«Өспелер» «Ісіктік өсу» және «ісік» түсініктеріне анықтама. Табиғаттағы ісіктердің таралуы


Ісік алды және рак алды жағдайлар туралы түсінік



бет11/16
Дата19.06.2020
өлшемі274 Kb.
#74026
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
өспе

Ісік алды және рак алды жағдайлар туралы түсінік.

Органның деңгейінде онкогенез кезінде рак алды жағдайы дамиды. Бұл практикалық онкологияның ең маңызды проблемларының бірі. ¤йткені рак алды жағдайларды анықтау арқылы көпшілік жағдайда зарарлануды ескертуге болады, б.а. зарарлық ісіктерді алдын ала емдеуге болады. Рак алды – ісік алдындағы ұзақ мерзімді болатын атрофиялық, дистрофиялық және пролиферативтік процестерден тұратын патологиялық жағдайлармен сипатталады және көпшілік жағдайларда қатерлі ісікке айналады. Көрнекті онколог Л.М. Шабад ткәндердегі бірте-бірте ұлғаятын ісік алды жағдайлардың сатылық өзгерістерінің мынадай тізбегін ұсынды: біркелкі емес тараған гиперплазия – ошақты пролиферация – қатерсіз ісік – қатерлі ісік.

Есте сақтайтын жай ол рак алды жағдайдың мұндай ұлғаю тізбегі тек экспериментте алынған ісіктерге тән. Ал клиникады бұл сатылар сирек байқалады.

Көп тараған рак алды жағдайдың бірі – ол асқазанның каллезді жарасы. Бұл асқазанның шырышты қабығының жай ақауы емес, ол ақау созылмалы ұзақ мерзімді қабынумен сипатталады, оның шеттері атрофиялық, дистрофиялық және пролиферативтік өзгерген клеткалармен қабатталған және сыртқы бейнесімен қажалған жерге ұқсайды (осыдан аты «каллезді» - қажалған, ойылған деген түсінктерді көрсетеді). Каллезді жара тым жиі ракқа ауысады, сондықтан хирургиялық тәсілмендер кезінде алынып тасталуы қажет.

Рак алды жағдайға жатырдың мойын эрозиясы, б.а. оның шырышты қабығындағы ақауы жатады. Мұнда ұзақ мерзімді қабыну реакциясы жаралы жерде ткәннің атрофиясымен және айналасындағы эпителийдің пролиферациясымен сипатталды. Бұл жара тез арада ұқыпты емдеуді қажет етеді. ¤йткені ол жиі зарарлы ісікке айналады.

Біркелкі тарамаған гиперплазия қабыну процесінсіз дамиды және сыртқы ортамен қатыспайтын ткәндерде пайда болады. Бұл түрлес ісік алды жағдайлардың ең жиі тараған түрі кистозды – фиброзды мастопатия – сүт безінің ауруы. Бұл ауруда безді ткәндер ошақтанып ұлғаяды, тығыз фиброзды капсуламен қоршалған кисталық қуыстар қалыптасады. Бұл ауру жиі сүт безінің рагіне ауысады.

‡шініші кең тараған рак алды жағдай болып зарарсыз ісіктер саналады. Мәселен, папилломалар ракқа, жатырдың зарарсыз миомасы қатерлі ісікке, пигментті мендер – зарарлы меланомаға ауысуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет