Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Ажырасу мәселесі бойынша кеңес беру



бет26/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Ажырасу мәселесі бойынша кеңес беру. Ажырасу мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру міндеттері ажырасу туралы шешім қабылдап қойған ерлі-зайыптылармен жүзеге асырылады. Бұл жерде ажырасуды психологиялық сүйемелдеу туралы мәселе қозғалады. Аталған сүйемелдеубалалары бар отбасы үшін сӛзсіз қажет. Кӛптеген жағдайда мұндай кеңес беру ақпараттық қызмет атқарады[Алешина, 1994].
Ажырасу кезіндегі кеңес берудің негізгі міндеттері келесідей:

  • шектеулі уақытта ерлі-зайыптылардың экономикалық мәселелерін – территориалды дауласуларды, мүліктерді бӛлуді, материалды-қаржылық қолдауды шешуде делдалдық жасау;

  • қамқорлыққа алу, жеке тұратын ата-ана қатынасының шарттарын келісу,бала тәрбиесі (кездесі жиілігі, ұзақтығы, территориясы, үшінші адамның қатысуы т.б.) мәселесі бойынша кеңес беру;

  • балаларды отбасының ажырасуына дайындау және ата-ананың біреуін сепарациялау мәселесі (баланы ажырасу туралы хабар ету уақыты мен формасы, ажырасу және ажырасудан кейінгі кезеңде ата-ана мінез-құлқы стратегиялары мен тактикасын қалыптастыру) бойынша кеңес беру;

  • отбасының жаңа бейнесін қалыптастыру, отбасының рӛлдік құрылымының ӛзгеруіне және әйелдің жұмысқа шығуына (әдетте ана бұрын жұмыс істемесе ажырасудан кейін жұмысқа шығады немесе үстеме не қосымша жұмыс іздейді) байланысты мәселелерді шешуге кӛмек кӛрсету;

  • ажырасуды бастан кешірген балалардың эмоциялық-тұлғалық бұзылыстарының алдын алу ретінде бала-ата-аналық қатынастар мен отбасылық тәрбиені оңтайландыру;

  • эмоциялық ажырасуды сүйемелдеу, ажырасқан ерлі-зайыптыларға әлеуметтік қолдау желілерін жасау;

  • ажырасқан ерлі-зайыптылардың тұлғалық иденттілігін реконструкциялау міндеттерін шешуде ынтымақтасу, депрессия, мазасыздықтың, қорқыныштың және фобиялық реакциялардың алдын алу;

  • дамудың эмоциялық-тұлғалық бұзылыстарының және мінез-құлықтық дезадаптацияның алдын алу мақсатында баламен жұмыс жасау;

  • бала тәрбиелеу қызметін тиімді орындау шарттарын қамтамасыз ету үшін ажырасқан ерлі-зайыптылардың қатынастарын оңтайландыру.

Ажырасқаннан кейінгі кезеңде бала-ата-аналық қатынастарды оңтайландыру саласында кеңес беру жұмысының маңызды бағыты ажырасқан, бӛлек тұратын ерлі-зайыптылардың ата-аналық қызметін жүзеге асырудың нақты түрлерін анықтау үшін ата-аналар арасындағы келіссӛздерге делдалдық жасау болып табылады. соңғы онжылдықта әкелердің ӛзінің тәрбиелік рӛлін сақтау бағытындағы бастамашылдығы мен белсенділігі айтарлықтай артып келеді. Ӛкінішке қарай, психологтар кеңес беруде аналардың ажырасқаннан кейін әкенің баламен қатынасын сақтауына қарсылықтарын жиі кездестіріп жатады. Сондықтан, бала тәрбиесіне әкенің қатысы туралы келісімге жету үшін ата-аналардың басшылыққа алуы қажет негізгі принциптерді білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет