Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет27/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Сҧрақтар мен тапсырмалар


  1. Отбасына кеңес беру және отбасы психотерапиясы ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

  2. Отбасымен психологиялық жұмыстың негізгі модельдеріне сипаттама беріңіз.

  3. Отбасына кеңес берудің міндеттері қандай?

  4. Ерлі-зайыптылардың кӛзге шӛп салуы мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру стратегиясын сипаттаңыз.

  5. Отбасына кеңес берудің негізгі кезеңдерінің бірізділігі қандай?

  6. Кеңес беру үрдісінің негізгі кезеңдерін ашып айтыңыз.

8 ОТБАСЫДА ТАТУЛЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР


Мақсаты: отбасы мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасына ықпал ету, ӛзара сыйластығы мен бірін-бірін құрметтеу, баланың отбасындағы ӛмір сүру деңгейін жақсарту, отбасы татулығын байыту, отбасына және оның мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық кӛмек беру.
Отбасы татулығы мен сыйластығы – ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді құруға, жалпы отбасының тұтастығын сақтауға арналған іс-шараларға арналған.
«Отбасылық қатынастар психологиясының» практикалық бӛлімі студенттердің келесідей іс-шараларды жүргізе білу дағдыларын қалыптастырады:

Психологиялық диагностика


Психологиялық диагностика отбасы мүшелерінің эмоционалды қалыптарын (қобалжу, мазасыздану, қорқу және қысым), тұлғалық ерекшеліктерін (әлеуметтік-психологиялық дамуға белгілі бір қиындықтар тудыратын бұзылыстарды) анықтауға бағытталған.
Психологиялық диагностика нәтижелері психологтың жоспарлап жүргізетін коррекциялық жұмысын белгілейді, «Баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту» бағытында балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және «ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениеті» бағытында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәрбие үрдісінде қолдана білу дағдаларын қалыптастыру, психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту жұмыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет