Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет17/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Сҧрақтар мен тапсырмалар


  1. Патриархалды, детоцентрлік және ерлі-зайыптылық отбасыларға салыстырмалы сипаттама беріңіз. Олардың қайсысы оңтайлы болып табылады?

  2. Қазіргі қоғамда отбасының дамуының қандай тенденциялары сізге ұнамды? Неге? Қандай тенденциялар үрей тудырады? Ӛз жауаптарыңызды дәлелдеңіз.

  3. Отбасы терең дағдарысты бастан ӛткереді деген пікірмен келісесіз бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз. Қазіргі отбасылардың бастан ӛткізіп отырған дағдарысының себептері неде?

  4. Қазіргі таңда отбасының қандай мифтері танымал? «Ия» және

«қарсымын» дәлелдерін атаңыз.

  1. Отбасының, оның ӛмірлік циклде даму заңдылықтарын атаңыз.

  2. Отбасы дамуындағы нормативті дағдарыстар дегеніміз не? Олардың психологиялық мазмұны қандай?

  3. Сұхбат негізінде респондент отбасына мінездеме жасаңыз. Ӛз отбасыңызды жоғарыда келтірілген типология ӛлшемдеріне сәйкес сипаттаңыз.

6ТҦЛҒАНЫҢ ОТБАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТЕНУІ


Әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтену ұғымының мазмұны «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. түсініктермен анықталады. Әлеуметтену үрдісінде тұлға қоғам мүшесіне айналады, әлеумет ортасында ӛмір сүруіне мүмкіндік туады, бүкіл адамзат баласының жинақтаған құндылықтары мен нормаларын, білім мен тәжірибелер жүйелерін игереді.
Әлеуметтену екі жақты үрдіс, біріншіден, әлеуметтік ортадан адам ӛзіне керекті білімді, тәжірибені, эмоцияларды, құндылықтар мен дағдыларды т.б. ӛзіне алады, екіншіден, игерілген құндылықтар мен тәжірибелерге сүйене отырып әлеуметтік байланыстар жүйесін құрады, әлеумет ортасынан алғандары нәтижесіндеӛзінің белсенді әрекеттерін реттейді. Біріншісі – әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға тигізетін әлеуметтік әсерін сипаттаса, екіншісі – адамның ӛзінің белсенді іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін кӛрсетеді.
Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететінәлеуметтік институт – отбасы, әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бӛлінеді. Мақсатқа бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата- ананың ақыл кеңесі, үлгі-ӛнегелері, бірігіп атқарған шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың ӛзі куә болған оң және теріс ықпалдар, ата- ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған тәжірибелер. Әлеуметтену үрдісі белгілі бір психологиялық механизмдердің желісінде жүзеге асады. Олай болса, отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісін
қамтамасыз ететін механизмдерге тоқталып ӛтейік:

    1. Дүниеге келгеннен басталатын әлеуметтену үрдісі персонификация және идентификация (ұқсастырылу) механизмдері негізінде жүзеге асады. Дүниеге жаңа келген сәби ата-анасының ӛмір тәжірибесін кӛріп ӛседі де есейе келе сол кӛргендерін қайталай отырып, болашақта атқаратын қызметі мен орындайтын рӛлдерін игереді. Мысалы, 2-3 жастағы балалар үйде ата-аналары не істесе, ойнаған кезінде соны қайталайды. Қыз бала анасының қылықтарын, ал ер бала әкесінің қылықтарын қайталайды. Бұл жай ғана ойын емес. Ол ертең есейгенде қыз баланың ана болатынын, дүниеге сәби әкеліп, ас пісіру, үй жинау сияқты қызметтермен айналысатыны туралы тәжірибе жинайды, ал ұл балалар ер азамат болуға дайындықты бастайды. Осыдан келіп қыз бала анасына, ұл бала әкесіне ұқсайды. Қазақ халқы бұл айтылғанды «әкеге қарап ұл ӛсер, шешеге қарап қыз ӛсер» деген қанатты сӛзімен кейінгі ұрпаққа жеткізген.

    2. Атақты орыс психологы Л.С.Выготский психологияға енгізген интериоризация механизмі. Интериоризация латын тілінен аударғанда «сырттан ішке енгізу» деген мағынаныбілдіреді. Яғни адам ӛзінің психикалық әлемін біртіндеп сыртқы ортаның ықпалымен, оқыту және тәрбиелеу үрдістерінде ақыл, білім, тәжірибе, дағдыларды жинақтап, әлеуметтік-психологиялық қасиеттерге ие болады. Яғни «сырттан ішке енгізілген» білім, тәжірибе,

дағдылар әркімнің дара және жас ерекшеліктеріне қарай үнемі динамикалы ӛзгеріп отыратын құбылыс. Бала дүниеге келгеннен бастап белсенді түрде сыртқы ортамен байланысқа түседі. Нәтижесінде психикалық даму заңдылықтарына сәйкес ӛзіндік санасын, ӛмірге деген қатынасын қалыптастырады. Бұл үрдісте ата-ананың рӛлі ерекше. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер ананың сүтімен, әлдиімен, жылы-жылы сӛйлеген сӛзімен, мейірімді жүрегімен, үлгі-ӛнегеболарлық әрекеттерімен әлем кеңістігіне сенімді кіруіне негіз болады.

    1. А.Н.Леонтьев бойынша «игеру» және «ӛз құндылығына айналдыру» механизмдері арқылы бала дүниеге келген күннен бастап, қоршаған ортасындағы құндылықтарды игере бастайды. Жақсы мен жаманның, қайырымдылық пен зұлымдықтың ара қатынасын ашып, ӛзінің рухани- адамгершілік құндылықтар жүйесін түзеді. Игерілген білім, тәжірибелер оның құндылығына айналып болашақта ӛз әрекеттерін реттеуде белсенді пайдаланады.

З. Фрейдтің әлеуметтік дамуға енгізген келесі психологиялық механизмдері: имитация (еліктеу), идендификация (ұқсастырылу), ұят және кінә сезімдері.
Имитаця (еліктеу) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақындарының, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін. Осы механизм негізінде бала кӛргендерін, естігендерін ұқсастыра қайталай отырып,болашақта нені айтуға, істеуге болмайды дегендей жақсы мен жаманның ара қатынасын ашады.
Идентификация (ұқсастырылу) бала ӛзін ата-анасымен, ағайын- туыстарының,достарының ішіндегі ӛзіне ұнаған адамдармен ұқсастырылу арқылы жақсы (ӛкінішке орай кейде теріс) әрекет-қылық үлгілерін, олардың бойындағы құндылықтар мен нормаларды қабылдап ӛзінің меншікті әлеуметтік-психологиялық сапа-қасиеттеріне айналдырады.
З.Фрейдің ойынша, психологиялық ұқсау мен теңестіру ұнамды мінез- құлық үлгілерін қабылдау механизмдері болса, ұят пен кінә – теріс әлеуметтік дамудың механизмдері болып табылады. Бұл екі механизм мағынасы жағынан бір-біріне ӛте жақын және адамның ішкі мазасыздануы мен ӛзінің кейбір қылықтарының әшкереленіп қалама деп ұялу, ӛзін кінәлі сезіну сезімдерімен байланысты. Яғни, ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді. Бұл сезім баланың ӛз әрекеттерін басқалардың кӛзімен бағалауға негізделген. Ӛзін кінәлі сезіну – баланың ӛзіндік бағасын тӛмендетіп, болашақта мектепте нашар оқуына, жігерсіз бала болуына және іштей күйзеліске түсуге әкеледі.
Америка психологы Ч.Кули әлеуметтену үрдісінде баланың ӛзіндік санасының қалыптасуына оны қоршаған бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы ӛзге адамдардың (ата-аналар, туыстар, кӛршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңыздылығына назар аударады.
Қоршаған жақын адамдарының пікірлері бала үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі олардың ықпал-әсері арқасында оның «Мен» бейнесі
қалыптасады. Егер отбасында татулық, сыйластық болса, уақыт ӛте келе бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы әлеуметтік ықпалдар мен байланыстардың шеңберінің кеңеюі нәтижесінде субъективті «Мен» нығайып, тұрақтанады, қоршаған адамдар ықпалымен баланың ӛзін-ӛзі қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік нормалары мен құндылық бағдары, әлеуметтік белсенділігі жоғарылайды.
Ч. Кули ӛз теориясында баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуындағы әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақындардың, кӛршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалаған. Дегенмен, олар бала ӛміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуіндегі бастапқы баспалдақтары болып табылады.
Американдық ғалым-психолог Дж.Г. Мид баланың әлеуметтік кемелденуінде әлеуметтік қарым-қатынастардың рӛлін ерекше бағалаған. Дж.Мид отбасындағы ӛзара түсіністік пен сыйластық болашақтағы үйлесімді әлеуметтік қатынастардың негізі екенін айта келе, ата-ананың балаға айтқан жақсы және жаман сӛздерінің бала психикасының, ӛзін-ӛзі бағалау деңгейіне ықпалына баса назар аударған. Автор жақсы сӛздермен қарым-қатынас жасайтын отбасында тәрбиеленген балалар кӛңілді, батыл, қиындықтардан қашпайтын, ӛзіне ӛзі сенімді болатынын, ал жаман сӛздермен атақ тағылған балалар қорқақ, ӛзіне деген сенімі, бағалауы тӛмен, жанжал шығаруға жақын тұратынын тәжірибемен дәлелдеген. Осыған байланысты оның «атақ тағу» теориясы жарыққа шыққан. Шынында да біздің қазақтар кейде баласына
«жаман бала», «қара бала» деп айтады. Себебін «кӛз тимесін», «тіл кӛзден сақтасын» деген түсініктермен байланыстырады. Соңынан сондай сӛздерді естіп ӛскен баладан тәртіпсіз, ата-анасына қайырсыз, ешкімге мейірімі жоқ адам шығады. Еврей халқы балаларын кішкене күнінен бастап «сен ақылдысың», «сен әдемісің деген» сӛздермен тәрбиелейді екен. Содан да болар ғылымдағы, ӛнердегі майталман адамдар сол ұлттың ӛкілінен шыққан.
Ата-ананың бала тәрбиелеуде оларға әртүрлі ӛлеңдер айтып, ойындар ойнағанының маңызы зор. Ойын кезінде бала белгілі бір рӛлдерді орындайды, туындайтын келіспеушіліктер мен жанжалдық жағдаяттарды баламен талқылай отырып шешкенде оның ақылын, ӛзіндік санасын дамытады, әлеуметтік тәжірибе жинауға ықпал етеді, келе-келе әлеумет ортасында туындайтын келеңсіз жайларды конструктивті шешуге машықтанады, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды танып біледі, соның негізінде мінез-құлқын, ӛзінің белсенділіктерін бақылай отырып реттеуді үйренеді.
Орыс педагогы В.Соловейчик ӛзінің зерттеулерінде қазіргі ата-ананың бала тәрбиесіне тәулігіне 17-20 минут қана уақыт бӛлетінін анықтаған. Мұншама аз уақыт ата-анамен баланың арасында түсіністік, сыйластық сезімдерін қалыптастыру үшін ӛте аз. Сондықтан да болар қазіргі кӛптеген балалар мен ата-аналар арасында ӛзара түсіністіктің болмауы.
Бала отбасындағы тәрбие үрдісінде қоғамдық мәдениетті қабылдайды. Ата-анасының үлгі ӛнегелеріне қарай қарым-қатынас, қоғамдық ортада ӛзін-ӛзі ұстау, ӛзін-ӛзі жетілдіру мен жүзеге асыруы қалыптасады. Әділдік, әсемдік,
сыпайылылық, сыйластық, ар-намыс және абырой сияқты жоғарғы сезімдері байиды. Ол алдына қойған маңызды мақсаттарына қол жеткізу үшін кездескен қиындықтардан қашпай, табандылық кӛрсетіп, кӛздегеніне жетеді. Ӛмірдің сынақтары кезінде күйзеліске түспей, үлкен шыдамдылық пен қайраттылық танытады. Ӛз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан кӛрмей, жауапкершілікті ӛзіне ала біледі. Күрделі ӛмір жағдайларында жауапкершілікті жоғары ұстап, тәуекелдікке бел буып, бастаған ісін абыроймен аяғына дейін жеткізеді. Кӛңіл-күйі тұрақты, әсемдік пен әдемілікке құштар, рухани дүниені сезімталдығымен танып білетін саналылығымен ерекшеленеді. Ӛз қадір- касиетін құрметтей білумен бірге, үнемі ӛзіне сырттай кӛз жіберіп, бағалауға бейім, ӛзін-ӛзі шығармашылық жағынан жетілдіріп отырады, қарым-қатынаста орынды әзіл қолданып, сӛйлеу мәдениетін танытады.
Отбасында баланың әлеуметтену үрдісінің үш ӛрісі:
Біріншісі – белсенді іс-әрекет. Баланы еңбек арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Еңбектену кезінде бала адамзат тарихы жасап келген тәжірибені, құндылықтар жүйесін іс-әрекет тәсілдерін игере отырып, сол ортаның белсенді мүшесіне айналады. Осы жағдайда ӛте маңызды тағы да үш түрлі үрдістер жүзеге асырылады. Біріншіден, әртүрлі іс-әрекет түрлері мен оның формаларының арасындағы байланыстарды игереді. Осыдан туындайтын екінші үрдіс – ӛзі таңдаған, жетекші іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындырады. Үшінші үрдіс, іс-әрекет барысында бала жаңа рӛлдерді игереді және олардың маңыздылығын түсінеді. Осының бәрі баланың болашақта ӛз ісінің шебері болуға, іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына тиімді ықпал етеді.
Әлеуметтенудің екінші ӛрісі – қарым-қатынас. Ата-анамен, отбасы мүшелерінің арасында үйлесімді, ӛзара түсіністік қарым-қатынас баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына ерекше тиімді ықпал етеді. Отбасындағы ӛзара сыйластық пен түсіністік ертең ер жеткенде қоғамдық ортадағы адамдармен жайлы қарым-қатынас құруға негіз береді. Ата-ана жас ерекшеліктеріне сәйкес баланы ертерекотбасы шаруашылығына араластара отырып, білмегенін түсіндіре отырып, бірге атқару арқылы танымдық үрдістерінің аумағын кеңейтеді, еңбек сүйгіштікті, еңбек әрекетінде ӛзгелермен үйлесімді қарым-қатынас жасау түсініктерін қалыптастырады.
«Қарым-қатынас іс-әрекетпен тығыз байланысты, қарым-қатынассыз іс- әрекетті ұйымдастыру, белгілі бір нәтижеге жету мүмкін емес. Іс-әрекет үстінде қарым-қатынас кеңейіп, мағынасы тереңдейді», – деп есептейді орыс психологы А.Н.Леонтьев. Іс-әрекет негізіндегі қарым-қатынаста тұлғаның ӛмір тәжірибесі мен білімі, практикалық дағдылары мен біліктілігі, дағдылары мен шеберлігінің арнасы кеңейеді. Эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып Л.Д.Фридман, А.В.Маркова, Л.И.Божович т.б. баланы ерте жастан еңбек тәрбиесінде үйлесімді қарым-қатынас орнатуға баулу, оның әлеуметтік байланыстарының нәтижелі болуына кепілдік береді деп есептеген. Мұны атақты психолог Л.С.Выготский ата-анамен баланың әріптестік,
серіктестік әрекеттері арқылы психиканың жоғарғы қызметтерінің оңтайлы қалыптасуы жүзеге асады деген.
Әлеуметтенудің үшінші ӛрісі – баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуы. Кӛптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) кӛрсеткеніндей,
адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, ӛмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Адамның ӛзіндік сана-сезімі оның мінезінде, іс-әрекетінде, қылығында кӛрініс табады. Жоғарыда айтқандай баланың отбасындағы орны, оғандеген ата-анасыныңмахаббаты үлкен рӛл атқарады.
«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғыдағы кӛзқарастар бар. Соның ішінде кеңінен тарағаны үш компонентті «Мен» құрылымы: танымдық (баланың ӛзін-ӛзі танып түсінуі), эмоциялық (ӛзін-ӛзі бағалауы), мінез-құлықтық (ӛзінің әрекеттеріне сын кӛзбен қарауы). Баланыңӛзіндік санасы – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, ол оның ӛзін біртұтас адам ретінде қабылдауы, түсінуі алынады. Ӛзіндік сананың екінші бір қасиеті іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы әлеуметтік-психологиялық кемелденуі, әлеуметтік тәжірибелер, білімдер мен құндылықтар жүйесін игеру болып табылады. Бұл қасиеттерге ие болуда отбасы, ата-анасы үлгі-ӛнеге бола отырып, оның мәдениетті, жауапкершілікті, тәрбиелі, жан-жақты болуына ықпал етеді. Бұл қасиеттер баланың әлеумет ортасымен тығыз қарым-қатынасы негізінде қалыптасады.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен рӛл атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Әлеуметтік- психологиялық жағынан дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол ӛзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер адам туғаннан бастап, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі қасиеті бар адам болмас еді.Баланың психикалық дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және ӛзінің жеке-даралық дамуына керекті ақпараттарды ортасынан ала отырып, ӛзінің мінез-құлқын, рухани мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін, интеллектуалдық деңгейін, құндылықтар жүйесінқалыптастырады.Мұны психология ғылымында тұлғаның «Мен концепциясы» деп атайды. Тұлғаның
«Мен концепциясы» ӛмір үрдісінде, ӛзін қоршаған ортамен тығыз әрекеттесунегізінде пайда болады. Яғни, олӛмір бойы ӛзгеріп, сапасы жағынан байып, толысып отыратын ӛзіндік қасиеттер жиынтығы. Адамның даму деңгейі жоғары болған сайын оның рухани мәртебелілігі ӛсіп, қоғамдағы ӛмірлік әдептерін реттеумен күнделікті ӛмірде кездесетін қиыншылықтар мен кедергілердің шешімін тиімді әдіс тәсілдерді табу мүмкіндіктерімен кӛрініс тауып отырады.
Әр адам дара тұлға, ол ӛзініңдербестігімен ерекшеленеді. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы – рухани дүниесімен айқындалады. Рухани дүние дегеніміз инабат, парызды түсіне білуі, болмыстағы ӛз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі
– бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен ӛтірік-ӛсектен ӛзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы оның ӛзін-ӛзі тәрбиелеуі, ӛзін-ӛзі шығармашылық жетілдіруіментығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет