1.Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі:
А) Шығыс пен Батысты байланыстырды В) Оңтүстік пен Солтүстік байланыстырды С) Оңтүстік пен Шығысты байланыстырды D) Батыс пен Орта Азияны байланыстырды E) Солтүстік пен Батыс елдерді байланыстырды.
2.Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған:
А) Қарлұқ қағанаты В) Қарахандықтар мемлекеті С) Үйсін мемлекеті D) Соғды елі E) Оғыз мемлекеті
3.Жібек жолының басы басталатын аймақ:
А) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені В) Янцзы өзені аймағы С) Қытайдың батыс аймағы D) Қытайдың Орталық аймағы E) Қытайдың Солтүстік аймағы
4.Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:
А) б.з.б ІV ғасырдың басы В) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы С) б.з.б. V ғасырдың басы D) б.з.б. І ғасырдың ортасы E)б.з.б. VІ ғасырдың басы
5.Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:
А) қытай немесе болгар бұрышы В) қызанақ С) пияз D) сәбіз E) орамжапырақ
6.Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:
А) Византия В) Соғды С) Үндістан D) Иран E) Жапония
7.Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:
А) Қытай В) Византия С) Жапония D) Үндістан E) Орта Азия
8.Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:
А) Отырар В) Испиджаб С)Түркістан D) Тараз E) Талғар
9.Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:
А) б.з.б. ІІ ғ.басы В) б.з.б. ІІ ғасыр С) б.з.б. ІІ ғ.ортасы D) б.з.б. ІІ ғасырдың соңы E) б.з.б. ІІІ ғасыр
10.Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:
А) 13 жылдан кейін В) 15 жылдан кейін С) 10 жылдан кейін D) 18 жылдан кейін E) 5 жылдан кейін
11.Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар:
А) жібек В) бағалы аң терісі С) алтын D) күміс E) гауһар тастар
12.Қазақстанның Оңтүстік-Шығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы:
А) Тараз В) Шелек С) Құлан D) Сүмбе E) Жетісу
13.Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік–шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші:
А) Рубрук В)Сюань-Цзянь С) Клоусон D) Диц E) Томсон
14.XIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға:
А) Сауданың төмендеуі В)Тауарлардың жетіспеушілігі С) Монғол шапқыншылығы D) Салықтың көбеюі E) Тонаушылықтың күшеюі
15.Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:
А) Монғол шапқыншылығы В) Жібектің жетіспеушілігі С)ХVІІ ғасырдан бастап теңіз жолдарының ашылуы
D) әлеуметтік-экономикалық байланыстың нашарлай бастауы E) тауардың жетіспеушілгі
16.Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:
А) Иран шахына В)Орыс патшасына С) Түрік қағанына D) Византия императорына E) Сирия билеушісіне
17. Сығанақ қаласынан Ақсүмбеле арқылы шығатын тармақ Қазақстанның қай бөлігіне барды?
А) Солтүстік Қазақстан В) Орталық Қазақстан
С) Батыс Қазақстан Д) Шығыс Қазақстан Е) Оңтүстік Қазақстан
18. Испиджаб қаласынан сауда жолы неше тармаққа бөлінеді?
А) бір В) екі С) үш Д) төрт С) бес
19. Арал теңізінің солтүстік жағынан жағалай өтіп, қай қалаға бағыт алды?
А) Ақсүмбе В) Жанкент С) Сауран Д) Сығанақ Е) Отырар
20. Испиджаб қаласынан шыққан Ұлы Жібек жолының бір бағыты қай қалаға бағытталды?
А) Шаш В) Сайрам С) Сығанақ Д) Бесбалық Е) Басқамыр