Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Әдістеме (Методика) – ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім. Әлеуметтік өлшем әдісі



Pdf көрінісі
бет61/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Әдістеме
(Методика) – ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім.
Әлеуметтік өлшем әдісі
(Социометрический метод) – америкалық 
психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың эмоционалдық 
қатынастарын зергтеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі 
адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып 
(демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және т.б.), қасындағы адамдардың 
біреуін өлшем (сұрақтарға) бойынша тандап алуы керек. Адамдардың қарым – 


133 
қатынастарының үйлесімді болуы, бір – бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың 
сезімдік -эмоциялық күйлеріне байланысты анықтайды. 
Әлеуметтену
– баланың әлеуметтік тәжірибені, білімді, құндылықтар мен 
еормаларды қоғамдық ортадан меңгеруі және соның нәтижесінде өзін қоғамдық 
ортада бақылауы, өзін-өзі ұстауы, мінез-құлқын реттеуі, өзін жүзеге асыру 
үрдісі.
Әңгімелесу, әңгіме
(Беседа) – 1) психологиялық зерттеу әдісі, ақыл-ой 
белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбиелу әдістерінің бірі. 2) 
вербальдық (сөйлеу) қарым-қатынас негізіңде ақпарат алу әдісі. Психологияның 
әр түрлі салаларында (әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б. 
салаларында кеңінен қолданылады. 
Байқағыштық
– заттың, кұбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам 
қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына
кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын 
алады. 
Б.-танымдық 
құрылғы 
мен 
соған 
сай 
шындықты 
қабылдаудықалыптастыратын қасиет. 
Байқау әдісі
(Метод пробования) – белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде 
біраз уақыт зерттелуіші адамның психологиялық ерекшелікгерін қадағалау. 
Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. осы 
әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, 
мінез-құлқын байқауға болады. 
Бақылау әдісі
– белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту 
рекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, 
алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп 
отыру. Б.ә. тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және 
бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді. 
Бейнелі ойлау
(образное мышление) – сыртқы дүние заттар
ы 
мен 
құбылыстарының мида жалпы, жанама түрде түрлі ұғымдар арқылы бейнеленуі 
Б.о. сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. 
Бейнелі ес
– заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда 
қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. суретшілер мен сәулетшілердің, 
музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты болып келеді. Олар оқып 
шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде, ондағы ұсақ -түйек көріністердің 
бәрін көз алдарына келтіре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет