мысалы, С
5
Н
10
 молекулалық формуласына келесі изомер-
лер сәйкес келеді:
циклопентан
CH
2
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
CH
2
CH—CH
3
H
2
C
H
2
C
метилциклобутан
CH—CH
2
—CH
3
CH
2
H
2
C
этилциклопропан
CH
2
CH
3
—HC
CH—CH
3
1,2-диметилциклопропан
C
1,1-диметилциклопропан
CH
2
CH
3
CH
3
CH
2
2. Циклоалкандар алкендермен класаралық изомер болады: 
СH
2
 = CH – CH
2
 – CH
2
 – CH
3
92-сурет. Циклоалкан молекулаларының шарөзекті модельдері
Циклопентан
Циклогексан
Циклооктан

79
1,2-диметилциклопропан молекуласының шарөзекті модельдері ме-
тил топтарының СН
3
 кеңістікте екі түрлі жағдайда: жазықтықтың бір 
жағында (цис-изомер) және жазықтықтың екі жағында (транс-изомер) 
орналасуы мүмкін екенін көрсетеді (93-сурет)
Алынуы. Өнеркәсіпте циклоалкандарды мұнайдан алады. Бес және 
алтымүшелі  циклоалкандарды  алғаш  мұнайдың  құрамынан  Мәскеу 
университетінің  профессоры  В.В.  Марковников  бөліп  алған.  Цикло-
пропан мен циклобутанды сәйкес алкандардың дигалогентуындыларын  
Na,Mg,Zn сияқты металдармен  қосып қыздыру арқылы алады:
CH
2
—Cl
CH
2
—Cl
H
2
C
1,3-дихлорпропан
 + 2Na 
→ 
CH
2
H
2
C
CH
2
 + 2NaCl
Алкандарды дегидрлегенде сәйкес циклоалкандар түзіледі, мысалы: 
CH
2
CH
3
CH
3
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
   
–H
2
   
CH
3
  +  Н
2

 
гептан 
метилцикло-
 
 
гексан
Физикалық қасиеттері.  Қалыпты жағдайда циклопропан мен ци-
клобутан — газдар, ал циклопентан және циклогексан — сұйықтықтар. 
Циклопарафиндер  суда  іс  жүзінде  ерімейді.  Көміртек  атомдарының 
саны сәйкес алкандарға қарағанда циклоалкандардың қайнау темпе-
ратуралары және тығыздықтары жоғарырақ болады.
Циклопропанның  ауырсынуды  басатын  қасиеті  бар.  Сонымен  қатар  тұтану 
қаупі өте жоғары, оның оттекпен және ауамен қоспасы жалынға, электр ұшқынына 
тигенде оңай тұтанады. Сондықтан циклопропанды өте сақтықпен қолданған жөн. 
Қазіргі уақытта ауруды  басатын заттар шыққандықтан циклопропан наркоз ретінде 
өте сирек қолданылады. 
Сен білесің бе?
93-сурет. 1,2-диметилциклопропан молекуласының 
цис- және транс-изомерлерінің 
шарөзекті модельдері
ЦИС-
ТРАНС-

80
Химиялық қасиеттері. Циклоалкандардағы барлық көміртек атом-
дары 
sp
3
-гибридтенген күйде болады. Қарапайым циклдердегі 

3
,  С
4
  )  С—С  байланыстарындағы  бұрыш  тетраэдрлік  бұрыштан 
109°28
′ көп ерекшеленіп, циклдің беріктігіне әсер етеді. Соның нәти-
жесінде  циклопропан  мен    циклобутанның    химиялық  белсенділігі 
артады.
1. Сондықтан циклопропан мен циклобутанға Н
2
, Br
2
, HI сияқты  
реагенттермен әсер еткенде, цикл оңай ашылып, қаныққан қосылыстар 
түзіледі:
CH
2
CH
2
CH
2
+ H
2
 

80°C, Ni
 CH
3
—CH
2
—CH
3
CH
2
CH
2
CH
2
 + Br
2
 
→ 
CH
2
—CH
2
—CH
2
Br
Br
CH
2
CH
2
CH
2
 + HI 
→ CH
2
—CH
2
—CH
2
H
I
2. С
5
Н
10
-нан
 
бастап С—С байланыстар арасындағы бұрыш 109°28
′-тан 
аз ауытқиды. Бұл қосылыстар галогендеу реакциясына түскенде цикл 
ашылмай, алкандар сияқты радикалды орынбасу реакциясына түседі:
CH
2
CH
2
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
 + Сl
2
 

h
ν
 
C
CH
2
Cl
CH
2
CH
2
H
2
C
H
2
C
H
 + НСl
С
6
Н
12
 + Сl
2
 

h
ν
 С
6
Н
11
Сl + НСl
3. 
Жануы. Циклогексан бензиннің құрамына кіреді. Ол жанғанда 
көп мөлшерде жылу бөлініп шығады:
С
6
Н
12
 + 9О
2
 
→ 6СО
2
↑ + 6Н
2
О + 
Q
4. 
Дегидрленуі. Циклогексан немесе метилциклогександы дегидрле-
генде сәйкесінше бензол және толуол түзіледі:
CH
2
CH
2
CH
2
CH
2
CH
2
CH
2
Циклогексан
  
Ni


  
CH
CH
CH
CH
CH
CH
Бензол
+ 3H
2

немесе

81
Метил
 
цикло-
гексан
CH
3
  
Ni


  
Метил
 
бензол 
(толуол)
CH
3
+ 3H
2

Қолданылуы. Циклопропан наркоз ретінде қолданылады. Циклоал-
кандардан циклогексан мен метилциклогексанның практикалық маңызы 
бар. Олар мұнайды ароматтау нәтижесінде ароматты көмірсутектерге 
айналады. Ал одан бояулар мен медикаменттер алынады. 
Ағаштардың шайыры циклоалкандардан тұрады, циклоалкандар шығыс хош 
иістері, майсана, жалбызды және лимонды майлар т.б.  құрамына кіреді. 
Циклоалкандар Д тобының дәрумендерінде кездеседі. Сондай-ақ, алмастырыл-
майтын гормондарда да бар. Ал онсыз адам өмір сүре алмайды. Асқазан сөлінің  
құрамына кіреді.
Сен білесің бе?
 
Циклоалкандар (циклопарафиндер) құрамына үш 
немесе одан да көп көміртек атомдары кіретін циклді 
қаныққан көмірсутектер. Циклоалкандардағы барлық 
көміртек атомдары 
sp
3
-гибридтенген күйде болады.
 
Циклоалкандарға  көміртек  тізбегінің  және  клас-
ара лық изомерлену тән. 
  1.  Қандай көмірсутектер циклоалкандарға жатады және олар неге олай аталады? 
Циклоалкандарды кейде неге нафтендер деп атайды?
 
2.  Құрамы С
6
Н
12 
болатын циклоалкандардың құрылымдық формулаларын жазып, 
оларды атаңдар.
 
3.  Келесі циклоалкандардың құрылымдық формулаларын жазыңдар: 1,2-диметил-
4-этилциклоалкан; 1,3-диметилциклобутан; 1,1диметил-2-этилциклопропан.
 
4.  1,2 және 1,3-диэтилциклобутанның цис- және транс-изомерлерінің құрылымдық 
формулаларын жазыңдар.
 
5.  Циклопропанның тұрақтылығының төмен болуының себебі неде?
 
6.  а) Метилциклопропанның хлорсутекпен; ә) циклопентанның хлормен әрекет-
тесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.
 

1.  а) Циклоалканның буының сутек бойынша тығыздығы 42-ге тең. Қосылыстың 
молекулалық формуласын тауып,оны атаңдар;  
Жауабы: С
6
H
12
.
                                      
 
  ә) 2 гомологының, 2 изомерінің құрылымдық формулаларын құрастырыңдар.
 

2.  Массасы 7 г циклоалканды жаққанда 22 г көмірқышқыл газы және 9 г су түзілді. 
Қалыпты жағдайдағы тығыздығы 3,125-ке тең болса, заттың формуласы қандай 
болады? 
Жауабы: С
5
H
10
.
 

3
*
.  Массасы 8,4 г циклогександы монобромдағанда түзілген бромсутекті бейтараптау 
үшін 11% калий гидроксидінің КОН (тығыздығы 1,1 г/мл) қанша көлемі жұмсалады?  
 
 
 
Жауабы: 46,28 мл.
                                      

82
§ 69.  ЖАНУ  ӨНІМДЕРІНІҢ  МАССАСЫ  (КӨЛЕМІ)  БОЙЫНША 
ЗАТТЫҢ  МОЛЕКУЛАЛЫҚ  ФОРМУЛАСЫН  АНЫҚТАУ
1-есеп.  Массасы  29  г  көмірсутекті  жаққанда,  88  г  көмірқышқыл 
газы және 45 г су түзілді. Заттың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 
2-ге тең. Көмірсутектің формуласын табыңдар.
Есептің шартын жазамыз.
Шешуі:
Заттың салыстырмалы моле ку лалық 
массасын табамыз:
M
r
 = 
D
ауа
 · 
М
r
(ауа)

M
r
(C
х
H
y
) = 2 · 29 = 58.
Түзілген көміртек (ІV) оксидінің зат 
мөлшерін есептейміз:
n(CO
2
) = 
m
M
(
)
CO
(CO )
2
2

n(CO
2
) = 
88
44
 = 2 моль. 
Жанған заттың құрамындағы көміртектің зат мөлшерін табамыз:
n(C) = (CO
2
) = 2 моль.
Судың зат мөлшерін табамыз:
n(H
2
O) = 
45
18
 = 2,5 моль.
Жанған зат құрамындағы сутектің зат мөлшерін есептейміз:
n(H) = 2(H
2
O),
n(H) = 2,5 · 2 = 5 моль.
Көмірсутектің қарапайым формуласын табамыз:
n(C) : n(Н) = 2 : 5, яғни қарапайым формуласы — С
2
Н
5
Көмірсутектің нақты формуласын анықтаймыз:
М
r
(C
2
H
5
) = 29,
М
r
(C
х
H
y
) = 58, яғни нақты формуласы — C
4
H
10
2-есеп. Көлемі 5,6 л газ тәрізді органикалық затты жаққанда, 16,8 л 
(қ.ж.)  көмірқышқыл  газы  және  13,5  г  су  түзілді.  Бастапқы  заттың 
1  литрінің  массасы  қалыпты  жағдайда  1,875  г.  Қосылыстың  моле-
кулалық формуласын табыңдар.
Берілгені:
m(C
x
H
y
) = 29 г 
m(CO
2
) = 88 г 
m(H
2
O) = 45 г
D(C
x
H
y
) = 2
Табу керек
C
x
H
y
 — формуласы

83
Есептің шартын жазамыз.
Шешуі:
Пропорция бойынша заттың молеку-
лалық массасын табамыз:
1 л газ — 1,875 г, 
22,4 л — 
m г.
Осыдан 
m = 42 г, М = 42 г/моль.
Көмірқышқыл газы мен көміртектің 
зат мөлшерлерін табамыз:
n(CO
2
) = 
16,8
22,4
ë
ë ìîëü
 = 0,75 моль,    
n(C) = 0,75 моль.
Су мен сутектің зат мөлшерлерін табамыз:
n(H
2
O) = 
13,5
18
ã
ã ìîëü
 = 0,75 моль,    
n(H) = 0,75 · 2 = 1,5 моль.
Көміртек пен сутектің массаларының қосындысын есептейміз:
m(C) + m(H) = 0,75 · 12 +1,5 · 1 = 10,5 г.
Жанған заттың массасын табамыз:
m(зат) = 
V
V
m
 · 
M,     m(зат) = 
5,6
22,4
ë
ë ìîëü
 · 42 г/моль = 10,5 г.
Яғни зат құрамына тек қана көміртек пен сутек кіреді. 
Көмірсутектің C
х
H
y
 қарапайым формуласын табамыз:
n(C) : n(H) = 0,75 : 1,5 = 1 : 2.
Көмірсутектің нақты формуласын анықтаймыз:
M
r
(CH
2
) = 14,     
M
r
(зат) : 
M
r
(CH
2
) = 42 : 14 = 3,
Көмірсутектің нақты формуласы: С
3
Н
6
 

1.  Массасы 3 г көмірсутек жанғанда 8,8 г көмірқышқыл газы және 5,4 г су түзілді. 
Көмірсутектің ауамен салыстырғандағы тығыздығы 1,03-ке тең. Көмірсутектің 
молекулалық формуласын анықтаңдар.  
Жауабы: С
2
Н
6
 

2.  Массасы 8,6 г көмірсутек жанғанда 13,44 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы және 12,6 
г  су  түзілді.  Көмірсутектің  сутекпен  салыстырғандағы  тығыздығы  43-ке  тең. 
Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.  
Жауабы: С
6
Н
14
 

3.  Массасы 29 г көмірсутек жанғанда 44,8 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы және 112 л су 
түзілді. Заттың гелиймен салыстырғандағы тығыздығы 14,5-ке тең. Көмірсутектің 
молекулалық формуласын табыңдар. 
Жауабы: С
4
Н
10
Берілгені:
V(C
x
H
y
) = 5,6 л
V(CO
2
) = 16,8 л
ρ(C
x
H
y
) = 1,875 г/л
m(H
2
O) = 13,5 г
Табу керек
C
x
H
y
 — формуласы

84
№ 6-ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫС
Органикалық заттар молекулаларының 
модельдерін құрастыру
1.  Көмірсутектер  мен  галогентуындылардың  молекулаларының 
модельдерін дайындау
Ермексаздан,  ағаш  немесе  металл  өзектерден  берілген  заттардың 
молекулаларының модельдерін дайындаңдар.
Метан молекуласының моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей 
төрт шар дайындаңдар. Басқа түсті ермексаздан бұрынғы шарлардан 
диаметрі 1,5 есе үлкен шар жасаңдар. Үлкен шардың (көміртек ато-
мы)  бетіне  шамамен  бірдей  арақашықтықта  төрт  нүкте  белгілеңдер. 
Белгіленген  нүктелерге  өзектерді,  ал  олардың  екінші  ұшына  төрт 
кішкене шарларды (сутек атомдарын) бекітіңдер.
Пропан  молекуласының  моделі.  Бір  түсті  ермексаздан  көлемі 
бірдей сегіз шар дайындаңдар. Басқа түсті ермексаздан бұрынғы шар-
лардан диаметрі 1,5 есе үлкен үш шар жасаңдар. Үлкен үш шарлар-
ды (“көміртек атомдары”) 109° бұрыш жасап, бір-бірімен өзектердің 
көмегімен жалғастырыңдар.
Пропанның  құрылымдық  формуласына  сәйкестендіріп,  үлкен 
шарларға өзектердің көмегімен сегіз кіші шарларды бекітіңдер. Кіші 
шарлар сутек атомдарын бейнелейді.
1-хлорпропан  молекуласының  моделі.  Пропан  молекуласының 
моделінен  бір  кіші  шарды  (“сутек  атомы”)  алып  тастаңдар.  Оның 
орнына кіші шардың көлемінен екі есе үлкен басқа түсті шарды (“хлор 
атомы”) бекітіңдер. 
Тапсырма. 1. Неліктен молекула модельдерін жасау үшін көлемдері 
әртүрлі шарларды пайдаланады? 2. Көмірсутек пен галогентуындының 
молекулаларының  модельдерін  жасағанда  қандай  ережелерге  сүйен-
діңдер?  3.  Пропан  молекуласының  моделін  дайындауда  “көміртек 
атомдарын” неліктен 109°
 
бұрыш жасап орналастырдыңдар?

ХІІІ тарау
ҚАНЫҚПАҒАН 
КӨМІРСУТЕКТЕР

XIII
тарау
86


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет