Кӛп жағдайда алғашқы кездесу психологиялық жұмыстың одан арғы жүрісін анықтайды. Бірінші сұхбаттасуда отбасы мүшелері психологиялық жұмысты жалғастыратыны туралы шешім қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай, психолог алғашқы әңгіме барысында бірінші кездесуге қатысушылар құрамын анықтайды. Бірінші кездесу барысында оның қатысушылары әсерленулерін дұрыс бағалау ӛте маңызды. Жұмыстың басында отбасы мүшелерінің кӛпшілігі, әрқайыссы белгілеген мәселені бүкіл отбасыға тұтастай қатысы бар деп
есептемейді. Олар, шақыру себептерін білместен, сессияға елеулі психикалық қысыммен келеді.
Отбасының бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығы кейбір мӛлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруы және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге кӛмек кӛрсетуімен анықталады.
Бірінші кездесу тӛрт негізгі кезеңдерден тұрады:
«қыздыру» және психологиялық жағымды ахуалды тудыру;
отбасының жетекші мәселесін анықтау;
отбасы мүшелерінің жетекші мәселелерге кӛзқарастарын ӛзгерту;
бірлескен жұмысты жалғастыруға сенімдерін қалыптастыру.
«Қыздыру» кезеңі алғашқы 5-10 минут уақытты алады. Сол уақыт ішінде отбасы мүшелері оларды қоршаған жағдайдың қаншалықты жайлы екендігін анықтайды. Осы жерде отбасылық келісім байқалады. Үрей күйінен қаншалықты деңгейде шыға алатындарына байланысты отбасының кейбір мүшелері тұйықталып және кӛп сӛйлемеулері, немесе шектен тыс кӛп сӛйлеулері мүмкін. Бұл кезеңде психологиялық қауіпсіздікті және психотерапияға деген сенімділік мәселелері ӛте маңызды болып табылады.
Кездесудің алғашқы 5-10 минут уақыт аралығында психолог маманның негізгі міндеті – оның қызмет бӛлмесі – психологиялық қауіпсіз және сенімді орын екендігіне отбасы мүшелерінің кӛздерін жеткізу. Егер де олар бір нәрседен қауіптенетін болса, олардың ашылып әңгімеге түсуін күту мүмкін емес. Психолог отбасының барлық мүшелерін не үшін шақырғанын түсіндіріп ӛтуі мәнді. Сессияны қарапайым, нақты ойластырылған бірнеше сұрақ қоюдан бастап кетуге болады, мысалы, олар ӛздерін қалай атағанды қалайды. Содан кейін психолог отбасы мүшелерінің жасын және оларға осы кездесу туралы қандай әңгіме айтқандарын анықтап алуына болады. Сұрақтар қоя отырып, психолог бірден бірнеше мақсатты кӛздейді: отбасы мүшелері үшін жанды мәселелерге қатыспайтындығына түсінуге мүмкіндік береді және олардың әрқайыссын ерекше тұлға ретінде қабылдайтынын кӛрсетеді. Мұндай сұрақтар белгілі бір түрде сұхбаттасудың алғашқы бӛлімін құруға және отбасы мүшелерінің психологиялық жайлылық сезімдерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сессияға ӛздеріне ыңғайлы формада қатысу мүмкіндіктерін түйсінеді. Отбасы мүшелеріне бірінші кездесудегі мақсаттары туралы қойылған сұрақ, психологқа жанама түрде отбасы мүшелерінің коммуникациялық ерекшеліктері туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психолог әрі қарай тікелей сұрақтар қойып, анықтауға ұмтылатын болса, онда тек үрейдің күшеюін тудырады. Отбасы мүшелері түсініспеушілік білдіріп, бір-бірлерін қорғауға ұмтылады. «Қыздыру» одан арғы кез-келген кездесудің маңызды кезеңі болып табылады.
Бірінші кездесу қатысушыларға қандай да бір тақырыпты бірлесіп талдау мүмкіндігін ұсынады. Егер де отбасы мүшелері бұған дағдыланбаған болса, психолог конструктивті түрде олардың ӛзара әрекеттестігіне кӛмек кӛрсетуі тиіс. Алғашқы 5-10 минут уақытта маманның ӛзін-ӛзі ұстауы, үлкен мәнге ие.
Психолог ӛзінің барлық сұрақтарын оған телефон соққан және ӛзін сол жағдайдың иесі ретінде сезініп отырған отбасы мүшесіне қояды ма, немесе сұхбатты отбасы мүшелері негізгі мәселе сонымен байланысты деп кӛрсеткен отбасы мүшесінен бастайда ма? Яғни, психотерапиялық кездесудің осы бӛлімін құрастыруы, отбасының келесі кезеңге ӛтуге дайындығын анықтайды.
Екінші кезеңге ӛтуде маманның жағдайды бақылауға алғаны дұрыс. Оған келесі түрде қол жеткізуге болады, отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне сын айтуларын, айыптауларын болдырмау, болған жағдайда тоқтату, тікелей қарым- қатынасты шектеу, сонымен қатар маман әр қатысушы тек ӛз атынан сӛйлеп, ӛз кӛзқарасынан бүгін не үшін қатысып отырғанын түсіндіруін қадағалау. Егер психолог мұның барлығын табысты орындаса, отбасы мүшелері әрі қарайғы жұмыстардың міндеттерін жаңаша түсіне бастайды.
Осыдан кейін негізгі мәселеге қатысты отбасы мүшелерінің кӛзқарасын ӛзгертуге бағытталған кездесудің үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде қатысушылар жаңаша ойлай және жүйелей бастайды. Осы жерде маман келесі сәттерге ерекше кӛңіл бӛлуі қажет:
алғашында негізгі мәселелерді отбасының қай мүшесі құрастырды;
отбасы мүшелері бір-бірлерімен ӛзара қалай әрекеттеседі және олар маманға қалай әсерленеді;
отбасы мәселесін шешу үшін қайсысы кӛбірек күш салады;
олардың қайыссы психологқа отбасы ерекшеліктерін нақтырақ сипаттап беруге қабілетті.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап маман отбасы туралы ақпараттар жинай бастайды. Сұхбаттасудың дәл алғашқы үш кезеңі отбасымен психологиялық жұмысты жалғастыруға дайындығын анықтайды. Бұл тӛртінші кезеңге ӛту барысында байқалады.
Отбасы мүшелеріне бірінші кездесуге қатысу тәжірибесі оң нәтиже беретін болса, одан кейінгі кездесулерге келісім береді. Егер осылай болатын болса, онда психолог бірінші кездесудегі негізі міндетті шеше алды деп есептеуге болады. Психолог отбасы мүшелеріне психологиялық жайлы және қауіпсіз хал-ахуалдың жасалуына жауапты. Отбасы мүшелерінің негізгі мәселесін анықтауға кірісе отырып, бір мезгілде олардың кӛзқарастарын ӛзгертуге ұмтылады және жанұялық мәселені шешу мақсатында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезіндіруге кӛмектеседі.
Психолог отбасы мүшелерінің тығыз әрекеттесулерінің маңыздылығын кӛрсете отырып, оларға қазіргі жағдайдың ӛткен жағдайлармен байланыстылығын сезіндіре отырып, мәселенің олармен байланысты екендігін түсіндіреді. Мысалы, ата-аналардың ӛзінің балалық кезеңдегі тәжірибесі кӛп жағдайда қазіргі қарым-қатынастарына ықпалын түсіндіреді.