Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Балалар бӛлініп шыққаннан кейінгі отбасы



бет12/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Балалар бӛлініп шыққаннан кейінгі отбасы (кәрілік және қартаю кезеңі). Отбасының ӛмірлік циклінің соңғы кезеңі ерлі-зайыптылардың (немесе екеуінің біреуінің) онтогенетикалық дамудың ақырғы кезеңіне – қартаю және кәрілік шаққа енуін анықтайды. Бұл кезеңде дамудың жас ерекшелік міндеттері біртұтас отбасылық жүйенің дамуымен ұштасып жатады. Зейнеткерлікке шығу тұлғаның барлық ӛмірлік ұмтылыстарының түбегейлі ӛзгеруіне әкеп соғады. В.Д. Шапиро қарт адамдардың құндылық бағдарына сәйкес қажеттіліктер тобын бӛліп кӛрсеткен:

  • әлеуметтік қажеттіліктер (жақсы материалды және тұрмыстық жағдайда бос уақытты ӛткізу, демалу);

  • әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктер (тұлғааралық қарым- қатынастар, құрмет, еркіндік, айналадағылардың қамқорлығын қажетсіну);

  • денсаулық сақтау қажеттілігі.

Қарт адамдар үшін бастысы – балаларының, немерелерінің, жақын адамдарының амандығы мен жетістіктері. Қарт ерлі-зайыптылар ӛмірінің
ерекшелігі әйел мен ерлерде болатын климактериялық бұзылыстарға байланысты сексуалды қатынастардың ӛзгеруі болып табылады.
Бұл кезеңде жас ӛзгерістеріне байланысты үлкен отбасындағы қатынастар жүйесі қайта құрылады. Сондықтан мұндағы негізгі міндеттер бұрынғы жеке қызығуларды, белсенділік түрлерін және ӛзара әрекеттесу түрлерін, сонымен қатар физиологиялық қартаюға және физикалық күштің, мүмкіншіліктердің жоғалуына қарамастан ерлі-зайыптылық қызметтерді сақтау болып табылады; әлеуметтік және отбасылық рӛлдерді (әже, ата) орындаудың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу; орта буынның басты рӛлдеріне қолдау кӛрсету; ақылман, дана болу, мол тәжірибемен бӛлісіп, ақыл-кеңесін беру;жұбайынан, жақын адамдарынан, достарынан, құрдастарынан айрылу; жұбайынан айрылғаннан кейін ӛмір салтын құру; ӛмірін «қорытындылау»; ӛлімнен қашып, құтылмауды сезіну.
Отбасының ӛмірлік циклінің басқа кезеңдеріне қарағанда рӛлдік құрылымды ӛзгерту қажеттілігіерлі-зайыптылардың қартаю үрдісінің біркелкі болмауымен және бұрынғы мүмкіндіктерді жоғалтуымен анықталады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар арасында «асыраушы» және «үй қожайыны» рӛлдерін бӛлуге ықпал етуші кәсіби қызметті тоқтату факторының да маңыздылығы зор. Әйелдер зейнеткер жағдайына анағұрлым тез бейімделеді. Әдетте олар отбасындағы «үй қожайыны» – «үй бастығы» мәртебесін, отбасы бюджетіне жауапкершілігін сақтап қалады. Ер адам отбасында тек «асыраушы» рӛлімен шектеледі. Еңбек іс-әрекеті тоқтаған кезде ер адам атқарып жүрген рӛлін жоғалтып, кӛп жағдайда ӛзін отбасына керексіз сезінеді, себебі зейнеткерлікке шығумен байланысты ерлі-зайыптының әрқайсысының отбасылық бюджетке қосатын үлесі теңеседі. Отбасында кӛбіне «үн-түнсіз тӛңкеріс» орнайды, ақырында барлық билік әйелге ауысады.Ӛкінішке қарай, мұндай жағдай ерлі-зайыптылық қатынастарды нашарлатады, қартайған ерлі- зайыптылар арасында кертартпа қатынас орнап, әрқайсысы ӛз жайымен қалады, әртүрлі телехикаяларды үзбей қарау қарт зайыптылардың толғаныстары мен сезімдерін жеңілдеткендай болып, оларды қиял, мұңға, жалған үмітке жетелейді. Осындай отбасылық жүйеге қарсы мысал – ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың маңызды әрі қолайлы түрлерін іздестірумен, серіктестің мақсаттарын құрметтеумен, алға қойған мақсаттарға жетуге қол ұшын беріп, қолдау кӛрсетумен байланысты.
Отбасының рӛлдік құрылымының ӛзгеруінің тағы бір түрі ерлі- зайыптылардың біреуінің денсаулығының күрт нашарлауымен және отбасының барлық күш-жігерін сырқаттанған жұбайының денсаулығын жақсартуға жұмсауымен байланысты.
Отбасының ӛмірлік циклінің бұл кезеңінде орта буынның маңызы зор, себебі қарт ата-аналар орта буынның эмоциялық қолдауына, кӛмегіне зәру. Әдетте, қартайған ата-анаға ұлдарға қарағанда қыздар кӛп кӛмек кӛрсетеді [Крайг, 2000]. Азық-түліктер сатып алуға жәрдемдеседі, тамақ дайындайды, сырқаттанғанда қол ұшын береді. Қыздар ауыр халде жатқан туысына қарау үшін жұмыс орнын ауыстыруға да әзір. Оның үстіне әйелдер ӛмірге бала
әкелгеннен кейін де үлкен отбасының жарым жанды мүшелеріне де қамқорлық кӛрсетеді. Деректер бойынша балалары бар әйелдер алуан түрлі рӛлдерді атқарып жүрсе де ауыртпалықтарға тӛзімді болып келеді. В.А. Альперович қартайған ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастардың үш түрін бӛледі: «қатар ӛмір сүрушілер», «серіктестер», «ғашық достар». Аталған қатынас түрлері серіктестердің эмоциялық жақындығы және ӛзара түсіністігі, құқықтар мен міндеттерді бӛлу, іс-әрекеттің, қызығулар мен құндылықтардың ортақтығы, отбасылық қатынастарға эмоциялық бейімделуі бойынша ерекшеленеді.
Отбасының ӛмірлік циклінің бір кезеңінен келесі кезеңіне ӛтуде отбасылық жүйенің дамуының нормативті дағдарыстары болады, олар әрбір отбасының жаңа міндеттер арасындағы қайшылықтарды шешуінен және отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас сипатынан кӛрінетін дағдарыстар. П. Босс кӛптеген отбасының атқаратын қызметтері мен құрылымы ӛзгергенде бастан кешетін қиындықтарды нормативті стрессорлар деп атайды. Ӛтпелі дағдарыстарды шешу табыстылығы отбасының тиімді қызмет етуін және оның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. С. Кратохвил неке ӛтілімінің дәрежесіне қарай кбасталатын дағдарыстардың «стандартты» уақытын бӛліп кӛрсетеді. Олар: 3-7 және 17-25 жыл ӛтілімі бар отбасы. 3-7 жас дағдарысы бір жылға жуық созылады. Ол романтикалық кӛңіл-күйдің жоғалуынан, ӛзара түсіністіктің тӛмендеуінен, жанжалдың кӛбеюінен,эмоциялық күштенулерден, некеге қанағаттанбаушылық сезімінен, ерлі-зайыптылық опасыздықтан (кӛзге шӛп салу) кӛрінеді. 17-25 жас дағдарыс айқын кӛрінбегенімен ұзаққа созылады (бірнеше жылға дейін). Оның белгілері – эмоциялық тұрақсыздықтың ӛршуі, отбасынан ересек баланың кетуіне байланысты жалғыздық сезімінің пайда болуы, уайымшылдық. Егер некеге түскеннен кейін шамамен 3-4 жылдан соңбаланың ӛмірге келетінін ескерсек, 3-7 жылдық некенің хронологиялық аралығы кішкентай нәрестелік және ерте сәбилік жастағы балалары бар отбасы кезеңімен, яғни отбасылық жүйенің түбегейлі ӛзгеру кезеңімен (ата-ана жауапкершілігін алу, жас ананың кәсіби немесе оқу іс-әрекетінен шеттеуі, ерлі- зайыптылардың үйренген ӛмір салтына, қарым-қатынасына, бос уақытқа шектеу қоюы, отбасының материалды жағдайының тӛмендеуі) байланысып жатыр [Кратохвил]. Сондықтан отбасының қайталанып отыратын дағдарыстары отбасы қызметі мен құрылымының ӛзгерістеріне байланысты.
Дағдарыстың басталуының екінші «стандартты» уақытша аралығын
«жеткіншек балалары» бар отбасы кезеңі және ересек балалардың отбасынан бӛліну кезеңі қамтиды. Сондықтан, отбасының ӛмірлік циклінің аса айқын кӛріністері ерлі-зайыптылардың ата-ана қызметін бастауымен, балалар тәрбиелеуімен және оны тоқтатуымен байланысты.
Нормативті дағдарыстармен қатар, отбасының ажырасу, ерлі-зайыптының біреуінің кӛзге шӛпсалуы, отбасы құрамының ӛзгерісі (баланың тууына қатысты емес), бала асырау, түрлі себептерге байланысты ерлі-зайыптылардың бірге тұра алмауы, жасӛспірім қыздың жүкті болуы,қаржылық қиындықтар т.б. сияқты жағдайлардан кӛрінетін нормативті емес дағдарыстары жайында да
айтуға болады. отбасының нормативті емес дағдарыстарын тудыратын стрессорларды аса күшті және созылмалы деп екіге бӛледі.
Аса күшті стрессорларға жатады:ерлі-зайыптының біреуінің, ата-ананың біреуінің немесе баланың қайтыс болуы;ерлі-зайыптының біреуінің кӛзге шӛп салуы; отбасының дамуының әлеуметтік жағдаятында күрт ӛзгеріс (әлеуметтік статустың ӛзгеруі, отбасының материалдық жағдайының ӛзгеруі); отбасы мүшелерінің біреуінің ауыр созылмалы аурумен сырқаттануы.
Ұзаққа созылатын стрессорлар «тамшы тас теседі» принципі тәрізді әсер етеді және қолайсыз тұрмыстық және материалдық жағдайлар; жоғары эмоциялық күйзеліс және кәсіби іс-әрекетте айтарлықтай созылмалы жүктемелер; тұрмыстық жүктемелер; тұлғааралық коммуникацияның бұзылуы және ерлі-зайыптылық, сонымен қатар бала-ата-аналыққатынастарда жанжалдың ұзаққа созылуы сияқты факторлардан тұрады.
Сонымен қатар отбасылық ӛмір стереотипінің ӛзгеруі және қиындықтардың еселене түсуі («соңғы тамшы» эффектісі) де айтарлықтай күшті стрессогенділігімен ерекшеленеді.
Отбасының стрессогенді факторларға қарсы тұра алуынан оның ұйымшылдығы, бірлігі, стресске қарсы әрекет жасайтын ішкі және сыртқы ресурстары кӛрінеді. Кездейсоқ дағдарыстық оқиғаның пайда болуы отбасы жүйесінің үйлесімділігің бұзылуына әкеледі әрі жаңа жағдайға бейімделуді талап етеді. Дж. Сандлер бойынша мұндай бейімделудің психологиялық механизмі отбасының бұрынғы мінсіз бейнесіне қол жеткізуден бас тартып, оны шындыққа жанасатын жаңа идеалға ауыстыруы. Отбасының индивидуация үрдісі отбасын қалыпты дамыту, кедергілерге тӛтеп беру арқылы болашаққа ұмтылдыру шарты ретінде әрекет етеді.
Отбасы дамуының ӛмірлік циклінің жас кезеңдерін бӛлу ӛлшемі басты оқиғалар болып табылады, олар – отбасылық сюжетті құрайтын отбасы мүшелерінің ӛзара әрекеттесу кезеңдерінен тұрады. Аталған әрбір оқиға ӛзінің мақсатымен, түрімен және жанжалымен ерекшеленеді. Отбасылық сюжеттің келесі кезеңдері бӛлінеді: 1) балалық шақ және қалыптасу кезеңі; 2) ата-ана отбасынан ересек балалардың бӛлініп, кетуі; 3) серіктес таңдау, оның кӛңілін табу; 4) жаңа ерлі-зайыпты жұп құру; 5) ата-ана болу және «әке» және балалар» қатынастарының дамуы; 6) ақырғы кезең, ата-ананың ӛмірден озуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет