Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Отбасылық өмірдегі қалыптан тыс дағдарыстар



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Отбасылық өмірдегі қалыптан тыс дағдарыстар 
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс
– отбасының өмірлік циклінің кез-
келген сәтінде кездесетін дағдарыс, ол жағымсыз эмоциялы қобалжу дағдарысы. 
Р.Хилл осындай дағдарысқа әкелетін үш факторды бөліп қарастырды: 
1.
Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ). 


81 
2.
Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесі жол апатына 
ұшырау, зорлық-зомбылық көру т.б.). 
3.
Ішкі отбасы жағдайындағы сыйластық, түсіністіктің бұзылуы немесе ерлі-
зайыптылардың бірін-бірі қадірлей алмауынан стресстік күйге түсу 
(күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы). 
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының көрсеткіштері: 
-
Отбасындағы дағдарыс жағдайы. 
-
Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы. 
-
Отбасы мүшелерінің болған келеңсіз жағдайға көзқарасы, қабылдауы. 
-
Отбасы мүшелерінің өзгеруі. 
-
Жеке және отбасылық қиын жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі. 
Отбасылық психотерапия 
Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған 
және отбасы мүшелерінің айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою 
мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. 
Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық 
қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық қақтығыстың сипатына
психотерапевтік өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына 
байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 
кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып 
жалғасын табады. Отбасылық терапия төрт кезеңнен тұрады: 
1.
Отбасылық келеңсіздіктің себебін анықтау – диагностикалық кезең. 
2.
Отбасылық қақтығысты жою кезеңі. 
3.
Отбасылық қатынастарды сыйластық, татулық сезімде қайта құру кезеңі. 
4.
Отбасы мүшелеріне қолдау көрсету кезеңі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет