Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет15/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Дәстүрлі авторитарлы отбасы авторитарлы типтегі ердің жеке билігімен және ер мен әйелдің рӛлдерін нақты жіктеу арқылы отбасылық рӛлдерді дәстүрлі бӛлумен ерекшеленеді. Авторитарлы отбасы патриархалды (ер адам билік етеді) және матриархалды (отбасын әйел билейді) болуы мүмкін. Эгалитарлы отбасы (тең құқылы, эквивалентті) – отбасында билік, рӛлдер мен міндеттерді нақты бӛлу болмайды, рӛлдік құрылым бекітілмейді. Әдетте, эгалитарлы отбасы – бұл баласыз жас ерлі-зайыптылар. Баланың дүниеге келуі ерлі-зайыптылардан ұстанымдар мен рӛлдерді бӛлуді талап етеді,
сондықтан эгалитарлы тип дәстүрлі немесе демократиялық типке ауысады.
Демократиялық (серіктес) отбасы ерлі-зайыптылардың тең құқылығымен, бірлесе билік етуімен, қызметтерді бірге бӛлумен, отбасы рӛлдері мен міндеттерінің икемділігімен және әрбір серіктестің, біртұтас отбасының мүдделерін ескере отырып, рӛлдік құрылымды ӛзгертуге дайындығымен ерекшеленеді.
Ерлі-зайыптылардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансабы (карьера) ӛлшемдері бойынша толық жұмысбасты отбасын (қоғамдық ӛндірісте ерлі- зайыптының екеуі де жұмысбасты) және жартылай жұмысбасты отбасын (ерлі-зайыптының біреуі жұмысбасты), зейнеткерлер отбасын (ерлі- зайыптының екеуі де жұмыс істемейді, екі мансапты отбасын (мансап пен кәсіби жүзеге асу құндылығы ерлі-зайыптының екеуі үшін маңызды және ӛзі үшін әрі жұбайы үшін тең дәрежеде басым болып танылады)бӛледі. Мұндай отбасы жас отбасына тән, ол ӛндірісте және әлеуметтік-саяси ӛмірде әйел орнының ӛзгеру үрдістерімен байланысты. Әрине тек мансаптық мотивациялық бағыттылық екі мансапты отбасының ӛмір сүру мүмкіндіктеріне кепіл бола алмайды, оған қосымша шарттар қажет:

  • отбасында эмоциялық жағымды қатынастардың,махаббаттың болуы,ерлі- зайыптылар арасындағы құрмет, тең құқылық;

  • ерлі-зайыптылар құндылықтарының, соның ішінде кәсіби және мансаптық ӛсу құндылықтарының ортақ болуы;

  • мамандықтың айрықша түрі, ең алдымен бір жағынан тұлғаның анағұрлым толық жүзеге асуын, екінші жағынан қатаң бекітілген уақыт

аралықтарымен қыспақтамайтын кәсіби іс-әрекетті (жұмыста қолайлы кестенің, демалыс күндерін, жұмысты, үй жұмыстарын орындау мүмкіндіктері) қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін шығармашылық мамандық (ғылым және ӛнер);

  • ерлі-зайыптылардың кәсіби білімін аяқтап, алғашқы мансаптық жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік алу үшін ӛзара келесім бойынша ата-ана болуды кейінге қалдыру;

  • қызмет атқару ресурстарының және отбасы қолдауының (бала тәрбиелеуде ата-әжелер кӛмегі, жақсы денсаулық,шамадан тыс күш жұмсауға тӛзімділік).

Әлеуметтік біртектілікке, яғни ерлі-зайыптылардың бір әлеуметтік топқа жатуына, білім және мәдени шектелім (ценз) ортақтығына, интеллектуалды, аффективті, әлеуметтік «жұмысбастылық» бойынша мамандықтардың жақындығына қарай әлеуметтік гомогенді (біртекті) және гетерогенді (әртекті) отбасыларды бӛледі. Әлеуметтік гетерогенді отбасылар тұрақтылығы әлсіз, ерлі-зайыптылық қатынастар үстемдік ету-бағыну принципі бойынша құрылады, ӛзара түсіністік бұзылып, жанжалдасу жиілейді.
Отбасының құндылық бағыттылығының ӛлшемдері отбасының келесі типтерін бӛлуге мүмкіндік береді: детоцентрлік және тұлғалық- орталықтанған отбасы, «тұтыну», психотерапевтік отбасы («кӛңіл жұбатушы отбасы» А.Н. Обозова бойынша), «салауатты ӛмір салтын ұстанатын отбасы», «атаққұмар» отбасы, спорттық-жорықтық,
«интеллектуалды» отбасы.
Балаларды, балалардың жеке басын тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау детоцентрлік отбасы қызметінің басымдық құндылығын құрайды. Тұлғалық- орталықтанған отбасы – отбасы тағдырын оның әрбір мүшесінің тұлғалық ӛсуіне және ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына жағдай жасаудан кӛреді. Мұндай отбасында ерлі-зайыптылық автономды тұлғалардың еркін, рухани одағы ретінде қарастырылады. «Тұтыну» отбасы «иелену» модусын жүзеге асырады (Э. Фромм), мұндай отбасы қорлануға және прагматикалық қажеттіліктерді анағұрлым толық қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл отбасындағы ерлі-зайыптылық – ӛзара пайда алуға негізделген серіктестік, отбасының әрбір мүшесі «отбасының нанын» басқалардың есебінен болса да табуға тырысады.Психотерапиялық отбасы ӛзара түсіністікті, эмоциялық қолдауды, махаббатқа қажеттілікті қанағаттандыруды, ӛз мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең жоғары құндылық деп санайды. Отбасының әрбір мүшесі ӛздерін тыңдайтынына, түсінетініне және қабылдайтынына сенімді. «Салауатты ӛмір салтын» ұстанатын отбасы денсаулыққа, дұрыс күн тәртібіне, дұрыс тамақтануға, демалуға, тазалыққа, тәртіпке және отбасы тұрмысын қолайлы етіп ұйымдастыруға баса мән береді. «Атаққұмар» отбасы әлеуметтік мәртебе, бедел үшін күреседі. «Ең жақсы атану», жоғары ортада болу – атаққұмар отбасының басты мақсаты. Егер отбасы мүшелерінің біреуі бекітілген табыс стандартынасай келмей жатса, одан аяусыз құтылады.
Отбасылық ӛмірдің айрықша шарттары студенттік отбасын (мамандық алуды аяқтай алмау және ата-анаға материалды тәуелділік) және дистантты отбасын құруға әкеледі. Дистантты отбасылар – олардың тыныс-тіршілігінде отбасының аса маңызды шарты – бірге тұру ұзақ уақыт болмайды. Дистантты отбасылардың құрылуы мамандықтың айрықша түрімен және еңбек етудің
«вахталық» әдісіне байланысты. Дистантты отбасылардың қызметі толық болмайды, сондықтан да тәуекелдік тобын құрайды. Сексуалды қатынастар сипатына қарай әлеуметтік-мәдени стандарт шегінен шыққан екі түрлі отбасын бӛледі: ашық және гомосексуалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет