физика пәнінің мұғалімі Кенжеғалиева Сауле Капсултановна
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының екінші деңгейлі сертификат иегері, әдіскер, тренер Коучинг жоспары
Тақырыбы: "Білім сапасын арттыру жолдары"
№
Мақсаты
Әдіс-тәсілі
Ресустар
Күтілетін нәтиже
Рефлекция
Уақыт
1.
"Білім сапасын арттыру жолдары"тақырыбына назар аудару
Оқыту , бақылау дағдыларын дамыту.
Сабақ кезінде жиналған мәліметтерді талқылап, оны сабақты жақсарту, білім сапасын арттыру үшін қолдану және мұғалімдерге нұсқау беру
«Тобыңды тап» стратегиясы
«Аялдама»
және
"Бес саусақ""
стратегиясы
Компьютер,
стикер
маркер
қоңырау
постер плакат
магнит слайд-презентация
Білім сапасын арттыру жолдарын анықтау
Оқушыларға оқу мен ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қою
Білім сапасын арттыру жолдарын анықтау үшін бірігіп жоспар жасау
Бір топ мүшесі сабақты жүргізіп, қалғандары оқушылаардың оқуы жөнінде мәлімет жинайды.
Сабақ кезіндегі алынған мәліметті талдап, оны білімді жақсарту үшін қолдану және жалпы нұсқаулықтарды жинақтау
Мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілді пайдалана отырып, кәсіби дамуын жетілдіру, өз тәжірибесінде қолдана білуіне көмектесетінін біледі.
Кері байланыс
"Бес саусақ"
стартагиясы 1.Мұғалімнің оң сәттері
2.Оқушының оң (жақсы) жақтары
3.Сабақ кезеңдерінен қандай өзгерістер енгізуге болады?
4.Күтілетін нәтиже қандай?
35 минут
Сессия бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық ахуалын туғызу
Топқа бөліп аламыз. Топтар: "Бастауыш", "Гуманитарлық" және "Жаратылыстану"
Көтеріңкі көңіл күй орнату үшін «Сергіту сәтін» және «Тобыңды тап»» стратегиясын ұйымдастырамыз.
"Тобыңды тап» стратегиясы арқылы өз топтарын музыка ойнап тұрған кезде топтарын тауып алады. Бір-бірімен амандасып, жақсы тілектер айтады.
Ұйымдастыру кезеңі
Сапалы білім беру-Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс”
Н.Ә.Назарбаев
Мұғалімдер өзара бірлесіп,ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, топ ережелерін естеріне түсіреді. Қалай түсінгендері туралы бір-біріне айтады. жұппен, топпен жұмыс жасайды. Презентацияларын қорғайды.
Тапсырма №1
Тапсырма №2
«Аялдама стратегиясы»
Еліміздің ертеңі- -бүгінгі мектеп қабырғасынан білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Қазіргі сабақ-сындарлы оқыту теориясы.
ХХІ ғасыр- қазақстандық жаңашыл, зерттеуші мұғалімнің инновациялық қызметінің ғасыры Ол-жүктелген әрі сенім білдірген тапсырмалардың ойдағыдай орындалуы
1.“Бастауыш”тобына: Сапалы білім беру дегеніміз не?
2.“Гуманитарлық”тобына: Білім сапасын арттыруәдістері
3. “Жаратылыстану” тобына: Инновациялық оқыту-сапалы білім берудіңкепілі
Бастауыш білім беру жүйесіндегі білім сапасын арттыру тәсілдері(технологиялары) және маңыздылығыне береді?
Гуманитарлық пәндер бойынша білім сапасын арттырудың тиімді әдістері және нәтижесі не береді?
Жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасын арттырудың жолдары және тиімділігі қандай?
Бұл жолы мұғалімдер ең алдымен№1 тапсырманы орындады. Содан соң №2 тапсырманы топ мүшелерінің ішінен жекелей, топпен және жұппен презентация арқылы қорғады. "Аялдама" стратегиясы арқылы бір-біріне өз ойларын айта отырып, ортақ пікірге келді.
Мұғалімдер берілген тапсырманы орындай отырып, сапалы білім беру, білім сапасына арттыру әдістері, инновациялық оқыту-сапалы білім берудің кепілі туралы өз ойларын білдірді.Сол сияқты бастауыш білім беру жүйесіндегі, гуманитарлық, жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасын қалай арттыруға болатындығы туралы да талқыланды. №3 тапсырма бойынша қазіргі сабақ пен дәстүрлі сабақты салыстыру, білім сапасын арттырудың мониторингісін қалай құруға болады? Білім сапасын арттырудың сипаттамаларына не жатады? тақырыптары төңірегінде сөз қозғалды. Постер құрып, презентациялар қорғады.
Түйінді идея
Білім сапасының 4 сипаты:
Білім –құндылық. Білім- жүйе .Білім-үдеріс. Білім- нәтиже Нәтиже туралы тоқсалсақ: оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қарастырылып, дамытатын өмірлік дағдылар, компетенциялар. Ал күтілетін нәтижелерге бағдарлап оқытуда меңгерілген білім белгілі бір іс-әрекет барысында жүзеге асырылады. Олай болса, барлық жағдайда ақпараттар алынады, ол жеке тұлғаның біліміне айналады, білімді меңгеру кезеңдеріне бөлінгенде ғана оны қабылдау сапалы меңгеру де жүзеге асады.
Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушылар мен ата-аналардың тығыз ынтымақтастығынан тұрады.
А.Байтұрсынов: “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді...” деген гой. Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.
Мониторинг әдісі: тестілеу, сауалнама алу, бақылау, іс-әрекетті бағалау, болжамдау, т.б.с.с
Сабақтың негізгі мақсаты- оқушыларға білім мен тәрбие беру.
Сабақтағы басты тұлға-мұғалім. Сондықтан сабақтың сапасы, ең алдымен мұғалімнің теориялық біліміне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Мұғалім- сабаққа дайындалған кезде оның алдында :
“Не үшін оқытамын?”
“Нені оқыту керек?”
“Қалай оқыту керек?”
“Ненің көмегімен оқыту керек?”
“Нәтижені қалай тексеру, көру керек?” деген сұрақтар тұрады.
Соңғы 10 жылдықта Қазақстанның білім жүйесіне қазақстандық авторлардың оқыту технологиялары кеңінен тарала бастады.
Мұғалімдерге жаңа технология туралы түсінік беріледі. қажеттілерін қойын дәптерлеріне түртіп алады.
Кіріспе, жаңа материалмен бірінші танысу, ұғым, түсінік, анықтамалардың қалыптасу, қайталау,кіріккен, конференция, дәріс, семинар, вебинар,экскурия, панорамалық, шығарамшылық, концерт, ашық ойлар, тренинг, аукцион, диспут, пікірталас, сынық,кеңес, саяхат, қорыту, тексеру, аралас , жаңа білім беру, жүйелеу, практикалық, эврика, білім мен іскерлік пен дағдыны бақылау, жинақтау, практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары жататындығы тағы бір сәт естеріне түсіреді.
Рефлекция
"Бес саусақ"
стратегиясы
Бас бармақ: Менің бүгінгі коучинг кезінде денсаулығым қандай болды?
Балан үйрек: Мен бүгін кімге көмектестім?
Ортан терек. Менің бүгінгі көңіл-күйім
Шылдыр шүмек: Мен бүгін қандай мәселе қозғадым, қандай жетістіктерге жеттім?
Кішкентай бөбек: Болашақта қандай әдіс-тәсілді қолданамын ...
Мұғалімдер бүгінгі "Білім сапасын арттырудың жолдары" тақырыбында қандай мәселелерге басты назарды аудару керектігі, кімге, не жайында көмектескендіктері, көңіл-күйлері, болашақтағы қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы стикерге жазып,"Бес саусақтың" суретін шығарады.