Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Отбасылық ӛмірдегі қалыптан тыс дағдарыстар



бет31/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Отбасылық ӛмірдегі қалыптан тыс дағдарыстар


Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасының ӛмірлік циклінің кез- келген сәтінде кездесетін дағдарыс, ол жағымсыз эмоциялы қобалжу дағдарысы. Р.Хилл осындай дағдарысқа әкелетін үш факторды бӛліп қарастырды:

  1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ).

  2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесі жол апатына ұшырау, зорлық-зомбылық кӛру т.б.).

  3. Ішкі отбасы жағдайындағы сыйластық, түсіністіктің бұзылуы немесе ерлі-зайыптылардың бірін-бірі қадірлей алмауынан стресстік күйге түсу (күрделі ауру, ӛлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының кӛрсеткіштері:

    • Отбасындағы дағдарыс жағдайы.

    • Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.

    • Отбасы мүшелерінің болған келеңсіз жағдайға кӛзқарасы, қабылдауы.

    • Отбасы мүшелерінің ӛзгеруі.

    • Жеке және отбасылық қиын жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.



Отбасылық психотерапия


Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасы мүшелерінің айрықша кӛрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бӛлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық қақтығыстың сипатына, психотерапевтік ӛзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапия тӛрт кезеңнен тұрады:

  1. Отбасылық келеңсіздіктің себебін анықтау – диагностикалық кезең.

  2. Отбасылық қақтығысты жою кезеңі.

  3. Отбасылық қатынастарды сыйластық, татулық сезімде қайта құру кезеңі.

  4. Отбасы мүшелеріне қолдау кӛрсету кезеңі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет