Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасының ӛмірлік циклінің кез- келген сәтінде кездесетін дағдарыс, ол жағымсыз эмоциялы қобалжу дағдарысы. Р.Хилл осындай дағдарысқа әкелетін үш факторды бӛліп қарастырды:
Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ).
Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесі жол апатына ұшырау, зорлық-зомбылық кӛру т.б.).
Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасы мүшелерінің айрықша кӛрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бӛлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық қақтығыстың сипатына, психотерапевтік ӛзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапия тӛрт кезеңнен тұрады:
Отбасылық келеңсіздіктің себебін анықтау – диагностикалық кезең.