«Өспелер» «Ісіктік өсу» және «ісік» түсініктеріне анықтама. Табиғаттағы ісіктердің таралуы


Химиялық канцерогендер, олардың жіктелуі, проканцерогендер және тіке канцерогендер. Коканцерогендер және синканцерогендер. Химиялық канцерогенез кезіндегі инициация және промоция кезеңдері



бет8/16
Дата19.06.2020
өлшемі274 Kb.
#74026
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
өспе
1 билет, Тақырып 10 (1), a293299f-6579-4da2-88cb-fe63bd675852, Б.НАЗЫМ, Тест БД, Новый документ, сынып сағаты презентация

Химиялық канцерогендер, олардың жіктелуі, проканцерогендер және тіке канцерогендер. Коканцерогендер және синканцерогендер. Химиялық канцерогенез кезіндегі инициация және промоция кезеңдері.


1775 жылы Англияда Персивал Потт «мүржа тазалайтындардың рагін» хабарлады: бала күнінен көп жылдар түтін шығатын мұржаларды тазалайтын адамдардың ұма терісінде, санының ішкі жақ және іштің терілерінде рак ауруы пайда болатынын байқаған. Бұл рактың себебі пештің күйесі болады леген пікір айтылды. Осыдан кейін көп зерттеушілер ракті жануарлардың терісіне тас көмір смоласын жағу арқылы тәжірибеде алуға кірісті. Тек, 1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы жолмен қоянның тері ісігін алды. Осыдан бастап химиялық канцерогенезді жуйелі түрде зерттеу басталды.

Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерінен ісіктің басқа түрлері де дамитыны белгілі болды. Мәселен, адамдардың кәсібіне қарай ісік жиірек дамитыны анықталды.

Ісік дамуына әкелетін химиялық затар онкогендер, бластомогендер немесе канцерогендер деп аталады.

Барлық канцерогендер экзогендік және эндогендік болып бөлінеді. Экзогендік канцерогендерге көптеген (1000 астам ) қосындылар жатады: көнциклді ароматты көмірсутегілер, циклдік аминдер, аминдік азоқосындылар, анилин ж.б.

Кейбір канцерогендер жіберілген жеріне қарамай тек белгілі органдар мен ткәндерде ісік дамуына әкеледі. Мәселен, ортоаминоазотолуол және диметиламиноазобензол тек бауыр ісігін шақырады. Бензидин немесе β-нафтиламин тек қуықтың ісігі дамуына әкеледі. Неге бұлра белгілі органдарға ғана ісік туғызады деген сұраққа жауап жоқ. Ал, көп циклді көмірсутегілері жиі жіберілген жерінде кез келген ткәндердің ісігін шақырады. Канцерогендік зат организмге түскен соң ұзақ уақыттан кейін дамиды. Латенттік кезең организм өмірінің 1:3 – 1:7 ұзақтығына теңеледі. Ол адам үшін 12-18 жылға жуық болады.

Химиялық қосындылардың әсерінен ісік дамуымен байланысты канцерогенезбен қатар коканцерогенез және сиканцерогенез деген екі түсінік қалыптасқан. Коканцерогенез деп онкогендік әсері жоқ заттардың канцерогендердің әсерін күшейтуін айтады. Мысалы, тышқандардың терісіне метилхолантреннің ісік дамытпайтын аз мөлшерін (25 мкг) жақса, содан кейін өз бетімен ешқашан ісік туғызбайтын кротон майымен майласа, соңғысы метилхолантереннің әсерін күшейтіп, ісік дамуына әкеледі. Сиканцерогенез деп әртүрлі канцерогендердің бірінің күшін бірі арттыруын немесе әлсіретуін ұғады.



Қоршаған ортада канцерогендердің пайда болуы. Олардың ішінде ең күшті канцерогендерге жататын көп циклді ароматты көмірсутегілер автомобилдердің шығаратын ғаздарының құрамында болады. Көптеген зерттеушілердің есебі бойынша сыртқы орталастануының 60-80 проценті автомобильдердің шығаратын газдарына келеді. Сондықтан ірі қалалардың тұрғындары күніне осы газдармен 0,6 мкг бензпиренді демімен қабылдайды. Қазіргі ұшақтардың ұшуы кезінде сыртқы ортағы минөтіне 2-4 мг, ал жерден көтерілгенде 40 мг-ға дейін бензпирен шығарады. Сыртқы ортаның ластануында өндірістің, әсіресе химиялық өндірістің қалдытары, өндіріс пен ауыл шаруашылығында кейбір химиялық заттардың пайдаланылуы екінші орында болады. Кейбір инсектицидтердің (ДДТ) канцерогендік қасиеті бар екендігі белгілі болды. Жылыту жүйелерінің жұмысы нәтижесінде сыртқы ортағы канцерогендік заттар бөлінеді.

Атмосферағы бөлінген канцерогендік заттар топыраққа қонады, суға түседі. Олардан бұл заттар өсімдіктерге, жануарлар мен адам организмдеріне түседі.



Эндогендік канцерогендік заттар. Көп циклді көмірсутегілердің химиялық құрылымы кейбір стероидтардың құрылымына өте ұқсас болып келеді. Осыған байланысты белгілі жағдайларда организмнің өзінде онкогенездік қасиеті бар заттар өндірілуі мүмкін деген пікір айтылды. 1925 жылы адам терісін 800-920 С қыздыру арқылы канцерогендік зат алынды. Бұл затты ақ тышқандарға енгізген кезде ісік дамитыны дәлелденді. 1934 жылы адам өтінде болатын дезоксихол қышқылының канцерогенді зат метилхолантрен алынды.

Қазір жануарлар мен адам организмінде әртүрлі құрылымы бар канцерогенді заттар пайда болуы мүмкін екені белгілі. Оларға стероидты гормондар (эстрон, эстрадиол), холестерин туындылары – холестадиендер, карцинолипиндер, амин қышқылдарының (триптофан, тирозин) ыдырау өнімдері ж.б. жатады. Эндогендік канцерогендік заттар лейкозбен ауыратын сыртқаттардың зәрінде табылған. Организмде гормондық жағдайлардың бұзылуы ісіктердің кейбір түрлерінің дамуына әкеледі. Бұл ісіктер «дисгормондық ісіктер» деп аталады. Бұл көрсетілген эндогендік канцерогендер организмде ешқашан өз бетінше пайда болмайды. Олар экзогендік факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Канцерогендердің әсері олардың ерекшеліктерімен, организм жағдайларымен (жасы, зат аламасу ерекшеліктері, гормондық балансы, иммундық жағдайы ж.б.) байланысты.

Канцерогендік заттардың ісік шақыратын әсері олардың организмдегі өзгерістерімен анықталады; өйткені олардың көпшілігі проканцерогендер (канцерогендерді тудырушылар) болып есептелінеді. Ал осы проканцерогендер клеткалардың микросомдарында өздерінің алмасу өзгерістерін ынталандыратын ферменттердің шығуына себепткер болып, әсерлі канцерогендерге айналуы мүмкін.

Олардың канцерогендерге айналатын негізгі органы – бауыр. Онда қан айналымдағы проканцерогендердің 99 проценттен астамы ұсталып қалады. Проканцерогендердің әсерлену реакциясының бірінші сатысы олардың гидрооксилазалармен және эндоплазмалық ретикулумның микросомдарында моноксидазалармен (соның ішінде Р-450 цитохромымен) тотығуы. Соның салдарынан тек майда еритін проканцерогендер суда жақсы еритін болып шығады. Әдетте эпоксидтер пайда болады, ары қарай олар эпоксидигидролазалардың әсерімен өте қауіпті диолэпоксидтерге айналады. Айта кететін бір жай, ол проканцерогендердің канцерогендерге айналуын организмнің тіршілігінде өте үлкен маңызы бар, майда еритін заттарды суда еритін түріне айналдырып, сол арқылы организмнен сыртқа жеңіл шығаруына мүмкіншілік жасайтын ферменттер қамтамасыз етеді. Сонымен бірге бұл қалыпты жағдайда байқалатын проканцерогендердің суда еритін түрлерге ауысуы олардың канцерогендік қасиетін күшейтеді.



Қазіргі кезде канцерогендер ең алдымен ДНК молекуласымен байланыстатыны белгілі. Олар азотты негіздермен (ең алдымен гуанинмен) хмиялық байланыс құрады. Мәселен, алкилдейтін қосындылар жиі гуаниннің С-7 молекуласымен, ал ароматты аминдер жиі гуаниннің С-8 молекуласымен байланысады. Олардың басқа байланыс түрлерінде естен шығаруға болмайды, мысалы, полициклді ароматты көмірсутегілер ДНК молекуласының негіздерінің арасындағы қуыстарға енеді. Сонымен қатар канцерогендердің молекулалары басқа құрылымдармен байланысуы мүмкін, мысалы, реттеуші белоктармен немесе РНК молекуласымен. Қазіргі уақытта ең ықтимал болып мына жағдай есептелінеде. Канцергендердің әсерімен сипатталатын клеткалардың геномы өзгереді. Бұл өзгерістер соматикалық мутация болып есептеледі және клетка бөлінгенде бар туындыларға, яғни туынды клеткаларға беріледі.

Бластомогендік фактор ретіндегі иондаушы радиация, дистанттық иондаушы сәулелер мен радиоактивті изотоптардың рөлі. Ультра күлгін сәулелердің, термиялық, механикалық факторлардың бластомогендік әсерлері.

Бұларға әртүрлі иондайтын сәулелердің түрлері және ультракүлгін сәулелер жатады. Иондайтын сәулелердің барлық түрлері (рентген сәулелер, α, β, γ – бөлшектері, нейтрондар мен протондар) канцерогендік әсер ете алады. 1895 жылы рентген сәулелері ашылғаннан кейін 1909 жылы ең алғаш радиацияның ісік шақыратыны туралы пікір айтылды. Рентген трубкасын дайындайтын Фрикен, оның сапасын өзінің қолына тексеру нәтижесінде, бірінші құрбан болды. Онда метастаза беретін рак ісігі дамиды. Рентгенологтарда тері рагі мен сүйек саркомасы даму мүмкіншілігі байқалады. Рентген сәулелерімен тәжірибелік жануарлардың (тышқан, ит ж.б.) жалпы организмін сәулелендіргенде лейкоздар мен әртүрлі органдардың ісіктері дамиды. Адамдарда рентген сәулелерімен жалпы сәулелендірудің нәтижесінде ісік пен лейкоздардың дамуы жиілейді. 1949 жылдан бастап атом бомбасын сынаудан кейін Семей тұрғындарының арасында лейкоз аурулары жиі кездесуі байқалады.

Ультракүлгін сәулелердің канцерогендік әсері егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарда дәлелденді.

Әртүрлі радиоактивті изотоптар организмге түскенде олардың түсу жолдарында және жиналып тұрақтануына қарай әртүрлі органдарда ісік туғызады. Олар ауыз арқылы түскенде асқорыту органдарының ісігін, тері астына түскенде – саркома, тері рагін, тыныс жолдары арқылы түскенде өкпе ісіктерін шақыруы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет