Ішек бұрауына бейім түрі Туа пайда болған немесе жүре пайда болған шажырақайдың тым ұзын болуынан Тыртықтар жүре және туа пайда болған ішек байламдарының жабысуы Жедел түрде арықтау нәтижесінде шажырақай жапырақшаларының арасында майлардың жоғалуы Жүре пайда болған түрі
Алиментарлық факторлар (уақытында тамақтанбау, ұзақ уақыт аш болып, құрғақ тамақты көп жеу.
Кеуде қуысында кенеттен қысымның көтерілуінен ішек байламдарының араласуы
Ішектердің түйіншектелуі (nodulus intestini ) шажырақайларлар қан тамырларының ауыр бұзылысымен және тоқ ішек пен жіңішке ішектің көп көлемді микрозымен сипатталады. Түйіннің пайда болуына аз дегенде ішектің екі ілмегі қатысады. Ішек ілмектерінің бірі двухстволка түрінде өзінің щажырақайымен ось түзіп, екінші ілмек те өз шажырақайымен біріншіні айландыра бір немесе бірнеше орам жасап, бірінші ілмекті қысады, сонымен қоса өзі де странгуляцияға ұшырайды. Әдетте ол жіңішке және мықын ішектер. Көп жағдайларда жіңішке ішек пен сигма тәрізді ішек арасында немесе жіңішке ішек пен соқыр ішек арасында.
Ішек түйіншектелуі деп болжамдау жіңішке ішектің клиникалық және ренгенологиялық көрінісі тоқ ішектің өтімсізділігімен қатар жүргенде болады.
Емі – хирургиялық. Бастапқы сатысында түйіншектерді шешу, кейінгі сатыларында тоқ және жіңішке ішектердің көп көлемдерінің резекциясы.
Болжам. Жиі сәтсіз, летальдылық 25 пайыз.
Ішектің инвагинациясы (invaginacio intestini)
Инвагинация – жоғарғы жатқан ішек бөлімі төменде жатқан бөліміне енуімен сипатталатын ішек өтімсізділігінің түрі (төмен түсуші инвагинация). Ішектің керісінше бағытта енуі (өрмелеуші инвагинация).
Этиологиясы. Енуші ішекте қандай да бір патологияның болуы (ісік, гемотома,ісікті инфильтрат) олар өз кезегінде перстальтикалық қысқартулар әсерінен ішек саңылауымен дистальді бағытта жылжып өзімен ішектің қабырғасын ертіп, соның салдарынан басқа ішекке енеді.