Иммунологиялық анаплазия. Ісік ткәндерінің антигендік қасиеті өзгереді. Шын мәнінде бұл белок алмасуының өзінше қайта құрылуын көрсетеді. Қалыпты жағдайда әрбір ткән тек өзіне тән антигендердің жиынтығын өндіреді. Бұл антигендердің арасында әртүрлі ткәндарға тән және шыққан орган ткәніне ғана тән арнайы антигендер болады. Ісік келткаларында антигендердің жиынтығы өзгереді. Осы өзгерістерге байланысты антигендердің қарапайымдануы және күрделенуі мүкін. Соңғысы клеткада онкогендік вирустың болуына байланысты жаңа антигендер пайда болуымен байқалады.
Антигендік қарапайымдану ісік клеткаларымен өндірілетін, ең алдымен органға арнайы, антигендердің саны азаюымен сипатталады. Айталық шыққан ткәнге тән антигендердің орнына ісік клеткалары шыққан ткәнге тән емес, басқа ткәндерге тән антигендерді өндіре бастауын айтады. Мысалы, гепатомада көк бауырдың, бүйректің немесе басқа органдардың антигендері өндіріледі.
Антигеннің реверсиясы деп ісік клеткаларымен эмбриондық антигендердің өндірілуін айтады. Мысалы, бауыр рагынде эмбриондық α-фетопротеин өндіріледі. Бұл кез келген қатерлі ісіктерге тән.
Достарыңызбен бөлісу: |