Острый живот. Острый аппендицит: осложнения, особенности течения, ошибки диагностики и лечения


Клиникалық көрінісі мен диагностикасы



бет9/21
Дата03.08.2022
өлшемі6,91 Mb.
#147931
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Клиникалық көрінісі мен диагностикасы

  • Балаларда көбінесе жедел, ал ересектерде жедел асты түрі кездеседі. Аурудың жедел түрінде кенеттен басталып кейде энтеритта немесе іш өткізетін дәрілерді қабылдағаннан кейін басталады. Басты симптомдары – жедел, толғақтық ауырсыну. Олар ішектің перистальтикасы қатты жиырылуымен және оның босаңсуымен қоса бір жиілікте өтеді. Ішті қараған кезде айтарлықтай перистальтиканы байқаймыз.
  • Диагнозы негізінен толғақтық ауырсыну, пальпация кезінде іштің оң жақ бөлімінде шұжық тәрізді түзілімдер, қанды нәжіс триадасымен сипатталады.
  • Емі – операциялық, науқастың стационарға түскеннен кейін алғашқы екі сағат арасында.

Динамикалық ішек өтімсізділігі

  • Ішек өтімсізділігінің бұл түрін ішектің моторикалық функциясын реттейтін нейрогуморальді жүйенің бұзылуы шақырады. Паралитикалық ішек өтімсізділігі перистальтиканың толық болмауы бұлшық еттің қабатының тонусының әлсіреуімен өтеді. Ішек газ тәрізді және сұйықтыққа толы.

Этиологиясы:

  • Паралитикалық ішек өтімсізділігі іш қуыс ағзаларының қандай да бір аурулары мен травмалардың асқынуынан дамиды. Перитониттің барлық түрі паралитикалық ішек өтімсізділігінің симптомдарына әкеледі.

Клиникалық көрінісі мен диагностикасы

  • Негізгі симптомдары ауырсыну, құсу, нәжіс пен газдың шықпауы, іштің кебуі. Ауру негізінен тұйық, керіп тұрғандай болады, нақты иррадиация мен локализация орындары жоқ.
  • Емі: комплексті, консервативті. Науқастарға асқазан мен 12 елі ішекті жиі катетордың назогастральді түрімен Миллер-Эббот зонды арқылы декомпрессия жасап отыру қажет.

Спастикалық ішек өтімсізділігі

  • Бұл ішек өтімсізділігінің сирек кездесетін түрі. Ішектегі заттар бұлшықеттердің спазмына байланысты өтпей қалуы.
  • Этиологоиясы: ішек өтімсіздігінің бұл түрі ағзаның ауыр металдармен, никотинмен, уремиямен зақымдалған кезде туындайды. Спазм ұзақтығы бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет