Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет37/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Бала мен ананың бірлесіп сурет салу жаттығуы
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір- бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-анамен бала жұптасып сурет салады. Екеулері бір қаламмен, оң қолмен сурет салу ұсынылады, бірақ ӛзара сӛйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.
Аяқтап болғаннан кейін әр жұп ӛз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салу кезінде қандай сезімде болды, ӛзінің тәжірибесі бойынша (ата-анасымен) сезімдері, қаншалықтысол тәжірибеніболашақта дұрыстағысы келді, пікірін ортаға салғысы,нұсқау бергісі келді, осылай жұмыс жасау ұнамады ма, серіктестік ұнады ма, несімен ұнады т.б.


«Менің отбасым –қазір және ертең»
Тренинг мақсаты: ӛзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс ӛкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.

  1. Ӛзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Ӛзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау ӛмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Ӛзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу ӛте маңызды.

Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:

    • отбасындағы ӛз бағытын анықтай отырып, ӛзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;

    • ӛзіндік сананы арттыру;

    • отбасының жүйелік табиғатын түсіну;

    • дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;

    • ӛз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;

    • ӛз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;

    • ӛзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін ӛзгерту.

«Отбасы мүсіні»жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін әртүрлі ӛмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бӛлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады. Ол ӛз отбасының бейнесін
«жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін ӛзі таңдап, бӛлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші ӛзінің роліндегі басқа адамды да таңдады. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан кӛп болса, мүсінші ӛз ролін ӛзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші ӛзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын ӛзі кӛргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.


«Отбасы оқиғалары» жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бӛледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа ӛз суретін кӛрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.


«Отбасын ойнайық»жаттығуы
Топ «отбасыларға» бӛлінеді.Ішкі топтар бӛлменің әртүрлі бӛліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті – «отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рӛлдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы кӛреді деген сияқты мәселелердің барлығын
ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай ӛткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бӛлетіні жайлы, қарым- қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы ӛз тегін ойлап табады. «Отбасы» ӛз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке немесе жалпы орындалады –ішкі топ ӛзі шешеді.
Егер топта кеңес берушіден басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар ӛз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым кӛп кӛрсетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен ӛз «отбасын» таныстырады, содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы – қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма? әлде толық емес пе? отбасында балалар бар ма? Жеткіншектер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол кӛбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Жеткіншектерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші кӛмектеседі. Кӛптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы кӛреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Ӛйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «ӛмір сүрді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет