Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Ерлі-зайыптылардың кӛзге шӛп салуы мәселесі бойынша кеңес беру



бет24/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Ерлі-зайыптылардың кӛзге шӛп салуы мәселесі бойынша кеңес беру. Ерлі-зайыптылардың кӛзге шӛп салуы ерлі-зайыптылық қатынастарды қалыпқа келтіру немесе некелік одақтың ыдырауы арқылы шешілуі мүмкін. Кӛптеген жағдайда кӛзге шӛп салу жағдаяты ұзақ жылдар бойынша шешілмеген күйде қалады. Ерлі-зайыптылық қатынас ыдыраған жағдайдағы клиентке психологиялық кӛмек кӛрсетудің міндеті жаңа ӛмір салтын құрудан, уайымға салыну реакцияларын жеңдіріп, жоғалғанның орнын толтыруға мүмкіндік беретін жаңа тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудан тұрады. Ерлі- зайыптылық қатынастарды қалыпқа келтіру жағдайында кеңес беру міндеттері келесідей: қызғану реакциясын жою және жеңу, «кешіру моралін» қалыптастыру [Волкова, 1989]; ӛз мінез-құлқын және аффективті әсерленулерін бақылау ептілігін қалыптастыру; кӛзге шӛп салу себептері мен ӛз қателіктерін талдау; серіктеспен жаңа қатынас орнату. Психологиялық жұмыстың конструктивті емес тәсілі ерлі-зайыптылық кӛзге шӛп салу фактісі мен серіктестің ӛзініңқұнын тӛмендету стратегиясы болып табылады. маңызы бар іс-әрекетке кӛңіл аударту – жұмысқа, оқуға, балаларды тәрбиелеуге, хобби, қызығушылықтарға – бұл іс-әрекет түрлері уақытша кӛңіл сергітуге кӛмектескенмен проблеманы «ұмытуға» және аффективті әсерленулердің қарқынын сейілтуге кӛмектеседі.
Ерлі-зайыптылық кӛзге шӛп салуға психологиялық кеңес берудіңА.Н. Волкова ұсынған үлгісі:

  1. Кӛзге шӛп салу бейнесін қалыптастыру:

    • ерлі-зайыптылық кӛзге шӛп салудың себептері туралы түсініктерді басшылыққа ала отырып, қарсыластың психологиялық мінездемесін жасау;

    • қызғану реакциясының «қалыптылығын» анықтау;

    • қызғанушының мінез-құлық белсенділігінің деңгейін және қызғаныштағы басым реакцияларды анықтау, оларды анағұрлым конструктивті сипатқа ӛзгерту;

    • реакциялардың қарқындылығын, олардың ӛмірге және кӛзге шӛп салуға ықпалын анықтау.

  2. Ерлі-зайыптылық кӛзге шӛп салуға қатысушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу.

  3. Клиенттің қызғанышын жеңу мәселесі бойынша жұмыстарды оңтайландыру және ерлі-зайыптылық қатынастарды мүмкін болса қайта қалыпқа келтіру мақсатында психологиялық ықпал ету әдістерін таңдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет