Құсу — ойық-жара ауруының екінші классикалық симптомы. Құсу жеңілдік алып келеді, құсық массасы құрамында қышқыл асқазан сөлі құрамы, қорытылмаған тағам массасы, кілегей, қан ұстамдары кездеседі.
Қыжылдау - төс артының күйдіріп ауру сезімі 70-80% науқастарда кездеседі. Ол гиперсекреция мен асқазан сөлі қышқылдарының жоғарылағанын білдіреді. Қыжылдау тамаққа дейін, тамақтан кейін немесе еш нәрсеге байланыссыз болуы мүмкін. Науқастар сода ішуге мәжбүр болады.
Қыжылдау - төс артының күйдіріп ауру сезімі 70-80% науқастарда кездеседі. Ол гиперсекреция мен асқазан сөлі қышқылдарының жоғарылағанын білдіреді. Қыжылдау тамаққа дейін, тамақтан кейін немесе еш нәрсеге байланыссыз болуы мүмкін. Науқастар сода ішуге мәжбүр болады.
Кекіру - өңештің кардиальді сфинктерінің жетіспеушілігі мен асқазанның антиперистальтикасы нөтижесінде дамиды. Кекіру ауамен немесе аз мөлшерде қышқыл тағамнан болады, иіссіз. Сасық иісті кекіру —ахилия мен асқазанда шірікті процесс кезінде болады.
Жүрек айну мен құсу асқорытудың шыңында спастикалық және рефлекторлы сипатта қатты ауырсыну кезінде болады. Сонымен қатар жаңа құсулар жедел жара ауруында болады. Қүсқаннан кейін науқастар жеңілдік сезінеді. Құсық массасы құрамында жаңа қабылданған тағамдар, қышқыл асқазан сөлі кездеседі.
Жара ауруы кезінде науқастардың асқа тәбеті төмендейді, бірақ олар аз мөлшерде қабылдауға тырысады. Қайталанып ауырсыну үстамалары, сілекей ағу, қүсу нервті-психикалық бүзылысқа алып келеді. Көптеген науқастарда невростения клиникасы және психостения дамуы мүмкін. Науқастар қозғыш, ашуланшақ, қоршаған ортаға адекватты емес, ұйқысы бұзылады.
Клиникалық көрінісін ішек функциясының бүзылысы толықтырады: іш қату, көбісінде «құмалақ» төрізді үлкен дәрет, кейде іш өту болады.Үлкен деретте қан араласуы мүмкін, қара май тәрізді. Ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну (Менделъ симптомы).