Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Тарбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы әкенің қадірі Тәрбие



бет41/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Тарбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы әкенің қадірі Тәрбие сағатының мақсаты: отбасындағы әкенің орны, оған деген
құрмет пен сыйластық сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:


  • мәтіннің мазмұнын түсініп, ӛз ой-пікірін ауызша, жазбашабілдіруге дағдыландыру;

  • логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

  • әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Кӛрнекіліктер: презентациялар, мақалдар, әуен, шығармашылық жұмыс.
I. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау керек. Ол үшін тірек сӛздер айтылады: отбасы, әке, тірек, бәйтерек, рӛл, асқартау, басшысы, қорған, пана т.б.
Иә, отбасының тірегі, қорғаны – әке туралы болмақ бүгінгі әңгімеміз.

  1. Әр отбасы шағын мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Бұл мемлекеттің басшысы кім?

  3. «Әке» сӛзінің мағынасын ашыңыздар?

  4. «Әке касіреті» мәтінін талдау.

Осы бір орта бойлы, бидай ӛңді келген ақсақалды анда-санда кӛшеде, дүкен маңайында кӛретінмін. Жүріс-тұрысы пысық, киімі ӛзіне қонымды. Қолында сүйеніші – әсем жасалған таяғы бар. Келесі бір кездескенде сәлем беріп, қол алысып амандастық. Үлкен кісілердің жӛн сұрау әдеті ғой. Қай елсің, қырдың қазағымысың деп менен жӛн сұрасып, әңгімелесіп кеттік. Қалаға келгеніне он жылдай болып қалыпты.
– Біреулер келімсек деп жатады біздерді.«Ел іші алтын бесік қой»бірақ не істейсің заман осылай болып тұр ғой. Үйден аттап шықпайсың. Бұрынғыдай ағайын-туманың, кӛрші-кӛлемнің амандығын білу деген бүгінде жоқ. Балалар кӛпқабатты үйде тұрады, әлгі кӛтергіші, лифт дейтін бе еді, сол бірде істейді, бірде істемей қалады. Ӛмірінің 40 жылынұстаздық кәсіпке арнаған. Кемпірінің дүниеден ӛткеніне үш жыл болыпты. Ұл-қыздарынер жеткізіп, бәрінежоғары білім берген.
Ойына әлде бірдеңе түсті ме екен, біразүнсіз қалды. Бір кезде «Жетпістің жетеуіне келдім.Ата дәстүріміз бойынша үйленген үлкен балаларымызға енші беріп шығардық. Кейінгілері де ағаларының жолымен еншісін алып, бӛлек шықты.Кенжеміз шаңырақтың иесі болар деп ойлайтынбыз. Қаланың қызымен танысып, дәм-тұздары жарасып үйленді. Қазақы салт-дәстүр бойынша құда түсіп, құйрық-бауыр жесіп, құда болдық, үлкен той жасадық. Құдамыз қызмет басында, жӛн-жосықты білетін тәуір азамат. Осы күні бар пәле әйелден шығып жатыр ғой. Құдағиымыз менмендеу кісі екен. Бізді ӛздеріне тең кӛрмеді ме, әйтеуір, әрқашан менсінбеген кейіп танытады. Бір жылдай қолымызда тұрған кенжеміз бӛлек шығатынынайтты. Бұл әринекеліннің қалауы. Екеуінің арасына от жақпайық деп үндемегенді жӛн кӛрдік.Жақын арада заттарын жинап отау үйге кӛшіп кетті.Араға жыл салып келініміз аман-сау босанып, ұл балалы болды. Қуаныш есімді немеремізге той-томалақ жасап, кемпір екеуміздің есіміз шықты. Анда-санда немеремізді әкеліп, бізді алдастырған болады. Біз соған да ризамыз, иіскеп, бауырымызға басып, мәз болып қаламыз. Қара табан болған соң үйге ӛзі шауып келетін болды. Кейде қонып, біздің қойнымызға жататын. Бірде салқын тиіп, әлгі немереміз ауырып қалмасы бар ма. Содан кейін келініміз Қуанышты біздің үйге қарай аттатпай қойды. Ӛзіміз барсақ, бұрынғыдай емес, бізге бәлендей жолай қоймайды. Бір тәтті-дәмді бірдеңе апарсақ, мамам ұрысады деп алмайды. Міне, осылай келін бізге сырт қарай бастады.
Жаз шыға бұлар да қалаға кӛшіп кетті. Сонымен кемпір екеуміз қала бердік. Ол кезде күш-қуатымыз бар. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, ӛз тіршілігімізді ӛзіміз кӛріп жаттық. Қаладағы балалар ара-тұра келіп амандық біліп, май-қаймақ, жұмыртқа алып кетеді. Күзге қарай қаз, үйректі соларға жӛнелтеміз, соғымдары да бізден болатын. Шешелері мықты сияқты еді. Не болғанын білмеймін, әйтеуір бір жыл ішінде дүниеден ӛтті, деп ауыр күрсінді ақсақал.
Еркек адамғаәйелсіз қиынғой. Күн де батып болмайды, таң да атпайды. Бірде үлкен ұлым келіп: «Бізбен бірге бол, үйді, малды сатайық», деді.
«Қарағым, мені жылы орнымнан қозғап қайтесің. Ағайын-тумалардың ортасындамын ғой. Бұлойыңды келінхош кӛре қояр ма екен. Бір кемпірдің реті болса, отыра бергенім дұрыс болар», деп едім, ол ыршып кетті. «Бізге ол керек емес. Ертең үйіңе, дүниеңе жармасып жүрсе не істейсің. Келініңе жағдайды айтып түсіндірдім. Бізде болуыңа қарсы емес», – деп ыңғайына кӛндіргендей болды.
Келіні бастапқыда «аталап» асты-үстіне түседі. Тумысынан биязы мінезді қарттың қақ-соқпен жұмысы жоқ-тын. Кӛбіне газет-журнал оқып, теледидарды ермек етеді. Шахматты да бір кісідей ойнайды. Ел жақтан кӛшіп келген ағайын, ілік-жекжаттар шақырып жатады. Той-томалақтарынан қалдырып кӛрген емес.Бірде шай үстінде келін-баласына қазақта «сыйға – сый, сыраға – бал» деген сӛз бар. Ӛздерің кӛріп отырсыңдар, мені бәрі сыйлап, құрмет тұтып шақырып жатады. Солардың басын қосып, бір шақырып жіберген жӛн болар еді, деп ойын айтты. Қабағының астынан келініне кӛз қиығын тастап еді, оның кӛзі шатынап кетіпті. «Оларды кім күтеді? Менің қонақ күтуге уақытым да жоқ, құлқым да соқпайды. Жай отырыңыз. Қазір басқа заман. Қонақтап жүру еріккендердің ермегі», деп атасына біраз «насихат» айтып тастайды. Ал енді сӛйлесіп кӛр бұл келінмен. Осыдан кейін атасын мүлде елемейтін болды. Отбасы болып шүйіркелесіп шай ішпейді,үйдебереке-бірлік жоқ, немерелер де ӛздерімен ӛздері. Қария берген тамағын ішеді де, қалған уақытын шағын бӛлмесінде ӛткізеді. Басқабалалары аңда-саңда соғып кеткені болмаса бір- бірімен туыс ретінде араласпайды. Неге араласып тұрмайсыңдар деген сұраққа
«Қол тимейді, шаруамыз кӛп» дейді.
Үлкен кісіні ыңқыл-сыңқыл айналдыра беретіні бар ғой. Бірде ақсақал тӛсек тартып қалады. Ұзақты күн нәр тартпайды. Келін жұмыстан бірінші келеді. Қасына келіп жағдайын сұрамайды. Кештетіп баласы келеді жұмыстан шаршап. Бірде араларында қандай әңгіме болғанын кім білсін, келіннің шаңқылдаған дауысы естіледі:«Мен ауру шалды баға алмаймын. Апар ана бауырыңа, ол да баласы ғой.Әкем, әкем деп ӛңеші үзіліп жүрген жоқ па»…
Күн жексенбі. Кешірек оянған қария жуынып-таранып, ӛзін ретке келтірді. Бӛлмесіне баласы мен келіні келді. Ақсақал оларға: «Мен үшін ренжіспеңдер.Балалар бар ғой, құдайғақараған біреуі бағар», – деп үйден шығып кетті.
Екінші ұлы Ермекбайына келді. Бұл ӛзі бала кезінен әке-шешесіне жақын-тын. Әркез келіп-кетіп, шаруаларына қолғабыс жасайтын.Қария келгенде коммерсант келіні Алматыға тауарға кетіпті. Ақсақал үлкен ұлынакӛңілі қалғанын, келінінің айтқандарын жасырмай жайып салды. «Әзірге осында бол. Ағамызбен сӛйлесеміз», деген болды Ермекбай. Екі-үш күн ӛткенде коммерсант келіні де келді. «Мына шалды кім шақырды» дегендей, ернінің ұшымен ғана амандасқан болды. Кешкі асты бұлар үн-түнсіз ішті. Екі немересі атасына жалтақ-жалтақ қарайды. Шешесі бірдеңе деген-ау, сірә.
Ертеңгісі бәрі шаруасымен кетеді, екі немересі балабақшаға барады. Баяғы бір сарынды, сүреңсіз тіршілік. Бұлардың пәтері сәл тӛменірек, ара-тұра сыртқа аулаға шығады, бірақ ешкімді танымайды, үлкен кісілер де кӛрінбейді.
Бірде бесінге таман сыртқа шығып, аздап бой жазып қайтқан-тын. Тӛсекке қисайғаны сол еді, кӛзі ілініп кетіпті. Жұмыстан оралған келінінің шаңқылдаған даусынан оянып кетті: «Бір күні бізді біреулер тонап кетер. Мына шалға сеніп жүрген мен ақымақ. Білетіні тамақ, сосын ұйқы. Жанымды жеп жүргенім мынау менің. Бұл шалдан құдай құтқарар ма екен», деп күйеуіне зіркілдесін келіп. Кешкі асқа отырды. Мұның орны үстелдің шет жағы еді. Әңгімені келін бастады. «Біздің үйде атамыздың жағдайы келмей жүр. Біз бәріміз ерте кетеміз, кеш келеміз. Ӛзі және ұмытшақ. Ана жолы үй ашық қалған, ӛзі ұйықтап жатыр. Тірнектеп жинағанымыздан бір күні айырылып қалуымыз мүмкін. Бізде біраз болды ғой. Құдайға шүкір балалары бар. Енді ана Алмагүліне барсын», деп кесіп айтты келін. Келін айтты – заң. Ақсақалда үн жоқ. Ермекбай да ләм-мим демеді.
Ертесін қария Алмагүлінің үйіне келді. Қыз бала ата-анаға жақын ғой, жаны ашып тұрады. Әкесін аялап, жылы-жұмсағын ертелі-кеш аузына тосты. Алмагүл кішкентайлы болған соң жұмыстан бос. Жұбайы вахталық әдіспен Атырау жақта жұмыста екен. Қызына барлық мән-жайды айтып, екі баласынан да кӛңілі қалғанын айтты.

  • «Қызым, – деді бірде қария, – жолдасыңның мінезі ауыр, кісіге бәлендей жуық емес. Маған оң қабақ танытпаса, жүз шайысып, отбасыңның берекесін кетірме. Осы есіңде болсын» – деді.

Жолсапардан оралған Лұқпан қайын атасына ақжарқын пейіл танытып, естіген, кӛргенін әңгімелеп, қартты бір серпілтіп тастады. Екеуі ұзақты күн шахмат ойнайды, арасында нарды ойнап қояды. Міне, осылай қария қызының үйіндеалаңсыз жүріп жатты.
Бірде күйеу баласыныңелде тұратын анасы қонаққа келді. Алпысты алқымдаған кісі екен. Құда-құдағи болып әңгімелері жараса қоймайды. Ұлының тапқанын осы шал құртып жатқандай кӛрінеді оған. Сӛз арасында тілмен шағып, мына тіршілігін кекетіп, мысқылдап отыратынды шығарды. Бұл әңгімеден Алмагүл бейхабар. Бірақ, әкесінің құдағиымен бәлендей емесін аңғарды. Шыдамның да шегі бар емес пе,бірдеақсақал:

  • Сіз бір емес, екі емес, мені үнемі кекетіп-мұқатып отырасыз. Мен панасыз емеспін. Күйеу балам кӛбіне сыртта жұмыста жүреді, Алмагүліме серік болайын деп келген едім. Оны несіне қазбалай бересіз. Қыз бала жақсы ғой, Алмагүлімнің мен дегенде жаны жоқ. Алайда, Құдай қызға қаратпасын. Ертең- ақкетемін, – деп құдағиына батыра-батыра айтып тастады.

Ертеңгі шай үстінде қария:«Біраз аунап-қунап, бойымды жаздым. Астанадағы немерелерімді сағынып жүрмін. Соларға барып қайтамын», – деп жинала бастады. Күйеу баласы да да қызы дажарып, бәлен деген жоқ.
Міне, бір кезде ел-жұртына сыйлы, алдынан жүздеген шәкірт тәлім-білім алып, қадірлі ұстаз атанғанақсақалдыңбүгінгі тіршілігі осындай. Балаларын жағалап, бірінен біріне жылжи қонып, ғұмыр кешуде. Алланың жазмышына кӛнбесіне амалы жоқ.
Жеті баласы бүгінде жетілген. Ӛкініштісі, ең болмаса бір ұлы: «Папа, сен менің қолымда боласың. Сенің үйің осы», деп айта алмай отыр. Қарттың қарны
аш, үсті жалаңаш емес. Зейнетақысы бір ӛзіне жетіп артылады. Оның жанын жегідей жейтіні ӛз босағасының, тұрағының болмауы.
Жаттығу: Қазір бір ұл, бір қыздан жеті топ бӛлініңдер де осы әңгімедегі қарттың балалары мен келіндері болып,осы мәтіннің негізінде пікірлеріңді ортаға салыңдар. Соңынан қатысушылар қандай кӛңіл күйде болды,ролдерін ойнау оңай болды ма әлдесезімдерді бастарынан ӛткізгені бойынша ӛз ойларын ортаға салады.
Жүргізуші:
Әр отбасындағы әкенің рӛлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, ӛзгелермен қарым – қатынасы, ӛнері мен білімі баласынаүлгі ӛнеге, оған қарап ӛсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін кӛрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың ӛсіп, жетіліп, ӛз алдына тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы ӛз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан асып туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сӛз бар. Қазір осы мақал сӛздің мағынасы туралы алдымен ойланып алып пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
Жүргізушінің қорытынды сӛзі:

  1. Бүгінгі тәрбие сағатында кӛтерген мәселе сіздергеқандай ой салды?

  2. Тәрбиелік мәні неде?

  3. Ӛздеріңізбен қандай тәжірибе, таным-түсінік алып кетесіздер?

Бүгінгі іс-шарамызға белсенді қатысып, ой-пікір білдіргендеріңізге үлкен рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет