9 СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҤРГІЗІЛЕТІН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МЕН ТӘРБИЕЛІК ЖҦМЫСТАР
«Мүсін»жаттығу Мақсаты: отбасы құндылықтарын, кәсіби бағыттылықтарын кеңейту.
Жүргізілу ережелері: Отбасындағы шынайы жағдайлардың ерекшеліктерін бейнелеу:
мүсін жасауда аз дегенде отбасының 3-4 адамы болуы;
жеңіл орнынан жылжытуға болатын үй жиһаздары;
отбасы мүшесінің (келмеген адамды еске түсіретін заттың) бейнеленуі;
отбасы мүшелерін еркін мүсіндеуге барлық жағдай туғызу.
Мүсіндіталдаукезеңі. Қатысушы идеалды отбасы туралы түсінігін бейнелейтін мүсін жасайды. Қатысушылардың біреуі (ӛз еркімен) отбасы композициясын жасайды. Ол үшін ӛзіне қажетті адамдарды таңдайды және оларды отбасыдағы ӛзара қарым- қатынас, ӛзара әрекет түрінде бейнелей отырып орналастырады. Нәтижесінде қатып қалған мүсін немесе «жанды сурет» жасалады. Мысалы, отбасының түскі ас кезіндегі үстелдің айналасында отырғандарын немесе серуенде жүргендерін бейнелеуге болады. Әр қатысушыға оның қандай кейіпте тұратыны хабарланады. Кӛрініс қойылғаннан кейін, «суретші» суретте кім бейнеленгенін немен әуестенетінін әңгімелейді. Содан кейін әр қатысушы кезектесіп ӛз сезімдерімен бӛліседі:
Жасаған мүсіні қаншалықты жайлы болды?
Бауырлары неге ӛте жақын немесе алыс қашықтықта орналасқан?
Жанұяның барлық мүшелері кӛз алдында болды ма?
Жасаған жұмысы қаншалықты ұнады?
Несімен ұнады, ұнамады?
т.с.с. талдаудан кейін олар ӛз қалаулары бойынша ӛз орындарын және позаларын ӛзгертулеріне болады, нәтижесінде жаңа бір сурет пайда болады.
«Кино»жаттығуы Нұсқау: Қазір жайлы жайғасып отырыңыздар. Кӛздеріңді жұмыңдар, ӛзіңді отыз жастағы адамдай сезініңіз, дәл қазір сіз туралы фильм түсірілуде. Сіз сол фильмді ойда жоқта кӛріп қалдың. Фильмнің басты кейіпкері ретінде ӛзіңді қалай сезініп тұрсың, немен шұғылданасың, кімдермен тұрасыз тағы басқада ерекшеліктеріңді байқап, әңгімеле. Сол фильмнен қандай да бір үзінділерін суреттеп бер».
Талдау: 1. Осы фильмге кӛңілің толды ма? 2. Фильмдегі ӛзіңе кӛбірек ұнаған жері? 3. Саған ұнамаған жерлер болды ма? 4. Толық қанағаттанбасаң, онда ӛзіңнің қай жерлеріңді ӛзгерткің келеді? 5. Ол үшін саған не істеу қажет?
Арттерапия Баламен кӛптеген мәселелер бойынша суреттер салып, оны талдау жасауға мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады.
Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырыптарды айқындау тәсілдерінің ӛзгерісіне ерекше кӛңіл бӛлген маңызды. Ӛзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай ӛзгеріс салынған кейіпкерлердің кӛлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге ӛзгеруі, кейіпкер кӛлемінің ұлғаюы – басым позитивтіліктің қалыптасуын білдіретін маңызды кӛрсеткіштер болып табылады.
Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады.
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге болады? Оған қалай кӛмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?
Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бӛлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды және жағымыз бейнелер баланың ішкі жан дүниесін танып білуге мүмкіндік береді. Әрі қарай қандай психологиялдық кӛмек ұйымдастырудың жолдарын табуда маңызды болып табылады.
Ертегітерапиясы(терапиялықоқиғаларшығармасы) Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама- қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы, онда қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылады.
Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға ӛз қиындықтарын сезінуге және олармен әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырпқа әңгімелесуден гӛрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы ӛте маңызды, ӛйткені онда баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды.