Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын анықтау-сауалнамасы (авторлары: А.Я.Варга, В.В.Столин)



бет44/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын анықтау-сауалнамасы (авторлары: А.Я.Варга, В.В.Столин)


Мақсаты: Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын, тәрбиесін, түрлі сезімдерін, оларды түсіну және қабылдау ерекшеліктерінанықтауға арналған сауалнама.
Сауалнама 5 шкаладантұрады.
І – шкала «Қабылдау – қабылдамау».Балаға интегралды сезімдік қарым- қатынасты білдіреді. Шкаланың бірінші полюсінде – ата-ана баласын қандай болса да ұнатады, жақсы кӛреді. Баланың дара ерекшеліктерінсыйлайды. Ата- ана баламен кӛп уақытты бірге ӛткізуге тырысады, оның қызығушылықтары мен жоспарларын, іс-әрекеттерін мақұлдайды. Баланың жақсы тәлім-тәрбие алуына жағдай жасайды. Шкаланыңекінші полюсінде – ата-ана ӛзінің баласының даралық ерекшеліктерін дұрыс қабыдамайды,оны әлсіз, табыссыз, бейімсіз деп қынжылады және баланың бетіне басады. Соның нәтижесінде бала ӛзін қабілетсіз, ақылы аз, қолынан ештеңе келмейтін, ӛмірде табысқа жете алмайтын, ӛзіне деген сенімі жоқ сәтсіздіктерге ұрына беретін адам болуына негіз береді.Кӛп жағдайда ата-ана баласына ашу, ыза, реніш сезімдерімен қарайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.
ІІ – шкала. «Кооперация» – ата-ананың баласымен қарым-қатынасы ӛзара кӛмек, сыйластық негізде құрылады. Бұл шкала бойынша: ата-ана баласының тірлігіне және жоспарларына қызығушылыӛпен қарайды, оған барынша кӛмек кӛрсетуге тырысады, жаны ашиды. Ата-ана баланың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалайды, баласын мақтан тұтады. Баласының тәуелсіздігін және ынтасын мадақтайды, әрқашанда ӛз берімен әрекеттер жасауға, бастамашылдыққа тәрбиелейді.Ата-ана баласына сенім артады, еркін ӛз пікірін білдіруге жағдай жасайды, оның пікірімен санасу және сыйлау,дүниеге оның кӛзқарасымен қарауға тырысады.
ІІІ – шкала «Симбиоз» – ата-анаменбала қатынасындағы арақашықтықты айқындайды. Бұл шкала бойыншажоғары ұпайлар жиналса, ата-ана баласымен симбиотикалық қарым-қатынаста деп есептеуге болады. Яғни, ата-ана ӛзін баласымен бір бүтін деп санайды, баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ӛмірлік қиыншылықтар мен реніштерденқорғауға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі қорқып отырады, баланы әлі кішкентай және қорғаныссыз деп есептейді.
Бала ӛсе келе әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қиындықтарға тап болған кездеата-ананың үрейі жоғарылай бастайды, ӛйткені ата-ана балаға ешқашан еркіндік бермеген, ӛздігінен ештеңе шешіп үйренбеген.

  1. – шкала «Авторитарлық гиперсоциализация» – баланың іс- әрекеттерін бақылаудың түрін және бағытын айқындайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай жиналса, ата-ананың қарым-қатынасында авторитаризм байқалады. Ата-ана баласынан сӛзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Баланың ерік-жігерін байлағысы келеді,оның кӛзқарасын, ой-пікірінқабылдамайды. Баланың ӛз еркін танытқаны үшін жазалайды. Ата-ана баласының әлеуметтік

жетістіктерін қадағалап жүреді және әлеуметтік табысты талап етеді. Сонымен бірге ата-ана баласының жеке мүмкіншіліктерін, әдеттерін, ой-ӛрісін, сезімдерін жақсы біледі.

  1. – шкала «Кішкентай жолы болғысыз адам» – ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерін айқындайды. Бұл шкаланың жоғары белгілері ата-ана баласына сенбейді, оны әрқашан кішкентай санап,еркіндік бермейді. Нәтижесінде бала ӛзін әлеуметті түрде дәрменсіз сезініп, оны инфантилдікке душар етеді. Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері ата-анасына балалық, шалағайлық болып кӛрінеді. Баласы есейгендеоның табыссыздығына, табансыздығына іштері ашиды. Солүшін ата-ана баласын ӛмірлік қиындықтардан қорғауға тырысады және оның іс-әрекеттерін қатал бақылайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет