Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі бойынша кеңес беру



бет25/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі бойынша кеңес беру.


Отбасында зорлық кӛрсету–серіктесті бақылауға алып, қорқыту мақсатында қайталап отыратын зорлау түрлерінің инциденті. Отбасында зорлық кӛрсету жақын туысқандар арасында тұлғаға физикалық,
экономикалық, психологиялық және сексуалды бүліншілік жасау циклі.Зорлық кӛрсету циклі зорлауды үдету кезеңдерінен, соның ішінде физикалық жарақаттаудан, жанжалдық пен зорлықты үдетудентұрады. Отбасында зорлық кӛрсету агрессия актісі ретінде әйел мен күйеу, ата-ана мен бала, басқа да туысқандар арасында болуы мүмкін. Кӛбіне жәбірленетіндер әйелдер мен балалар. Кӛп жағдайда әйелдердің ӛзі күйеуі тарапынан зорлаушы агрессивті әрекеттер субъектісіне айналады. Балалар анаға қысым кӛрсететін және белгілі бір әрекеттерге мәжбүрлейтін құрал тәрізді агрессор ретінде қолданылады. Мәселен, ажырасу кезінде бала әкеде қалса ана құқығына айла-шарғы жасалады.
Әйелдерге қатысты отбасында зорлық кӛрсету ӛкінішке қарай жиі кездеседі, әрі кеңес уақытынан кейінгі жылдардан күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Түрлі деректер бойынша қазақстандық және ресейлік әйелдердің шамамен 30%-ы үй ішіндегі зорлық-зомбылықтан азап шегеді екен. АҚШ және Батыс Европада үй ішіндегі зорлық-зомбылықтан азап шегетін әйелдерге мамандандырылған кӛмек айтарлықтай ерте қолға алынған, Қазақстанда осындай әйелдерге сенім телефоны 90-шы жылдарда ғана пайда болды.
Отбасына кеңес беру негізінде отбасында зорлық кӛрсетудің себептерін түсіндіретін үш модельді атауға болады. Әлеуметтік-мәдени – отбасындағы зорлықты қалыптасқан дәстүр мен қоғамдағы әлеуметтік ұйымдар ерекшеліктерімен түсіндіреді. Отбасындағы зорлық кӛшедегі және әлеуметтік зорлықтың жалғасы ретінде кӛрінеді, сондықтан тоталитарлы қоғамдарда отбасылық зорлық деңгейі жетіп артылады.
Билік жүргізуші, тӛреші және жазаны орындаушы еркек болып табылатын патриархалды отбасының дәстүрі қазіргі отбасында тұрмыстағы ережелер мен құқықтық нормаларды жасаудың алғышартын құрайды. Отбасында билік демократизациясы және қоғамдағы әйел позициясын ӛзгерту отбасындағы билікті қайта бӛлуге әкеледі, кӛп жағдайда қарым-қатынастың бұрынғы жүйесін ӛзгертуге қарсылықты – зорлыққа қарсылықты тудырады.
Жүйелі модельде зорлау отбасының рӛлдік құрылымының және ондағы коммуникацияның тиімсіздігінің нәтижесі ретінде қарастырылады, агрессивті әрекеттер тиімсіздікке әкеледі, психоаналитикалық модельде күйеудің әйелге қатысты агрессиясы балалық жастаата-анамен қарым-қатынаста нарциссизм, фрустрация, қорғансыздық, ӛзін тӛмен бағалау, шектен тыс мазасыздық т.б. сияқты мінез-құлықтан кӛрінетін тұлғалық дамудың ауытқушылығы салдарынан болады. Отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері:

  • физикалық зорлық – ұрып, соғу, қылғындыру, күйдіру, медициналық кӛмекке жүгінуді шектеу, күштеп ұстау т.б. Физикалық зорлықтың ең кӛп тараған түрлерінің бірі үйде зорлық кӛрсету (кӛмек сұрауға келетін әйелдердің 95 %-ы күйеуінің физикалық зорлығынан азап шегетіндер);

  • сексуалды зорлық – сексуалды қысым кӛрсету, зорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, ауырту, жарақаттау т.б.;

  • психологиялық зорлық – қауіп тӛндіру, қорлау, балағаттау, үнемі сынап- мінеу, бопсалау, белгілі бір әрекеттерді мәжбүрлі орындауын қатаң

бақылау, қажеттіліктерін қанағаттандыруды шектеу, достармен, ағайын- туыстарменқарым-қатынасқа, кәсіби қызметімен айналысуға тыйым салу, жеке басын кемсіту т.б.Психологиялық зорлық кӛрсету тұлғаның жеке басының бұзылуына, тұлғалық дамуының ауытқуына, депрессияға, қорқыныш, үрейге, агрессияға әкелуі мүмкін;

  • экономикалық зорлық – қаржылық қолдау кӛрсетуден, балаларды асыраудан бас тартау, отбасының қаржылық ресурсын ӛз еркінде ұстау, әйелі мен балаларының қажеттіліктері мен керек-жарақтарын елемеу.

Қазіргі таңда әйелдерге отбасында зорлық кӛрсету мәселесі бойынша кеңес беру мамандандырылған дағдарыстық орталықтарда жүргізіледі. Психологиялық кеңес беру міндеттері: клиенттің эмоциялық күйін тұрақтандыру; проблеманы зерттеу, қолдаудың қайнар кӛзін анықтау; жағдаятты ӛзгерту туралы шешім қабылдау (жұбайынан кету, уақытша немесе жеке тұру, ажырасу, зорлау әрекеттерін жасаған жұбайымен сӛйлесу, делдалдықты қолдану, қорғану үшін құқық қорғау органына ӛтініш жасау т.б.) және әрекет ету жоспарын құру.Әрекеттер жоспарының маңызды құрамдас бӛлігі «қауіпсіздіктің жеке жоспары». Мұндай жоспарды жасау мыналарды кӛздейді: зорлау жағдайында кӛмек сұрайтын адамдарды талқылау (кӛршілер, милиция, куәгерлер); бассауғалайтын пананы анықтау (достар, туыстар, дағдарыстық орталықтар);зорлау жағдайында шұғыл эвакуацияға қажетті ресурстарды жұмылдыру (құжаттар, ақша, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер, бала ойыншықтары); зорлау қаупі тӛнген жағдайда балалар бопсалау құралы немесе агрессиянысаны болмас үшін оларға превентивті сепарациялау жоспарын құру.
Егер отбасында бала болса әйелге кӛмек кӛрсетіп, қолдау қажет. Бала қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету әйелдің ӛз күшіне, мүмкіншіліктеріне сенім артып, дағдарыстық жағдаятты ӛз бетінше шешуіне септігін тигізеді. Зорлық кӛрсету – әйелде қорқыныш сезімін тудырып, дәрменсіздікке, сенімсіздікке, ӛзін тӛмен санап, кемсітуге әкеледі. Кӛбіне отбасында зорлық кӛрген әйелдерқорқыныш пен қайратсыздықты,тәуелділікті сезініп қана қоймай, ұялу, кінәлілік сезімінде болып, ӛзіне деген құрметті жоғалтады. Ананың балаларының амандығына, ӛз ӛмірі мен денсаулығына жауапкершілік алуы ӛзін-ӛзі құрметтеуіне, ӛзін-ӛзі қабылдауына,Мен сезімінің нығаюына жәнедағдарысты жеңуге маңызды қадам жасауына мол мүмкіндік береді. Отбасында зорлық кӛрсету мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру үйдегі зорлықтың құрбанына құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралармен жүзеге асырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет