«Өспелер» «Ісіктік өсу» және «ісік» түсініктеріне анықтама. Табиғаттағы ісіктердің таралуы


Онковирустар, олардың жіктелуі. Ісіктердің дамуындағы құрамында ДНК-сы мен РНК-сы бар вирустардың рөлі. Онковирустармен шақырылған адамның ісіктері



бет9/16
Дата19.06.2020
өлшемі274 Kb.
#74026
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
өспе

Онковирустар, олардың жіктелуі. Ісіктердің дамуындағы құрамында ДНК-сы мен РНК-сы бар вирустардың рөлі. Онковирустармен шақырылған адамның ісіктері.

1908-1911 жылы Роус тауық саркомасының клеткасыз сүзіндісін жіберу арқылы сау тауықтарда осы ісіктің дамитының көрсетті. 1933 жылы Шоуп қоянға ісік ткәнінен алынған клеткасыз сүзіндіні жіберіп, онда папиллома ісігін алды. 1934 жылы Биттнер сүт безі рагімен ауыратын ақ тышқанда «сүт факторы» болатының анықтады. Ақ тышқандардың ішінде бұл ракпен жиі және сирек ауратын топтары бөлінеді. Егер сирек ауыратын тышқандардың баларын жиі ауыратын тышқандардың сүтімен қоректендірсе, онда оларда сүт безі ісігінің спонтанды пйда болуы жиілейді. Жиі ауыратын тышқандардың жаңа туған балаларын сирек ауыратын тышқандардың сүтімен қоректендірсе олардың сүт безі рагімен ауруы сиртейтіні көрсетіледі. Егер жиі ауыратын тышқандардың арасында спонтанды сүт безі ісігі 83,2 процент жағдайда дамыса, онда сирек ауыратын тышқандардың сүтімен қоректенген тышқандарда ол тек 4,9 процент жағдайларда ғана дамиды. Кейінірек «сүт факторының» негізінде вирус жататыны дәлелденді.

ХХ ғ. 50 жылдарынан бастап әртүрлі жануарларда ісіктер мен лейкоздар шақыратын вирустар туралы көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі күні жануарлардың кейбір ісіктері вируспен шақырылатыны ешқандай күмән келтірмейді. Егеуқұйрықтар мен тышқандардың лейкозы, қоян, ит, сиыр папилломалары, тауықтың саркомасы, бақаның бүйрек рагі ж.б. ісіктердің этиологиясында вирустарлдың рөлі дәлелденген. Адамның кейбір ісіктері де (кандилома, папиллома, сүйел ж.б) вирустармен шақырылуы әбден мүмкін.

Қазіргі кезде жануарларда ісік шақратын вирустардың 40-тан астам түрлері белгілі.

Ісік шақратын вирустар РНК-дан және ДНК-дан тұратыны болады. РНК-дан тұратын вирустарға тышқан және тауық лейкозы, Роус саркомасы, сүт факторы ж.б. вирустары жатады. ДНК-дан тұратын вирустарға Шоуп папилломасы, адамдардағы папиллома мен кандиломаның вирустары жатады. Көптеген ісік шақыратын вирустар өздері алынған жануарлардың түрінде ғана емес, басқа түрлерінде де ісік дамуына әкелуі мүмкін.

Вирустардың патогенедік күші бір жағынан олардың штаммасына, дощасына, организмге жіберу жолына ж.б., екінші жағынан қабылдайтын организмнің (реципиенттің) жасына, генетикалық, иммунологиялық, гормондық ж.б. жағдайларына байланысты болады. Мәселен, құстардың эритробластоз вирусы венаға жібергенде лейкоз дамуына әкелсе, тері астына жібергенде саркома ісігін дамытады. Роус вирусы тауық балапандарында тез өсетін, метастаза беретін саркома, ал кәрі тауықтарда баяу өсетін ісіктерді шақырады.

Ісіктердің этиологиясы туралы айтқанда жоғарыда көрсетілген химиялық, физикалық және биологиялық факторларды атап шығу жеткіліксіз болар еді. Бұл факторлар бірдей жағдайда бір организмде ісік дамуына әкелсе, екіншісінде әкелмейді, үшіншісінде ісік тез дамиды және ерте метастаза береді, басқа организмде процесс баяу дамуы мүмкін. Ісіктің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда организмнің, ең алдымен реттеуші жүйелердің, жағдайларымен, оның даралық реактивтігімен өте тығыз байланысты. Бірақ әсер етуші фактормен организмнің арақатынасы, өзара әсерлері әлі толық зерттелмеген. Олардың ұдайы өзгеріп, дамып тұратыны күмән шақырмайды. Осыларды анықтау арқылы ісіктердің этиологиясын шешу болашақтың ісі болмақ. Дегенмен ісік дамуында нервтік, эндокриндік және иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет