«Өспелер» «Ісіктік өсу» және «ісік» түсініктеріне анықтама. Табиғаттағы ісіктердің таралуы


Ісіктік өсулердің биологиялық ерекшеліктері, атипизм түрлері, ісіктер мен эмбриональдық ұлпалардың ұқсастығы мен ерекшелігі



бет2/16
Дата19.06.2020
өлшемі274 Kb.
#74026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
өспе
1 билет, Тақырып 10 (1), a293299f-6579-4da2-88cb-fe63bd675852, Б.НАЗЫМ, Тест БД, Новый документ, сынып сағаты презентация
Ісіктік өсулердің биологиялық ерекшеліктері, атипизм түрлері, ісіктер мен эмбриональдық ұлпалардың ұқсастығы мен ерекшелігі.

Ісік өсуінің ерекшеліктеріне белгілі автономдық және шексіз өсу жатады. Ол бүтін организмнің реттеуші жүйелерінің әсерлеріне бағынбайды.Ісіктің өсуіне қарай ретсіз өсуі көбейеді.Бұл клеткалардың шексіз көбеюінің себептерін түсіндіру қиын. Болжам бойынша: a) ісік клеткаларында қалыпты клеткаларда болатын шекті бөліну өлшемі (Хейфлик) жоғалған. Адамда фибробласт клеткасы қалыпты жағдайда тек 50 рет қана бөліне алады. Ал зарарлыққа айналған ісік клеткалары шексіз көбеюне қабілетті; б) қалыпты жағдайда көрші клеткалар өзара түйісуден бір-біріне бөлінуді тежейтін әсер етеді. Ісік клеткаларында бұл түйісу тежелуі азайған; в) ісік клеткаларының шексіз көбеюі ісік ткандеріндегі кейлондардың өндірілуі азаюынан болуы мүмкін.Кейлондар кемеліне келген клеткалармен өндіріледі және пролиферацияны тежейді. Ал, ісік ткәні негізінен жетілмеген клеткалардан тұрады.

Ісік тек өз клеткаларының көбеюі нәтижесінде өседі және организм иесінен қан арқылы қоректік заттармен, көбеюді ынталандырушы заттармен қамтамасыз етіледі. Ісік қан тамырлары эндотелиалды клеткаларының өсіп-өнуін және олардың ісіктің ішіне бірігіп кетуін шақыратын фактор өндіретіні дәлелденген. Организмнен аластанғаннан кейін де ісік өсуі созыла береді, өйткені клетканың өсіп-өнуін ынталандырушы фактор ісік клеткаларының өзінде орналасқан.

Ісік өсуінің келесі бір ерекшелігі, ол олардың атипиясы немесе анаплазиясы (грек. Anaplas – кері даму өзгерістері).Ісік клеткаларының атипиясы деп, олардың қалыпты ткән, орган клеткаларынан морфологиялық, биохимиялық, антигендік және функциялық алшақтануын түсінеді.



Морфологиялық атипия нәтижесінде ісік клеткаларының түрі мен көлемі өзгереді, үлкен клеткалар басым болады. Ядроның көлемі үлкеюінен ядро мен цитоплазманың арақатынасы өзгереді, ядрода ядоршықтардың саны өзгереді, кейбіреулерінің құрылымы өзгереді, мембраналардың, әсіресе лизосом мембранасының, өткізгіштігі жоғарылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет