Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет32/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Диагностикалық кезең. Отбасылық ӛмірдің диагнозы түсінігінде отбасы мүшелерінің тұлғалық қасиетін анықтау, қатынастағы бұзылысты анықтау. Отбасы қатынасына диагностика жүргізу үрдісіне психологпен бірге психотерапев те қосыла отырып, диагностика нәтижелерін талдау, болжамды ұсыну және тексеру жатады. Отбасылық диагностиканың ӛзіндік ерекшелігі – ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапиялық техникалар іріктеліп отырылады. Екінші ерекшелігі – отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, отбасы мүшелерін бақылау және сұрау барысындағы «отбасы бала кӛзімен», «отбасы психолог кӛзімен», «шын мәнінде қандай» деген мәселелерді анықтау арқылы алынады.
Отбасындағы қақтығысты жою. Екінші кезеңде психолог отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен себебін анықтайды. Отбасы мүшелері арасында тепе-тең қарым- қатынасты орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың теріс эмоционалдық күйлерін тӛмендету және жоюға кӛмектесу. Психолог қақтығысқа қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті тілде сӛйлеуге, жақсы сӛздермен қарым-қатынас құруға шақырады.
Қайта құру кезеңі. Бұл кезең отбасы мүшелерінің қақтығысқа дейінгі үйлесімді, түсіністік қарым-қатынастарын, мінез-құлықтарын қалыпқа келтіруге кӛмектесу, ӛзара сыйластықтың денсаулыққа, әлеуметтік саулыққа маңызын ашып кӛрсетіп, жақын адамдардың бір-біріне деген жылы, сыйластықтарын ояту.
Қолдау кӛрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты рӛлдік мінез-құлықтың кеңейтілген ӛрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым- қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы ӛмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын әдістер:

  1. Үнсіздікті мәнді пайдалану;

  2. Тыңдай білу қабілеті;

  3. Сұрақтар қоя білу шеберлігін меңгерту;

  4. Қешірімді, қайырымды болу;

  5. Кооперация -ерлі-зайыптылардың бір-біріне кӛмек, бірін-бірі қолдау, қарым-қатынас және мінез-құлықты ізгілендіру.

  6. Ролдерде ойнау.

  7. «Жанды скульптура» жасау.

  8. Видеотүсіруді талдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет