Коллаж«Меніңқазіргіотбасым»және«Меніңболашақтағыотбасым» Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір кӛлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері ӛз жұмыстары туралы әңгімелейді.
Меніңжәнеанамныңқолы Мақсаты: отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сенімін, эмоционалдық қарым-қатынасын анықтау.
Жаттығуды ата-аналарымен балалары қатысқан іс-шарада жүргізуге болады.
Бала мен ата-ана бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жүргізушінің айтқандарын орындау қажет. Қатысушылар психологтың айтқандарын толық қайталап, жасап отырады:
Бір-бірімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
Ортаңғы саусақтар кӛмегімен күш сынасу.
Серіктестің біреуі алақанымен екіншісінің бармағын қысып ұстау
Маңдайларын тигізу арқылы сырласу.
Бір-бірлерімен тізе тіресіп тұру.
Бір-бірлерімен шапалақ соғысып қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
Баладенесісуретінбірлесіпсалу Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы демократиялық қарым-қатынасты нығайту, баланың ӛзін-ӛзі қабылдауын және жағымды эмоционалды жағдайда ӛзіндік бағасын кӛтеру.
Жаттығу кезінде бала-ата-анасымен бірге сурет салады. Столға А4 қағазы қойылады. Оған бала қолын қояды, ал анасы оның сыртынан жүргізе отырып, кӛшірмесін жасайды. Ендігі кезек анасынікі. Енді осы екі қолдың алақанына түрлі түсті фломастерлермен сурет салынады. Анасы мен баласы бір-бірінің суретіне қарамайды. Сурет салынып болған соң, анасы баласына, баласы анасына суреттерімен алмасады. Баласы «Менің анамның алақаны ...» ондағы суретті қолдана отырып әңгіме құрайды. Одан кейін анасы суреттегі баласының алақандағы суреттер бойынша әңгіме құрайды.
Соңында баладан, сен анаңның алақанынан не сезіндің?
Анасына, сіз балаңыздың алақанынан не сезіндіңіз деген сұрақтар бойынша ішкі сезімдерін анықтауға болады.
«Кӛліктер»жаттығуы Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық байланысты, тактильді түйсіктерді дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «кӛлік» рӛлінде болады, ата-ана «кӛлікті жуушы». «Жуушының» кӛздері жабық немесе
байланған. Бес минут ішінде «кӛлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сӛздер кӛбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
«Ия-жоқ»ӛзінқабылдауғаарналғанжаттығу Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір- бірлерін қабылдау, түсіну, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрд берілген сұрақтарға жылдам жауап береді:
Маманың туған күні.
Бүгін аптаның қай күні.
28-ші саны бар ай.
1 сағатта қанша минут бар.
Балаңыздың сүйікті тағамы.
Үйдегі машинаның түрі.
Сізді үйге апаратын автобус.
Сіз тұратын қаланың аты.
Маманың сүйікті әуені.
Сынып жетекшісінің есімі.
Жаттығудан кейін талдау жасалады: кім жылдамжауап берді, жауапсыз болған сұрақтың саны. Бұл арқылы отбасындағы рефлексивті қарым-қатынасты анықтауға болады.