Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының кӛп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын ӛзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, ӛзара әрекеттерінің ӛзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады. Отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден, отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден, жағдайды талдауға және отбасын рӛлдік ӛзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден, кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға кӛмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сӛз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез- құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.
Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері тӛмендегідей бірлікте қарастырылады:
Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы арасында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сӛйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.
Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол: «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?»,
«Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын кӛріп тұрсыз ба?»
Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бӛлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы, кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент ӛз белсенділігіне, ӛзінің рӛлдік мінез-құлқын ӛзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері (алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ тӛлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып ӛтеді.
Шағымданушыдан мәселені нақтылау және отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған тӛмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не кӛмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда ӛзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»
Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: «Сіздің ӛзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез- құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда ӛзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не кӛмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, шағымданушы транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.
«Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл ӛткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, ӛз жағдайыңыз қалай?
Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді,
қажетті әрекетте кӛрсету және оларға сенімділік ұялату мен байланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт ӛткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.
Бӛліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксалды тапсырма» кӛмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін кӛрсетті. Жаңа үйленген ерлі- зайыптылармен кеңес жүргізгенде ӛз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «ӛз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде ӛзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап кӛріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бӛліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде ӛз қызметін кӛрсетуде.
Ереже бойынша түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны ӛсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының кӛбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің ӛзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау ӛте маңызды- бұл психологиялық кӛмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге кӛмектесуі қажет. Егер де маман кӛмек сұрауға келген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің солардың кӛзқарастары бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе кӛбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де кӛмекке жүгінген отбасы мүшесінің ӛзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегенінің ӛзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.
Кӛмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын кӛрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары ӛте жақсы байқалады. Кӛмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасыдағы рӛлін және оның басқа да мүшелерімен ӛзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеруі қажет. Психотерапияның ең басында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың ӛзара қарым- қатынастарын қаншалықты ӛзгертуге дайындықтарын білдіреді.
Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келуіне алты түрлі негізгі мәселелерді айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы ӛз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.
Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі ӛз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, ӛзін бүтін сезінбеуі.
Ата-ана мен баланың ӛзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата- ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) ӛзара қарым-қатынастарына кӛңілі толмайды.
Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым- қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің тӛмендігі және т.б.
Сиблингтердің ӛзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.
Кеңейген отбасы мүшелерінің ӛзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.
Ерлі-зайыптылардың ӛзара қарым-қатынастарындағы мәселелер. Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды.
Егер де кӛмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі ӛзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше кездесулерге шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапиялық жұмыс барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын ӛзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың ӛзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен ӛзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен ӛзара қарым-қатынастарында кӛрініс табады. Егер де мәселе отбасыӛзара қарым-қатынастарынақатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың ӛзара қарым-қатынастарымен байланысты.
Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасы ның қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы ӛміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ ӛкілдерінде де кӛрініс табады. Психотерапевтік үрдіске қатыса отырып, үлкен кісілер ӛздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде кӛрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бӛлісуге кӛмектеседі.
Егер да ата-аналар ӛз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапиялық үрдіске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен кӛрініс табады, және отбасы хал-ахуалының ӛзгеруі бала мінез-құлқының жағымды ӛзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фрименнің пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің ӛзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психолог бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).
Психологтың отбасы мүшелерінің бәрімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелері ӛздерін ыңғайсыз сезінулері мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, кӛп жағдайларда бұл ӛте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын ӛзгерту мүмкін болады. Кӛбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар ӛзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы кӛрініс таба бастайды. Егер де ата- аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез- құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, ӛйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша ӛзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.
Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процесске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың есептеулерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің ӛзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.