Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отбасы – тәрбие бастауы"



бет42/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отбасы – тәрбие бастауы"


Тәрбие сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан халқымыздың отбасы тәрбиесі туралы мұраларын санамызда жаңғырту.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер! Сіздердің назарларыңызға «Отбасы-тәрбие бастауы» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, кейінгі жиырмашақты жылдың ішінде осы мәселе біздің Қазақстан мемлекеті үшін үлкен драмаға айналып отыр десек қателеспейміз. Осыншама аз уақыттың ішінде қалай ғана мыңжылдық тамыры бар рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбиемізді таптап басып, батыстың
бұтағына ілініп кете бардық.
Осыған байланысты Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында ӛнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету»
бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Ӛйткені жас ұрпақ –ел болашағы. Ол елінің шырағы, асқақ арманын апаратын күші.
Жүргізуші: Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері сан ғасырларды аралап бізге жеткен – тәлім-тәрбиенің қайнар кӛзі. Солар арқылы әрбір жас ұрпақ ӛзінің таным-түсініктерін әлемдік санамен ұштастырып, алдыңғы ұрпақ жетпеген арманға, шығатын биікке жетуімізді армандаған бабаларымыз.
Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың тәрбиесін отбасынан бастаған. Оны «Тәрбие – тал бесіктен» деген қанатты сӛзі арқылы бізге жеткізген. Тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, бабалар мұрасын,аналар тілегін орындаған адам бақытты ӛмір мұхитына сапар шегетінін олар жақсы білген. Егер, бабаларымыздың ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін тек кешегі, күні ӛткен десек қатты қателесеміз. Қателесіп отырған жетесіз жастарымызды бүгінгі қоғамда кӛріп жүрміз. Осыған байланысты Елбасымыздың кӛтеріп отырған «Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты осы ата-баба мұрасынан сусындаған ҚАЗАҚ елінің тәрбиелі азаматтарын қалыптастыру.
Жүргізуші: Қазақ халқының отбасы тәрбиесі туралы орыс жазушысы, этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ жастары ӛте ғажайып, мәдениетті тәрбиеленген»
-деп жазған. М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен – ӛседі» десе, Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, дүниедегі жақсы мен жаманды тани отырып, білгені,кӛргені кӛп білімді адам болып қалыптасады. Естілердің айтқан сӛздерін ескеріп жүрген кісі ӛзі де есті болады» – деген 19-шы қара сӛзінде.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы, әрi парызы". " Ата-анасын, ата-әжелерін қартайған шақта қамқорлыққа алып, күту – балалары мен немерелерiнің парызы» -делінген.
Жүргізуші: Әрине бұл тақырып ӛте кең мағыналы үлкен мәселе. Оның бәрін бүгін айтып тауыса алмаймыз. Сондықтан да казір сӛзімізге мына аудиторияда отырған студенттерді де тартайық, олардың да кӛзқарасын білейік. Қазір біз қазақ халқының отбасы тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерінің мәнін калай түсінетініміз туралы пікір алмасайық. Сіздерден ӛз ойларыңызды қысқа нұсқа айтуларыңызды сұраймыз:

  1. Шешесін кӛріп – қызын ал, Ыдысын кӛріп – асын іш.

  2. Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.

  3. Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз алмас.

  4. Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын.

  5. Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын.

  1. Атаның құны, ананың сүті.

  2. Күтсең ата-анаңды, Кешірер Аллам қатеңді.

  3. Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың ӛмірлік парызы.

Қатысушы 1: – Айтып жіберші «Үйде кім, елде кім қадірлі?».
Қатысушы 2: Үйде Ата-ана, елде бастық қадірлі.
Қатысушы 1: «Сӛзіңнің жаны бар, дегенмен, «үйде қонақ, қарт, бала қадірлі» деген екен бабаларымыз. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі, ал бала – үйдің патшасы, қарт үйдің –панасы» – екенін жиі ұмытып кетеміз.
Қатысушы 1: Жақсы олай болса айта қойшы: «Елді кім, үйді кім бүлдіреді?». Қатысушы 2: «елді ӛсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді».
Қатысушы 1:«Иә, сӛзіңнің жаны бар, дегенмен, Бухар жырау бабамыз: «Елді ақылсыз басшы, ал үйді ақылсыз әйел бүлдіреді. Ақылсыз баланы тәрбиелейтінақылсыз әйел емеспе» деген екен.
Қатысушы 1: «Үйдегі алтын қазық кім?». Қатысушы 2: «Үйдегі алтын қазық – бала!»
Қатысушы 1: – «Әрине бала деген тәтті ғой, бірақ үйдегі алтын қазық – АНА. Ана – ақылды болса, бала дана, әке – асқар тау болады.Әйел адам ӛзінің ақылымен ұл мен қызға үлгі, әкеге – тірек. Ақылды Анадан тәрбие алған ұл мен қыз – ақылмен ӛмір сүреді, ата-анаға мейрімді болады».
Қатысушы 1: «Ӛмір сүру үшін не қажет?.
Қатысушы 2: «Ӛмір сүру үшін ақша, мал, нан қажет», – деп ойлаймын. Қатысушы 1: «Иә, ақша шіркін үлкен құндылыққа айналып отыр ғой. Дегенмен, ӛмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің кӛзі, от ӛмірдің сәні, тұз астың дәмі, қыз бен ақыл ӛмірдің мәні. Қыз болмаса, ӛмір жалғаспас еді, ақылсыз істеген іс еш мән-мағына бермес еді. Сондықтан да халқымыз қыз баланы қадірлеп, мәпелеген, жақсы тәрбие беру арқылы бүкіл елді тәрбиелеген. Мінеки, кӛріп отырғанымыздай жер бетіндегі тіршілік мына үш китке тіреліп тұрғандай: отбасындағы ананың ақылды тәрбиесіне, әкенің қамқорлығына, баланың мейрімділігіне».
Жүргізуші: Әрбір отбасында ата-анамен қатар ата-әжелеріміз бар. Біз оларды әрқашанда құрметтеуіміз керек. Егер ол адамдар болмаса біздің әкеміз де, анамызда, біздің ӛзімізде болмас едік. Үйдегі үлкен қарияларды сыйлау, қадірлеу, қартайған шағын қуанышты ету ол әр адамның парызы. Қарияларға жасаған қамқорлығың, ертең қартайғанда ӛзіңе жасаған жақсылығың. Қазақта қария үйдің панасы, сәні, ырыс-берекесі дейді. Ата-әженің батасымен бастаған іс әрқашанда сәтті болады.
Атам-кітап, мен – дәптер, Ақылына құмармын Қызығам да кӛшірем.
Еш дүкенде сатылмас, Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқымас, Ӛмір кітап-атамыз.
Әжем менің әлі де, Ұқсамайды кәріге. Ақыл кеңес береді, Қажет болса бәріне.
Аппақ күміс сақалды, Жақсы кӛрем атамды.
«Айналайын жан балам» Деген сӛзі шипалы.
"Отбасы -тәрбие бастауы" атты тәрбие сағатымыз ӛз мәресіне жетті. Кӛңіл қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
Бүгінгі әңгімеміз сіздерге бір ой салды деп үміттенеміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет