Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет9/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Некеге дейінгі кезең (некелік одақтан тыс жас бозбала немесе бойжеткен) немесе «монада уақыты». Бұл тұлғаның эмоциялық және экономикалық дербестілікке жететін, ӛзі және ӛз тағдыры үшін жауапкершілікті қабылдау, ата-ана отбасынан Менніңэмоциялық бӛліну кезеңі, тұлғаның автономизациясы, еркіндік алуы; тұлғааралық қатынастар интимділігінің, ұнату және қарсы жыныспен тұлғааралық қатынаста сүйікті болу қабілетінің дамуы, некелік серіктесті іздеу (Э.Эриксон бойынша); тұлға Менінің мамандық алу және экономикалық тәуелсіздікке жетуі арқылы қалыптасуы.
Бұл кезеңде болашақ отбасының дамуы мен оның қызмет етуі аталған міндеттерді шешу табыстылығымен анықталады. Егер міндеттер шешілмесе, олар кейінге қалдырылады да олардың шешімі отбасының дамуының келесі кезеңдеріне ауысады, бұл отбасы қызметінің нашарлығын кӛрсетеді.
Некеге отыру, жаңа отбасылық жұп құру немесе «диада уақыты». Бұл кезеңде некеге отыру негізінде жаңа отбасылық жүйе құру жоспарланады және
ортақ отбасылық құндылықтар және отбасы құрылысы келісіледі; отбасының басшысы және кӛшбасшысы анықталады;рӛлдер бӛлінеді, ерлі-зайыптылар оларды орындауға жауапкершілік алады; отбасының қаржылық-экономикалық статусы анықталады; отбасылық бюджет ұйымдастырылады; отбасының территориалды мәселелері (мекен мәселесі) шешіледі; бос уақыт ұйымдастырылады; отбасы ӛміріне үйрену ретінде ерлі-зайыптылардың неке- отбасылық бейімделуі жүреді; отбасылық «Біз» санасы қалыптасады; болашақ отбасына қатысты ортақ ұстаным белгілі болады; негізгі ӛмірлік мақсаттар жоспарланады; кең отбасымен (ата-аналармен және ерлі-зайыптылардың әрбір туысқандарымен) қатынастар орнатылады.
Отбасының ӛмірге тӛзімділігі және оның болашағы жаңа отбасылық жүйенің қалыптасу міндеттерінің шешілу табыстылығына байланысты болып келеді. «Мен және Сен» қатынастарының орнына жаңа сападағы «Біз» қатынасы саналы ұғынылады. «Бал айының» аяқталуы бұрынғы жақын қатынастардың және махаббат сезімінің қайта құрылуын, яғни осы кезеңдегі міндеттердің бірігіп шешілуін білдіреді. Жас отбасы осындай жағдайда болғанда ғана стресс ықпалдарына айрықша сезімтал әрі тӛзімді болады.
Некенің бұзылуына кӛбіне отбасының ӛмірлік циклінің осы кезеңдегі міндеттерін дұрыс жүзеге асыра алмауы, оларды жас жұбайлардың шешуге психологиялық дайын еместігі, әсіресе ата-аналарға эмоциялық, мінез- құлықтық, құндылық тәуелділігінің сақталуы, жас отбасының экономикалық дербестілігінің болмауы т.б. себепші болып жатады.
Жас жұбайлардың ерлі-зайыптылық ӛмірге дайындыққа бастамалық кӛрсетуінің маңызды кезеңі олардың ата-ана отбасының автономиясы негізінде кең отбасымен қатынастардың жаңа жүйесін орнату міндеттерін шешуі болып табылады.
Некелік бейімделу жас жұбайлардың симпатия, махаббат, достық және ӛзара құрмет тәрізді жағымды сезімдер негізінде бірлескен ӛмірге біртіндеп бейімделу үрдісі ретінде қарастырылады. Некелік бейімделу мыналардан тұрады: 1) жаңа некелік-отбасылық рӛлдерге және келісілген рӛлдік іс-әрекетке бейімделу; 2) жұбайының қажеттіліктеріне, ӛмірлік құндылықтарына, қызығуларына және ӛмір стиліне бейімделу; серіктестің жеке-типологиялық ерекшеліктеріне, мінезіне және тұлғалық қасиеттеріне бейімделу; 4) серіктесінің кәсіби қызметіне бейімделу; 5) серіктестердің сексуалды бейімделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет