Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған жҧмыстар



бет30/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған жҧмыстар:


  • Мен қандай ата-анамын?

  • Ата-аналық қабілетін ӛзіндік тану;

  • Үлгілі ата-ана бейнесін түзу;

  • Ата-ана жауакершілігін арттыру;

  • Балалармен ӛзара тиімді қарым-қатынас жолдарын игеру;

  • Мазасыз балаларымен ӛзара әрекеттесу дағдыларын кеңейту;

  • Аса белсенді және агрессивті балаларымен ӛзара әрекеттесу дағдылары;

  • Ауытқуы бар баласымен ӛзара әрекеттесу;

  • Менің ата-аналық тәрбие стилім;

  • Бірге ойнаймыз, бірге күлеміз, бірге бақыттымыз;

  • Менің отбасымның ұраны;

  • Ерлі-зайыптылар қатынасының сыйластығын дамыту

  • Біздің Отбасының тарихы;

  • Әке мен бала қатынасындағы сыйластық, құрмет;

  • Бала мен ана қатынасындағы түсіністік, қолдаушылық;

  • Баланың базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • «Кіршіксіз отбасы» үлгісін отбасы мүшелері болып құру.



Отбасы дағдарыстары


Отбасы ӛмірінде кездесетін кейбір дағдарыстар қалыпты және ӛтпелі болып келеді.
Алғашқы некеге тұру – дағдарысы. Әсіресе тойға дейін жастар бір- бірін «қызғылт түсті кӛзілдірікте кӛреді», сол кезде бір-бірінің бойынан ешқандай мін таппайды, жарасып жүріп некеге отырады. Неке – ӛмір сүру салтының ӛзгеруіне, әлеуметтік жаңа статусқа әкеледі. Әйел заты үшін ата- тегін ӛзгертіп, басқа үйдің босағасын аттап, енді сол үйдің ішкі заңдылықтарымен жаңа ӛмір бастайды. Бұл Э.Эриксонның пікірінше
«Ұқсастыққа келу дағдарысына» соқтырады, тұрмыс сипаты ӛзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа әрекеттер пайда болады. Бұл ерлі- зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі, ол отбасын құрған алғашқы жылда болатын құбылыс. Бірлескен ӛмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп, бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе ажырасу тілегі пайда болып, некелік одақ сәтсіз болды деп саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге ӛткізген ӛмірден кейін болады. Келесі дағдарыс бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуымүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Ӛйткені балалы
болуға «ана», «әке» атануға теориялық жағынан дайындық болса да, бала дүниеге келгеннен кейін туындайтын қиындықтар, практикада мүлде басқа болатынын ұғындырады. Жастардың тағы да ӛмір сүру сипаты ӛзгереді, отбасындағы міндеттер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда жас күйеу, ата-ене т.б. мұны ӛздеріне назар аударудың жолы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Отбасындағы келесі дағдарыс екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты кӛрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, үлкен бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сӛйлей бастайды, ӛйткені ол ӛзіне кішкентай кезіндегідей қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балаға осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті тӛзімділік пен шыдамдылық қажет болады.
Келесі дағдарыс – бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға кӛбінде әкелік қызмет қажет болады, ал кӛптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес, некелік ӛмірді тек қаржы жағынан қамтамасыз ету, ал бала тәрбиесі әйел адамның ісі деп түсінетін ер адамдар үшін бұл ӛзінің бостандығына қол сұққандай сезіледі.
Келесі дағдарыс әке мен баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі мүмкін: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық немесе орта жас дағдарысы қатар келіп үлкен әлеуметтік-психологиялық қиындықтармен жалғасып кетеді. Бұл кезеңде ата-аналар ӛз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке, еркіндікке, ересектікке ұмтылып, араларында түсінбестіктер туындайды. Кӛп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылықтарын, жас және психофизиологиялық ерекшеліктерінен туындайтын қиындықтарды барлық ата-аналар дұрыс түсіне бермейді, соның себебінен кӛптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарысы – ерлі-зайыптылардың бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезде ересек адам кӛсемдікке бейімделіп, ӛзін кәсіби іс-әрекетте кемелдікте, даналықта ұстап дағдыланған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар ӛздеріне басқа бір жұмыс кӛзін тауып, айналыспаса, онда ӛмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының ешнәрсеге жарамсыз болып қалғанына қатты қынжылады. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, ӛзін жаңа әлеуметтік, жыныстық қарым-қатынаста кӛрсетуге тырысады, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бӛлінуге, қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады.
Келесі дағдарыс – ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл кезде бірге ӛмір сүру тәжірибелері 15-20 жылға қарағанда, жаңа қатынастар құру, жаңа отбасылық ӛмірге, басқа адамға бейімделу сияқты сынақтарға әкеледі. Кейбір адамдар отбасында ешқандай сыйластық пен татулық қалмаса да, үйреншікті ӛмірді бұзуға күш-жігері жетпей қиналса да, отбасында абыройы жоқ болса да, бейтаныс адамдармен бірге тұрғандай селқостық ӛмір сүру жағдайында жүріп жатады. Бұл отбасылық ӛмірдің екінші ӛтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Ӛсіп қалған балаларының кәсіп таңдауы, жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты – дағдарыстың жаңа кезеңі пайда болады. Қазіргі экономикалық дамудың нарықтық кезінде ата-ана баласының болашақ қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешегін жақсы мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылады.
Дағдарыстың келесі түрі – ажырасудың үшінші шарықтау шегі және ӛз-ӛзіне қол жұмсауға баруы дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата-ана қамқорлығынан бӛлек шығып, ӛз бетінше ӛмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз ӛздері қалып қояды. Кейбір ерлі-зайыптылар мұндай жағдайға дайын болмағандықтан, осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы ӛміріне басқа да құбылыстар ықпал етеді, мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі-зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы ауру, отбасы мүшелерінің бірінің ӛмірден озуы, тұрмыс жағдайының ушығуы т.б. болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған міндеттерді кез келген отбасы, отбасы мүшесі кӛтере алмайды, міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.
Балалары ата-аналарының ажырасуына үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар – ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын
«әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын» деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер – әкесіз қалу, қайғыру, бойын үрей, қорқыныш билеу, сатқындықты сезіну жеңілген балаларда болады. Отбасында қалған анасының оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар – бұл отбасы ӛмірінің барлық ауыртпалықтарын басынан ӛткізген, құр жаны қалған, соққыдан әлсіреп қалғандай сезінетін, жылы эмоционалдық қатынасты қажет ететіндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет